Аллаһтың атымен.
Алғашында намаз 50 сағат болмаған. күніне 50 уақыт намаз оқу парыз болған, ол жөнінде анық хадис бар. бірақ ол хадис ұзақ, сізге қысқартып жеткізейін.
Аллаһ елшісі салла-Ллаху аляйһи уа салам: "Кейін Жәбрейіл алейһиссалам мені *Сидратул-Мунтаһаға* алып барды. Аллаһу та’ала күніне 50 уақыт намаз оқуды парыз қылды. Хазреті Мұсаның жанына келгенімде 50 уақыт намаз парыз қылынғанын айттым. Раббыңнан азайтуын сұра, үмметің әлсіз, бұған күші жетпейді, мен бұдан бұрын адам ұлдарын сынап көргенмін тәжірибем бар деді. Мен Аллаһтың алдына барып азайтуын сұрадым, Аллаһ парыз намаздардың санын 45 ке азайтты, Қайтадан Хазреті Мұсаның жанына келгенде ол әлі көп екенін айтты. Осылайша бірнеше рет Раббымның хұзырына барып азайтуын сұрадым. Содан күніне 5 уақыт намаз парыз болды. Мұса бұл әлі көп тағы да азайтуын сұра деді. Бірақ мен "енді Аллаһтың алдына баруға ұялам" деп айттым дейді."
Бірақ Аллаһ мейірімді намаздың сандары азайғанмен сауабы азайған жоқ, күніне 5 уақыт намаз оқысақ 50 уақыт намаз оқығанмен бірдей сауап аламыз!
Аллаһ жақсырақ біледі!