0 дауыс
маған өлеңдері керек!
10.02.2012 10.2k қаралым

2 жауап

0 дауыс
міне сіз үшін Барлық өлеңдері http://www.adebiet.kz/index.php?option=com_chronocontact&Itemid=23&authorid=81
10.02.2012
+1 дауыс
Тойымсыз нәпсі, тұрақсыз дүние
Өлеңді жазған: Шәкәрім Құдайбердіұлы
2008-03-12
Өлімнің хақ екенін көрсең де,
Өлместей омыраулап, шатасың.
Тозақтың барын біліп жүрсең де,
Күнәға, әлің келсе, батасың.

Сауап көп ғибадатта десең де,
Жалығып, жалқауланып жатасың.
Адалдың адал ризқын жесең де,
Арамды әдейі іздеп татасың.

Сыртыңды сыланасың өң беріп,
Ішіңнің түзетпейсің хатасын.
Айла мен алдағанды жөн көріп,
Адамды аң орнына атасың.

Жалғанның бір пайдасын көргенде,
Арланбай арыңды да сатасың.
Аллаһтың ақ өлімі келгенде,
Амалсыз қара тастай қатасың.
10.02.2012
raxmet sizge jibergeruwi

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы