0 дауыс
113k көрілді
Еңлік-Кебек поэмасындағы Кебек бейнесі қандай?

9 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Шәкәрім «Еңлік−Кебек» арқылы қазақ поэзиясындағы психологиялық поэманың негізінқалады. Бұл, әсіресе, Еңлік бейнесі арқылы өз иірімін тауып жатады.
 Өз тағдырын қосар теңінің таңдауын таба алмай жүрген Еңлік қыз Кебекпен кездескенсәтте-ақ берік байлам жасап, нақты шешімге келеді. Ақылды ару өз бақыты да, қасіреті деқұдай айдап кез келтірген осы батыр жігіттің қолында екенін көкірек көзімен көріп, жүрекпернесімен сезінеді. Сондықтан да тағдыр тартқан сыйдан айрылмауға ұмтылады. Қазақсалтында жоқ әрекетке барып, жігітке өзі сөз салады. Бұл батыл әрекет Кебекті жеңіл ойға жетелегенмен, Еңлік өз шешімінің шын астарын жайып салғанда, аңқау батырдың асаусезімін ноқталап тастайды. Еңліктің алғашқыда өрескел көрінер қадамының психологиялық дәлелдеулері өте нанымды.
 − Ей, батыр, сен жатырсың ұйқың қанбай,
 Мен жүрген бір сорлымын бағым жанбай.
 Көрінгенге көз сүзген көрсеқызар,
 Әдепсіз қыз дейсің ғой әлдеқандай.
 Өз әлімше сынадым мен де сені,
 Сен қалай деп ойладың, айтшы мені?
 Қыздан сорлы бола ма бұл жалғанда,
 Кез болмаса өзінің сүйер теңі?
 Еңлікті әлгіндей әрекетке итермелеген «көрсеқызарлық» емес, өзінің бостандығын,азаттығын, адами еркіндігін қорғау жолында қандай қиындыққа болса да шыдас беруге бекінген шынайы шешім, күреске бел байлаған түпкілікті тұжырым. Себебі:
 Рас, құдай жазбаса бітпес жұмыс,
 Сүйтсе де бізге міндет талап пен іс.
 Әрекетсіз отырмақ дұрыс болса,
 Неге берген аяқ-қол, тіл менен тіс?
 ...Талап қылмай бола ма құтылуға,
 Оттан қашып, кірсем де терең суға.
 Пәледен машайық та қашқан жоқ па,
 Қайтіп разы болайын берген уға?
 Міне, Еңлік бойындағы күресшілдік рухтың психологиялық дәлелі осында жатыр.
Еңлік − тағдырдың ағысына қарсы жүзген жан. Ол − Кебек батырдың алғашқы сәттегішолақ ойдан туған арзан ойынының құлы емес, керісінше кеудесіне нан піскен, кердеңжігіттің өмірді өзгеше түсініп, сезімнің ұлы күшін мойындатуға бет бұруына жөнсілтеуші. Яғни аңғал батырдың ақылына жолбасшы, сезіміне көшбасшы. Олар кездескентүннен екі жастың тағдыры өзгеше бір арнаға бет бұрады. Бұл поэмадағы Еңлік жасарерліктің алғашқысы еді. Бойындағы қыз балаға тән ұяңдықты еркіндігі үшін жеңдіріп,батыл қадам жасаған Еңлік енді ештеңеден жасқанбасы анық. Міне, осыдан бастап рет-ретімен Еңліктің кейіпкер ретіндегі табиғаты ашыла береді. Оқиға өрбуінің әрбір жаңаөріске бет бұруы Еңлік бейнесін толықтырып, жаңа қырларын алға тартып отырады. Екі ғашықтың елсіз тауға қашуы да осы Еңліктің бастауымен іске асады. Бұл Еңлік бойындағы қайсарлықтың екінші көрінісі еді.
 Түнеугі айтқан уағда қайда,
 Кел кетелік, кідірмей осындайда.
 Азық-түлік, киерлік киімдерім,
 Дайындап әкеп қойдым, мына сайда.
 Шәкәрім сомдаған Еңлік бейнесіне тән күрескерлік қасиеттің көрініс табар үшінші біртұсы − қолға түскен сәттегі жауларынан саспай, өлімді қаймықпай, қасқайып қарсы алуы.Тағдырдың салғанына көнбей, бас азаттығы жолындағы күреске бет қойған Еңлік езбенөткізген өмірден, сүйгенімен қатар жатар өлімді артық санайды. Сондықтан да қорқу,жауына жалбарынып, жалыну секілді сезімдер Еңлік бойынан табылмайды. Ол «өлердегі тілек бар еді еді ғой, құдай үшін, берсеңдер мен сұрайын» деп, өзін өлімге қиғанқаныпезерлер үкімін жасқанбай да жасымай қабыл алады. Осы соңғы эпизод Еңлік бейнесін сомдауда Шәкәрімдей ақынның кейіпкерінің ішкі бітімін ашу арқылы тұтастұлғасын жасауға ұмтылатындығының бір көрінісі.
 Кебекпен мені азғана араздастыр,
 Өлген соң бірге қосып таспен бастыр.
 Мына бала − Тобықты баласы ғой,
 Мұны өлтірме, Кеңгірбай биге тапсыр.
 Осынау үш тілекте Еңлік бейнесіне тән бүкіл болмыс көрініс тапқан.
0 дауыс
Кебек кимге келип бал аштырады
0 дауыс
Оте оте тамашао
0 дауыс

