Сәбидің тұсауын қандай адам кескен дұрыс?

0 дауыс
19.3k қаралым
Тұсауды қандай адамдар кеседі.Толық мәлімет жазсаңыздар.(rofl)
Жалпы сұрақ

3 жауап

+1 дауыс
тұсауды салт бойынша аяқ қолы жеңіл, көпке силы, танымал адамдарға кестірген, мынау бір тұсау кескен әженің жыры:

Айналайын балам, өзің қандай сүйкімді едің. Тіл көзім тасқа.
Бөпеміз қаз тұрыпты,
Алға қадам басуға,
Тәй-тәй болып жүріпті,
Асулардан асуға.
Маған тұсау кестіріп,
Жатқандардан бұйрық сол;
Мені жүйрік депті жұрт
Менен асқан жүйрік бол.
(әже қолына ала жіпті алып жатып)
Ала жіппен тұсайын
Аружанның аяғын
Тұсау жібін кесейін
Жасап баба ырымын.
Сағат сайын есейіп,
Шапқыласын құлыным
Аяқтары талмасын
Айналайын, алтыным.
(аяғын байлайды. Қолына қайшысын алып, тұсауын кеседі.)
Қаз-қаз бала, қаз балам.
Қадам бассаң мәз болам.
Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың.
Алға қарай баса бер,
Асулардан аса бер.
Ала жіппен тұсайын
Аружанның аяғын
Тұсау жібін кесейін
Жасап баба ырымын.
Сағат сайын есейіп,
Шапқыласын құлыным
Аяқтары талмасын
Айналайын, алтыным.
Алға қарай баса бер,
Асулардан аса бер.
Белгісіз
Сәбидiң тұсауын әйел, ер адам немесе нағашы, жиен кесу керек деген сияқты ырымдары жоқ па? Сосын тұсау кескен соң сәбидiң аяғындағы жiптi қашанға дейiн алмайды?
Ер мен әйел айырмашылығы жок, тек жүрісі жылдам, адамдарға кестірген, тұсау кесудің басты мақсаты сәбидің аяғын тез басып кетсін деген ырымнан шыққан. ал жіпті сол кезде аяғына тағады да қайтадан алып тастайды. жіпті кесккен соң сәбиді  жетектеп жүргізіп кетеді.   көшпелі қазақтар тұсауды ала жіппен,жөргем екеуін араластырып өріп істеген. бұл қазақтың жатқанға жан жумайды, жүргенге жөргем ілінеді деген ырымынан шыққан.
0 дауыс
Баланың тұсауын əкесі
0 дауыс
Оз  акеси озинин баласынын тусауын кесуге болама
127,680 сұрақ
322,222 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы