+3 дауыс
26.7k көрілді
Бей уақытта неге ұйықтауға болмайды? Ұйқым келіп отыр?

6 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Егер адам көп уақтыттай ұйықтамайтын болса, менімше тамақ пен су жетіспеушіліктен гөрі ертерек о дүниеге аттанып кетеді.

Ұйқы -  адам ағазасына, денсаулығына, ішкі психологиялық сезіміне үлкен рөл атқарады.

Сондықтан ұйқымыз келген уақытыңда 5-10 мин ұйықтап /ұйқылы ояу/  алуымыз керек деп ойлаймын.
+3 дауыс
Көшеге шығып серуендеп келуге болады
+2 дауыс
бей уақыт деген күн батып жаткандағы уакыт па. ата-аналарымыз себебін айтпаса да "болмайды" деп ескертіп жатады. негізі кун батып жаткан, каранғылық түсіп жатқан уакыт жындардың көп жүретін кезеңі. бұл уакытта ұйықтамаған, сыртта көп жүрмеген дұрыс.
+2 дауыс
"Болмайды" деген кей тыйымдардың артында аят пен хадистерден тыю жатады. Мысалы, пайғамбарымыз екінті намазынан кейін ұйықтамауды жөн көрген.
0 дауыс
Күн батқанда емес, күн батар сәтте, бейуақытта ұйықтауға болмайды. Яғни Екінті намазының уақытынан Ақшам уақыты кіргенге дейін. Себебі бұл сәт ауысым кез, яғни жер бетіне періштелер мен жын-шайтандардың бір тобы түсіп, енді бір тобының көкке көтерілер кезі. Бұл уақытты мәкруһ уақыт деп атайды. Бұл уақытта екінті намазының парызынан басқа намаз да оқылмайды. Бұл уақытта екінті намазынан басқа намаз оқуды Абу-Ханифа раxимаһулла "таxриман мәкруһ" деген,яғни xарамға жақын мәкруһ. Мәкруһ деген - нақты xарам болмаса да адам баласының сауабын азайтаты амал.Сол себепті бұл уақытта ұйықтаған адам жайында Пайғамбарымыз (с.а.у.) Аср (екінті) уақытында ұйықтаған адам, аман-есен оянғанына қуансын, деген.
0 дауыс
Бір Сахах хадисте күн батқанда жер бетіне жын-шайтандар жайылатындығы айтылады.Қазақта мұны "іңірде шайтан көшеді" деп түсіндіреді.Бкйуақытта ұйықтамаудың бір мәні осы
...