0 дауыс
(e) Алғысым. (Өлең болғанда жыр ғой, тақпақ.)))
10.02.2012 7.9k қаралым

1 жауап

+4 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
құдайдың берген мінезін.
Құлыптап ұстап ішінде.
Өшіру керек ол өзінің.
Өзге адам болу үшін де.
Гамлет боп та ойлайды.
Жүдетіп жұқа жүйкені.
Яго боп та ойнайды.
Өзінен өзі жиркеніп.
Әр роль өзі бір сабақ.
Қояды кейде жынды етіп.
Күлкісі келіп тұрса да.
Біреу боп жылау-міндеті.
Өзін де, көрген елді де.
Есінен мықты тандырып.
Өлетін роль келді ме?
Өлуге тиіс нандырып.
Селқостық көрсе бетінен.
Қояды ел сезіп табанда.
Адамның бәрі шетінен.
Артист боп кеткем заман ба!
Бірқатар жұрттың жартысы.
Қара тер болып жүр босқа.
Бір басқа адам артисі.
Ал артист адам бір басқа.
Қадыр Мырзалиев
10.02.2012
рахмет (сегізәріп)

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,882Жауап
153,169Пікір
72,992Қолданушы