+1 дауыс
7.4k көрілді
Барлық қазақстандықтар Тараз қаласы жайлы не ойлайды екен?
2000 жылдық тарихы бар киелі де көне кала ма? Әлде, Қазақстан бойынша криминалдық жағынан алғашқы орындағы қала ма?

24 жауап

+4 дауыс
Меніңше 2000 жылдық тарихы бар киелі де көне кала. Маған ұнайды Тараз, адамдары да.
+2 дауыс
мен дым билмейм, Тараз туралы , тек шуский есірткі сиякты бірдеңе естігенім бар еді, алде шегетін ба, сондай мен айгілі емес па? бурын мектепте окып жургенимде, спортсмен бір бала сонда жарыска  барып, шегетін бирдене акелип, друг-кластастарымнын таласкандары бар еди.... кателеспесем....
+9 дауыс
Менің ойыма Тараз дегенде табиғаты ең қолайлы, әсем қала түседі басқасын білмеймін
+7 дауыс
Криминал барлық өңірде бар, тек Тараз халқы аз шағын ғана қала болған соң білініп қалады. Негізі өте керемет, тап-таза қала.  Тарихи ескерткіштерге бай, қыдыруға болатын, көретін жері мол қала.
Ой рахмет,өз қалаң жайында жақсы лебіздер есту қандай тамаша!
Тараз шағын қала емес, халық саны 380 100, екі Ақтау қаласы болады немесе Атырау мен Қостанайды қосқанда бір Тараз болады.
+6 дауыс
Таразым, тамаша қала! Табиғаты әсем, жері сулы да нулы.  Бір жағынан Талас өзені,екінші жағынан Аса өзені ағып жатыр. Асанқайғы бабамыз айтқан "Таяқ тастасаң  тал болып көктейтін"- деген мекен осы. Күннен күнге өсіп,құлпырып келеді. Қойнауы тола қазына, Қарахан баба, Айша бибі, Бабаджы хатун, Шығыс моншасы, т.с.с. XII-IX ғасырлық көне ескерткіштерге бай қала. Халық саны да аз емес 400000-нан  әлдеқашан асқан, республиқада өз орны бар қала. Акбакай алтын кен комбинаты, Қазфосфат сияқты алып, Бүкіл Қазақстан өнімін тұтынатын "Жамбылгипс", Қаратау кен байыту комбинаты, Атақты "ПОШ" фабрикасы, өнімін алыс- жақын шетелдер тұтынатын "Жамбылцемент" кәсіпорыны т.с.с. кәсіпорындары бар. Майда-шүйдені айтпағанда бұрыннан аты мәлім,түлектері еліміздің түкпір-түкпірінде халқымызға қызмет етіп жүрген Тараз технологиялық университеті, Тараз педогокикалық университеті  сияқты оқу орындары бар.Міне Таразым осындай қала.
Керемет жауап
келісемін)) Көбі ойлайды "Тараз-криминалдың ортасы" деп... Сіздерге сондай шығар, бірақ өздеріңіз Таразға келіп бірнеше апта болсаңыздар ойларыңыз өзгерер))))
Таразда криминал жоқ, бұл стереотип 90-ы жалдары қалыптасып қалған. Бір өкініштісі Тараз оңтүстік қалалар арасындағы орысшалау қала (.
+3 дауыс
Тараз- менің туған жерім!!!!)))))))) туған жерге жететін не бар десейші)))))))(sun)
+3 дауыс
Тараздың ежелгі замандардан қазіргі кезеңге дейінгі бай тарихы бар қала
+4 дауыс

Тараз қаласының сүреттері. Қала тынысы:

 

+2 дауыс
Мен Тараз қаласында туып өскенмін, жалпы Тараз өзіме өте қатты ұнайды, Тараздың 2000 жылдық тарихы бар екені бәріне де белгілі, дегенмен көп жаңартуларды қажет етеді, мен де өз Қаламның Астана, Алматы қалалары сияқты өркендеп , жайқалып тұрғанын қалаймын
+2 дауыс
Мен көрген Тараздың қыздарының бәрі шетінен көрікті. Оңтүстік өңірде орналасса да тараздықтар көбінесе орысша араластырып сөйлейді. Соған қарамастан салт-дәстүрді жақсы сақтайды. Аздап мақтаншақтау боп келеді, өзінде бардың бәрін көрсеткісі кеп тұрады. Алайда өздеріне жоғары талап қояды, алған бетінен қайтпайды.
+1 дауыс
Тараз қаласы менің ойымша әдемі,көрікті қала.
+2 дауыс
Тараз кішкентай қала емес, Қарағандыдан кейінгі 5-ші қала саналады.Тараз маған ұнайды,өйткені әсем қала Алматы мен Шырайлы  Шымкенттің ортасында тұр,яғни болашағы зор.Шымкентке дейін 1-2-сағаттық жол. Оңтүстіктегі осы 3 қалада 6-7 миллионға жуық халық тұрады,бұл көрсеткіш бүкіл Қазақстанның халқының жартысына жуық.Тараздықтардың бір минусы орыстары жоқ болса да орысша сөйлеуге көп әуестенеді,сол жағы ұнамайды.Мысалыға: Алматыда, Шымкентте орыстар көп оларды түсінуге болады.Тараздың барлық тұрғындарының саны 350 мың болса,Шымкент қаласында тұратын жоқ деген орыстардың саны 450 мың екен,қазақтардың саны көп 600 мың болғандықтан орыстар онша байқалмайды.
+1 дауыс
Тараз дегенде тек қана көне тарихты, ежелгі, ескерткіштері көп қаланы елестетемін.
+1 дауыс
Мен Таразды 2000 жылдық тари хы бар Киелі қала деп ойлаймын
–3 дауыс
Тараз өте ескі киелі қала. Әрі ең бұзық қала ретінде де танымал. Ешкім барып ол жерге оқымайды.
...