0 дауыс
1.3k көрілді
заң түрінде қабылданатын салт-дәстүр

1 жауап

0 дауыс
Қазақ халқында көптеген қазақ дәстүрлері болған. Ежелден келе жатқан дәстүрімізді ата бабамыз сақтап, ұрпақтан  ұрпаққа жалғастырып келген. Халқымыздың ата дәстүрін, әдет ғұрыптарын білу қажет деп санаймын. Менің отбасымда қазақтың салт-дәстүрін сақтаймыз. Себебі менің атам, әжем үлкен адамдар, олар бізге барлық қазақтың ата дәстүрлерін үнемі түсіндіріп айтып отырады. Мысалы: шашу шашу, сүндетке отырғызу, бесікке салу, беташар, тұсау кесу сынды. Ал, дәстүрлі ойындарға асық ойнау, арқан тарту, ақсүйек, аударыспақ.

Дүние жүзінде қазақтың дәстүрі сияқты, ата-бабалары салған сары жолы, бұлжымас заңы бар. Қазақ халқы дәстүрді қатаң сақтаған. Мысалы жеті атасын білмеген адам қазақ емес деп ойлаймын.

Өйткені, жеті атасын білу, қазақтың әдет ғұрпын білу отбасындағы тәрбиелікке үйретеді.Мен көріп білмегенмен үлкендердің айтып түсіндіруі бойынша менің жетінші атам Күштік, алтыншы атам Босқын, бесінші атам Сүгір, төртінші атам Төлей, үшінші атам Досқали, екінші атам Заки, әкем Ғалымжан. Халқымыздың әдет ғұрып пен дәстүрін, тарихын біліп, оны қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің айналдыру әрбір адамның азаматтық парызы.Қазақ халқының наным-сенімін жете зерделеген ғұлама Ахмет атамыз «Құдайдан кейінгі қорқатыным, қазақтың дәстүрінің бұзылуы» — деп айтқан.

Салт — дәстүр – ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани және мәдени азық. Біздің халқымыз өз ұрпақтарын қасиетті салт — дәстүрмен, өнегелі әдет — ғұрыппен, ырым — тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс жолға түсірмей тәрбиелей білген. Б. Момышұлы «Мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен жауынгерлік қасиетті тәрбилеуде ұлттық дәстүрдің маңызы зор екеніне көзім жетті» деп жазады. Бұдан отаншылдық, ерлік, батырлық, жомарттық, адамгершілік қасиеттердің бәрі салт — дәстүр арқылы даритынын түсінуге болады. Яғни, салт — дәстүр адамды адастырмас тура жолмен жүруге, жөн — жосықты біліп, үйренуге және өмірде қолдануға үгіттейтін мызғымас заң іспетті десек те болады.
Әрбір қазақ ұлттық салт-сана, дәстүр, әдет, әдептен аттап өтпейді. Және оны берік ұстайды, жас ұрпаққа үйретеді. Ұлан-ғайыр даланың заңдылығын сақтай отырып,  мәдениет пен ізгі қасиетке толы ата дәстүрімізді көздің қарашағындай сақтап келген. Қазақ халқы бастарына қандай да қиындық тумасын ата дәстүрімізді сақтаған, әлі де сақтап келеді.

Қазақ елі  — қуанышын көпшілік жамағатпен бөлісе білетін, бір – бірін қолдаған  қасиетті халық.

Сондықтан қазақ халқы кішкентай қуанышына шашу шашып, жиған-тергенін тойға беретін пейілі кең, дархан халықпыз. Шашуды кез келген қуаныш тойларда шашады.

Туған-туыс, жекжат-жұрағатына ат шаптырып, атойлатып өткізетін тойдың бірі  — сүндет той. Бұл тойға әсересе ұл баланың әжелері ерекше дайындалған. Сүндеттелген балаға «Сүндет жейде» кигізген. Баланың жарасы жазылғанша киетін кең әрі ұзын етіп тігілген арнайы жейде. Мұнда да үлкен тазалық пен әдептілік жатыр. Сүндетке жол-жорығын білетін, қолы жеңіл ауылдың қожа молдалары отырғызылған.

Бесікке салу – бұл кішігірім той ретінде өтеді. Бесікке салуды көпті көрген,  тәжірибелі әжеге жүктеледі. Бесікті түбегімен, жабдығымен кіндік шеше алып келеді. Бесіктің түбегі орналасқан жерден  кішкене пісірілген бауырсақтар мен кәмпиттерді өткізіп балаларға таратады. Оны «тыштырма» деп айтады. Осы жерде жиналған аналар бесік жырларын айтады.

Тұсау кесер – бір жасқа толып еркін жүре бастаған бал бөбектің басқан қадамы құтты болып, тілек білдіру салтанаты ретінде өтеді. Бөбектің тұсауын ата-ананың қалауымен кеседі. Тұсауы кесілген баланы «Ақ жол болсын» деп ақ орамалдың үстімен немесе жұмсақ болсын деп кілем үстімен жүргізеді.

Беташар — қазақтың келін түсіргенде жасалатын салтының бірі. Шымылдық ішінде отырған келіннің басына орамал жауып, той өтіп жатқан үйдің ең жақын, үлгілі келіндері екі жағынанқолтықтап алып шығады. Орамалдың теңге түйілген ұшын домбыраның мойнына не таяқтың ұшына байлап, жырау беташар жырын бастайды. Ол шаңыраққа жаңа түскен келінге ата-енесін, үй-ішін таныстырады, қандай туысқандық жақындығы бар екенін, беделін, қадір-қасиетін шебер тілімен жеткізіп, әрқайсысына жеке-жеке сәлем жасатады.
...