«Еңлік-Кебек» – екі жастың махаббатын жыр ететін шығарма. Еңлік пен Кебек туралы хикаялар оқиға болған 18 ғасырдан бастап ел арасына кең тараған. Бүгінде жыр түрінде жеткен «Еңлік – Кебек» дастанының екі нұсқасы белгілі. Оның біріншісі – 1912 жылы Семейдегі «Жәрдем» баспасынан жеке кітап болып жарық көрген, Абай ұсынған тақырып бойынша Шәкәрім жазған «Жолсыз жаза яки кез болған іс» деген шығарма да, екіншісі – Мағауия Абайұлы жазған «Еңлік – Кебек» дастаны. Шәкәрім нұсқасы 1988 жылы қайта жарық көрді. «Бұл әңгіме - 1780 жылы шамасында осы Шыңғыс тауында Матай мен Тобықты арасында болған іс. Шариғатта әкесінің атастырғаны жас қызға неке есепті десе де, өзге дүниелік пайдасын ойламай, жалғыз ғана қызының қамын ойлап берер дегені. Әйтпесе «жас баланы сатып, пайдаланып, кем-кетікке беріп обалына қал» демейді. Мен соны ойлап, Еңлік-Кебекті соншалық жазалы демеймін»,- деп қара сөзбен бастаған Шәкәрім ақын. Ақын поэмасы адам болмысының қыр-сырынан сыр шертуден басталып, кісі бойындағы достық, махаббат, ақыл-парасат жайлы толғайды. Толғай келе «Ақтабан шұбырынды» заманының кейпін айтып, тарихи оқиғалар мен елдің атажұртынан ауа көшуі, кейін хан Абылай заманында өз қоныстарына бытырай келіп қайта қоныстануы жайлы жырлайды. Онан соң Кебек батырдың ер мінезді, кішіні аялап, үлкенді сыйлайтын ақылды, парасатты ер екені, елі мен жері үшін жаудан жасқанбайтын азамат екені жырланады. Бірде Кебек батыр аңға шығып, бұрқасын боранға тап болып, кеш бата адасып кетеді. Бұны жырлаған ақын: «Бораннан байқай алмай барар бетті, Түн ішінде адасып Кебек кетті. Осы Хақан өзеннің аяғында Қыстаған бір Матайға келіп жетті»,- дейді. Осылайша Кебек батыр Еңлік сұлудың үйіне тап болады. Сол түнде бірін-бірі сынасқан тұста Кебек Еңліктің бақытсыз екенін, басы шарасыздан қортық еркекке байланғанын біледі. Ақын бұл тұстарды ерекше шеберлікпен суреттеп, қыздың ақыл-парасатын, сөз бен жүйеге жүйрік шешендігін дәлелдейді. Бір айтқан сөзге нана салу ер жігітке сын, сондықтан Кебекке де Еңлікті бірнеше рет сынатып, көңілінен шығарады. Бұл тұста ақындық шабыттың нағыз биік үлгісін көрсеткен Шәкәрім ақын екі жас ортасындағы нәзік махаббат, шарасыздық, екі ел ортасындағы бірлік, халықтың надандығы, тағдыр ісі жайлы айтқандарын өте жоғары шеберлікпен суреттеп, поэзияның тым биік, жоғары деңгейдегі үлгісін көрсетеді. Осы кездесуден кейінгі кездерді де, ел ісінің ушығуын, Еңлік пен Кебектің кейінгі тағдырын жүрекке жетер шынайылықпен, суреткерлікпен жеткізе білген. Ақынның позициясы анық аңғарылып отыратын поэмада Шәкәрім екі жастың махаббатын қолдап, елдің ұрда-жық надандығына налып, күйінеді. Халықтың қарабайыр тобырлығы қыршын кеткен екі жастың өліміне себеп болады. Бұл тұстарда ақын тіптен шиыршық атып, буырқана жырлайды.


Толығырақ: https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/22518/

Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз

+1 дауыс
Поэмада баяндалған тарихи оқиғадағы бата бұзу деген сөз қандай мағына береді?
0 дауыс
Кебек он бес жасынан бастап көзге түседі. Ол бәрінен мықты, көзі өткір, қараторы, орта бойлы, тапалдау, кең йықты, ел қамы үшін өлуге дайын болган. Ол соғыс десе құр тұра алмай барлық соғысқа қатысқан.
0 дауыс
Біріншірет естіген кезде шок болдым екуін ужс өлтіріпті
0 дауыс
Көзі өткір,қараторы жігіт

Орта болды,тапалдау,кең иықты.
0 дауыс
Нысан абызға бал аштырады
...