+1 дауыс
2.6k көрілді
Тұсауы кесілген бала мен тұсауы кесілмеген балада не айырмашылық және қандай өзгерістер болуы мүмкін?Өзіңізде немесе туған-туыстарыңызда осы сияқты жағдай болды ма ?Тұсауы кесілмеген сондықтан осындай немесе ырымдар бар ма?

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Үнемі сүрініп, шалынып, бірдеңеге соғылып жүретіндерге "Тұсауың кесіліп пе еді өзі?" деп қалжыңдап жататын. Тұсау кесу адамның бойына қандай да бір өзгерістер әкеледі деп ойламаймын. Алғащ қадам басып жүргеннен бастап баламыз біреудің ала жібін аттамайтын ізгі адам болсын деп аяғын ала жіппен байлап, тұсауын кескен адамға тартқан салиқалы адам болсын деп елдің құрметіне бөленген адамға кескізген. Жай ғана, ата-ананың баласының жақсы адам болуын қалауынан, болашақта жолында ешқандай кедергі болмасын деген ізгі ниетінен туған ізгі дәстүр ғой)
0 дауыс

Тұсау кесу – бала тәй-тәй басқанда жасалатын думанды дәстүр. Ел арасында «Тұсауы кесілмеген бала көп сүрінеді, жығылады» деген наным бар. Тұсау кесу дәстүрі қыз балаға да, ұл балаға да жасалады. Жақсы ниетті ырымдарға сай шөппен, ала жіппен, малдың тоқішегімен тұсау кеседі.

Қазіргі кезде көпшіліктің қатты қателесетін бір жері бар. Ол — қайшымен кесу. Қазақ халқында қайшылану жақсылықтың белгісі емес. Сондықтан «баланың өмірі қайшыланып қалмасын» деген ниетпен тұсауды қайшымен емес, пышақпен кескен.

Бала жүре бастаған кезде кішігірім той жасап, тұсау кеседі. Тойға келген тұсау кесер тойына сыйлықтарымен, шашуларымен келеді. Дастарқан жайылып, көрші-қолаңдар, әйелдер, қыз-келіншектер жиналады. Тұсау кесетін баланың аяғына байлайтын жіпті тұсау кесер әйел дайындап алып келеді. ал тұсау кесетін әйелді баланың әке-шешесі таңдайды. Беделді, жасы үлкен, балалы-шағалы әйелге жүктейді. Ол әйел шамасына қарай бағалы сыйлық береді. Кей жерлерде баланың басынан аяғына дейін жаңа киімдер кигізіп, әкелген сыйлығын ел көрсін деп тұсауын кесіп ортаға жібермей тұрып кигізіп қояды. Бұрынырақта тұсауы кесілетін балаға ат пен ер тоқым сыйлаған. Қазір олардың қажеті шамалы болғандықтан баланың қажетіне жарар ойыншық, киім-кешек сыйлап жатады.

Тұсау кесуші көпшіліктің алдында даярлаған сыйлықтарын беріп, «Жүйрік бол!», «Шауып кет!» т.б. тілектер айта отырып, баланың аяғына байланған тұсауын кесіп жібереді. Тұсауы кесілген соң сәбиді екі адам екі қолынан ұстап, ортаға алып шығып, тез-тез жүргізеді. Осы кезде «Тұсаукесер» жыры айтылады.

Жіпті ақ, қара жіптермен өріп, еркін байлауға жететіндей етіп дайындайды. Ақ пен қарадан есіп жасалған ала жіп «біреудің ала жібін аттамасын» деген жақсы ниетті білдіреді.

«Бай болсын» деген ниетпен жасыл шөптен жасалған арқанмен ырымдап тұсау кеседі. Ал малдың тоқішегімен тұсау кесудің сыры «тоқ болсын» деген ниетте жатыр.

Тұсау кесер тойында өлеңдер айтылып, қонақтар тілектерін тілейді. Тұсау кесер тойына арналған көпке мәлім әннің бірі мынау:

Қаз-қаз балам, қаз, балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін.
Қаз-қаз балам, қаз, балам,
Тоқымыңды жаз балам,
Қадамыңды қарайық,
Басқаныңды санайық.
Қаз-қаз балам, жүре ғой,
Балтырыңды түре ғой.
Тай құлын боп шаба ғой,
Озып бәйге ала ғой,
Қаз баса ғой қарағым,
Құтты болсын қадамың.
Өмірге аяқ баса ғой.
Асулардан аса бер.
Жүгіре қойшы құлыным,
Желбіресін тұлымың,
Елгезек бол, ерінбе.
Ілгері бас шегінбе.

Тұсауын кескен әйелге әке-шешесі ризашылығын білдіріп, сыйлықтарын, киітін береді. Кейбір жерлерде тұсауын кесетін балаға тұсау кесетін әйел аяқ киім немесе бастан аяқ киімнен бір тоғыз етіп жасап алып келеді. Шамасы келіп жатқандар сол жастағы балаларға арналған үлкен ойыншық сыйлайды.

<!--End Share Buttons http://sbuttons.ru -->

Рахмет, мен тұсау кесу дәстүрінің сипаттамасын сұрағаным жоқ!
...