+1 дауыс
723 көрілді
Мен сұрагымды басқа мағынада жазған едім. Мен кызыммен ұрысып қалдым. Ал қыз менімен ұрысып қалгған соң бұрынғы жігітіне қайтып барған жылап. Таң атканға дейін бұрынғы жігітімен бірге жатып шығыпты. Таң атканға дейін мені жамандапты бұрынгы жігітіне). Ертесі күні біліп қойдым бұрынғы жігітімен жатып шыққанын. Акыл бар ғой, қазіргі кезде ақылмен көре білу керек. Қалай біліп қойганымды түсіндіріп отырмаймын. Түсіндіру үшин көп уақыт керек. Кейін қызға барып бетіне қарап "Пошел на ..." дедім. Қазир сенбеймін қыздарға. Жаксы қыздар да бар, бірак ешкімге сенбеймин...
Сұрақтың жабылу себебі: Mm

2 жауап

+2 дауыс
<span style="background-color: #ffff00">"Егер еркек әйелдерді жамандай бастаса, демек ол бір ғана әйелге тиесілі" деп еді бір көп жасағыр философ. Сол айтқандай, менде бір жігіттен көңілім қалып "жігіттерде намыс жоқ" десем қалай болар еді? Шыныменен солай деген болсам, демек менің ақымақ болғаным ғой. Мына жерде де сен ақымақсың! Адамның жақсы-жаманын ажырата білмегенің үшін қыздар кінәлі емес, сондай-ақ, қызды ғана кінәлай берме, кінә өзіңде де бар. Негізінде қандай адам болмасын, ол қандай болса айналасына сондай адамдар үйірсек келеді, "адамды жолдасына қарап таны" деген, соған қарап сенің де сол қыздан айырмашылығың шамалы-ау. Ақылды болсаң қалайша адасып жүрсің?</span> "Ақыл бар ғой, қазіргі кезде ақылмен көре білу керек"  <span style="background-color: #ffff00">депсің,  есті болсаң түсініп аларсың.... Көзіңмен көріп, қолыңмен ұстамағаннан кейін қалайша сеніп жүрсің бұрынғы жігітінің қасында болғанына, оның бетіне айтқаның да қателік, сонымен қатар сенің ессіздігің ғана байқалады. Намысың бар болса дәл бұлай сұрақ қоймаған болар ең-ау... қайдам...</span>
.
.
.


<font color='red'>p. s. Сайт заңын ескере отырып жоғарыда тұрған [FAQ-Көмек][1]ті оқып шығуыңызды сұраймын. Сонымен қатар бұл сайтта таза қазақ тілі және қазақ әріптерімен жазуыңызды ескеремін. Сұрақ қоярда Ілмектерді - ажырату үшін (,) үтір қолданылады: деген жерді бос қалдырмауыңызды сұраймын, жәй ғана емес қатты сұраймын. Өзге қолданушылардың да назарына.....</font>


  [1]: https://surak.baribar.kz/faq
Көркем, сіздің жауабыңызды оқып, сөздің шыны керек аң-таң болып отырмын. Адамды аса көктеп, ессіз, ақымақ дегеніңіз қалай?! Бір жазған сұрағына қарап, қалайша ол адамды сөгуге кірістіңіз.
    Бұл жігіттің ашу үстінде жазғаны көрініп тұр. Бірақ, ол сізге оны ақымақ не болмаса ессіз деп айтуыңызға жол бермейді.
    Ал сізге айтарым, ашуға бой алдырмай барлығын ойлап, саралауыңызды сұраймын. Сіздің қызыңыздың қандай екенін білмеймін. Ең біріншіден барлық нәрсенің анық, қанығын біліп алған жөн болар. Мүмкін, бұрынғы жігітімен араларында ештеме болмаған да шығар. біреуді жайдан жай қаралап, өзіңізге күнә алмаңыз. Және де өзіңізде де қара көз қарындастарыңыздың бар екенін ұмытпаңыз. Ол қыз да біреудің қарындасы, апайы, алақанына салып өсіріп отырған қызы. Ашу дұшпан, ақыл дос. Ақылыңа ақыл қос дегім келеді.
Неге осы соңғы айтылған мақалды сұрақ қоюшыға айтпайсыз? Әлде ол сана-сезімнен жұрдай ма? Шынымды айтайын мен түк те ашуланғаным жоқ. Мен мысал келтірдім. Менің жауабымды талқыламас бұрын сіз оның сұрағын жақсылап оқыңыз, және ілмекке назар аударыңыз. Жігіттерде намыс жоқ деген болсам онда сіз "бес саусақ бірдей емес" дер едіңіз, сол сияқты ол да көпке топырақ шашпасын. Мен қыз баламын сондықтан да қыз балаларды кемсіткені маған да тиеді.
Сондай-ақ, сайтта пікір таласққаннан гөрі неге өзіңіз де жауап жазбайсыз, түсінгіш болсаңыз? Менің жауабымды талқылап дұрыс не бұрыс деуге міндетті емессіз ғой, сосын мен көпке топырақ шашқаным жоқ.
Қанша айтсақ та шындықтың ащы екені рас қой,....
0 дауыс
Ашуға бой алдырмай барлығын ойлап, саралауыңызды сұраймын. Сіздің қызыңыздың қандай екенін білмеймін. Ең біріншіден барлық нәрсенің анық, қанығын біліп алған жөн болар. Мүмкін, бұрынғы жігітімен араларында ештеме болмаған да шығар. біреуді жайдан жай қаралап, өзіңізге күнә алмаңыз. Және де өзіңізде де қара көз қарындастарыңыздың бар екенін ұмытпаңыз. Ол қыз да біреудің қарындасы, апайы, алақанына салып өсіріп отырған қызы. Ашу дұшпан, ақыл дос. Ақылыңа ақыл қос дегім келеді.
Рас, сіз ол қыздың қандай екенінен хабарыңыз жоқ, сонымен қатар сұрақ қоюшыны да танымайсыз.....
...