0 дауыс
695 көрілді
Мен намаз оқуға ниетім бар бірақта мен волейболға қатысамын жарыста форма қысқа киюге болама или қалай,сосын 5 уақыт намаз емес басында үйренгенше таң намазын ғана оқыса болама)

1 жауап

0 дауыс

Намаз оқитын және жалпы нағыз ниеті түзу мұсылман әурет жерлерін жауып жүруге міндетті. Спорттағы Мұсылман қыздар форма ішінен денесін жауып тұратын киім киіп алатынын көргенмін. Ал толық немесе бастапқыға тек таң намазын оқуға келсек нақты маман былай депті, 

-–Менің намаз оқығым келеді. Бірақ оған жұмыста мүмкіндік жоқ. Сондықтан тек таң намазын ғана оқуға бола ма? Жалпы таң намазы мен бес уақыт намаздың айырмашылығы неде?

Гүлжан ЖАНТАСОВА,
Түркістан қаласы

Қайрат ЖОЛДЫБАЙҰЛЫ, ҚМДБ-ның Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі:

—Намаз – өте көп орындалатын құлшылық және Исламның бес тірегінің екіншісі. Балиғат жасына жеткен, ақыл-есі дұрыс, ер және әйел мұсылманға әр күні бес уақыт намаз оқу Құранда парыз етілген. Таң намазы – бес уақыт намаздың алғашқысы. Мұнан кейін бесін, асыр, ақшам, құптан намаздары боп жалғасады. Бұларды толық орындау – мұсылманның ең маңызды міндеттерінің бірегейі. Бүгінде тек жұма намазын, яки бес уақыт намаздың кейбіреулерін ғана орындап жүргендер бар. Оған да шүкір дейміз. Әрине, оларға түсіністікпен қарау керек. Дей тұрғанмен Алланың үкімін ешкім бұза алмайды. Яғни, тек қана таң намазын орындасаң болады деген кесімді пікір айтып, ешкім рұқсат бере алмайды. Ол әр пенденің иманының беріктігіне байланысты жүзеге асады.
Әйел кісіге бес уақыт намаз – парыз. Алайда, жұма, айт, жаназа намаздарына қатыспаса да болады. Әйелдерге намазда азан айту, қамат түсіру шарт емес. Сонымен қатар әйелдердің өздеріне тән жағдайларда намаз оқымайды. Сол уақыттар арасында оқылмаған намаздарының қазасы өтелмейді. Ал намаздың шарттары мен талаптары ер мен әйелге яғни, баршаға ортақ.

 https://alashainasy.kz/interested/tan-namazyin-gana-okuga-bola-ma-62295/
 

...