0 дауыс
437 көрілді
Сіз балгерлерге сенесіз бе?Және естігенім бар еді.Оларға ондай қасиет Алладан беріледі деп.Алладан берілсе онда шын ашқаны ма балды?Және балгерлер арғы дүниеде осы қылығы үшін ,бал аштырған мұсылман қауым Құдайға серік қосқаны үшін жазаланады емес пе?Түсінбедім сонда.Алладан сондай қасиет келсе балгерлерге ,олар сол қасиетті іске асырғаны үшін жазаланады ма сонда.Бұл әділеттілікке жатпайды емес пе?

7 жауап

+1 дауыс
Өз басым балгерге барып көрген емеспін және де көп сене бермеймін  әрине шынайы балгерлер барғой!!! бірақ базарларда көшеде әйтеуір құмалақтарын  жайып жіберіп отырадығо бірақ көшеде отырып бал ашқан балгерлерге сенбеймін.Олар жай ақша жинап алатындар.Бірақ кім білсін?Бірақ мен солай ойлаймын.
–1 дауыс
Балгер немесе құмалақшы немесе карта ашушы, бұларға құдайдың өзі аруақ береді деп естігем, мен өзім карта ашушыларға сенем!!!
+1 дауыс
балгерлерге еш сенуге де, баруға да болмайт. Ол өте ауыр күнәлардың бірі.
0 дауыс
қарсы сұрақ қояйын, жұлдыз жорамалына сенесің бе және неге?
әрине сенбеймін.Тек Бір Аллаға сенемін.Оған сенетін болсаң ырымға сенгендей күй кешесің ғой.
Балгерлеріңде сондай психологиялық тәсілдерді қолданады.
ал сенің "Оларға ондай қасиет Алладан беріледі" дегенің жалған, ертеректе олардың мейілінше дұрыс болжауларын олардың шайтандармен байланысы болуымен байланыстырылған.
ал қазір осы сөзді айтып жүргендер және біздің осындай сөздерді естуіміздің негізгі себебі діни сауатымыздың аздығы. егер халықтың діни сауаты мықты болса шайтанмен байланысып адасып жүрген адамдардың сөздеріне сенбес еді.
0 дауыс
Олай емес Құранда осы турасында аяттар кездеседі. Бақара сүресі 102 аят.
 (Олар Тәуратты қойып) Сүлейман (Ғ.С.) ның патшалығы заманындағы шайтандар оқыған (сиқыр) ға ілесті. Сүлейман (Ғ.С.) қарсы келмеді. (Сиқыр жасамады.) Бірақ шайтандар, адамдарға сиқыр үйретіп, кәпір болды. Олар Бабылда «Һарұт, Марұт» атты екі періштеге түсірілгенді үйретті. Ол екі періште: «Біз сынақ үшін келдік, қарсы болмаңдар» деп айтпайынша ешкімге үйретпеген. Сонда да олар, екеуінен: Ер-әйелдің арасын айыратынды үйренетін еді. Олар, Алладан бұйрықсыз ешкімге зиян бере алмайды. Олар өздеріне зиян келтіретін, пайда бермейтін нәрсені үйренетін еді. Расында олар оны айырбастап алғанға (Алланың кітабының орнына сиқыр үйренгенге) ақиретте несібе жоқтығын білді. Олар, өздеріне нендей жаман нәрсе сатып алғандықтарын білген болса еді. (102)
0 дауыс
НЕГІЗІ БАЛГЕРЛЕР МЕН КУМАЛАКК АШТЫРУГА БОЛМАДЫ, ОГАН СЕНГЕН АДАМНЫН 40КУНДІК НАМАЗЫ КАБЫЛ БОЛМАЙДЫ...
кім айтты сізге оны?)) намаз оқитын оқымайтын болсын болмайды болды. Үлкен күнә
ия улкен кунә, негізі кұранда оларга сенген адамнын 40 кундік намазы кабыл болмайды делінген, ол ягни сіздін 40 кундік тілегінізде, ниетінізде кабыл болмайтындыгы...
Құранның қай жерінде?
0 дауыс
Аса қамқор ерекше мейірімді Аллаһтың атымен!
Аллаһ бізге Ислам дінін жіберді, барлық адам осы дінді ұстануы керек. Ал балгерлер Исламнан хабарсыз жүрген адамдар. Аллаһ елшісі салла-Ллаху аляйһи уа салам айтты.
Адам дәретсіз ұйқыға жатқандықтан оны түнде шайтандар мазалайды. Аллаһ елшісі салла-Ллаху аляйһи уа салам: *"Кім мені түсінде көрсе өңінде де көреді, себебі шайтан менің кейпіме ене алмайды"*-деген.
  Шайтан басқа кез-келген адамның кейпінде ене алады екен. Ал оның түсіне бұрынғы өткен ізгі адамдардың кейпінде енеді де (мыс:Қожа Ахмат Яссауй,т.б. озі танитын емшілер болып та енуі мумкін) оған менің аруағым саған қонады деп алдай бастайды. Сосын оған сиқыр үйретеді(біреулер оны емшілік деп ойлайды), болашақты болжап құлағына сыбырлайды. Ал расында ол болашақты білмейді. Аллаһ елшісінен  салла-Ллаху аляйһи уа салам бір сахаба: *"я Аллаһтың елшісі, көріпкелдер де кейде рас айтадығо"*-дейді.
Аллаһ елшісі салла-Ллаху аляйһи уа салам: *"Періштелер бірінші көкке түсіп жердегі адамдар туралы айтып жатқанда, шайтандар бірінің үстіне бірі шығып олардың әңгімесін тыңдайды да, бір шындыққа жүз өтірік қосып адамдардан болған достарына сыбырлайды, періштелер оларды көрсе отты тастар лақтырады* ( біз аспаннан жұлдыз ақты деп айтып жүргеніміз, періштелердің шайтандарға тас лақтыруы).  Сен балгерлік Аллаһтан беріледі деп естідім дейсің,естігеннің бәріне сене беруге болмайды. Аллаһ құранда айтады:
“Егер айтқандарың рас болса, дәлелдеріңді келтіріңдер!” де» (әл-Бәқара сүресі, 111-аят).
Балгерлік Аллаһтан беріледі деп жүргендер сөздерін дәлелдесін. Егер балгерлік шынымен Аллаһтың берген қасиет  болса Аллаһ құранда айтуы керек едіго. Және егер сол балгерлер егер Аллаһқа мойынсұнып Ислам дінімен жүрсе, өлген адамдар тірілердің түсіне кіре алмайтынын білер едіде, шайтандарға алданбас еді. Олар Исламды түсінбейді және түсінгісі де келмейді. Ал енді олардың адасқанына және басқаларды адастырғанына Аллаһ кінәлі ме ?!
" Раббың ешкімге әділетсіздік қылмайды"(кәһф сүресі, 49 аят)
Аллаһ құран түсірді, елшісін жіберді біз адаспасын деп. Кім Аллаһты сүйсе тура жол іздейді.
...