"Күлкісі келіп тұрса да, біреу боп жылау міндеті ..." атты жолдары бар өлеңнің толық мәтінін іздеп ем...Тауып беріңіздерші

0 дауыс
7.5k қаралым
(e) Алғысым. (Өлең болғанда жыр ғой, тақпақ.)))
• Санаты: Қазақ тілі

1 жауап

+4 дауыс
Жақсы жауап
құдайдың берген мінезін.
Құлыптап ұстап ішінде.
Өшіру керек ол өзінің.
Өзге адам болу үшін де.
Гамлет боп та ойлайды.
Жүдетіп жұқа жүйкені.
Яго боп та ойнайды.
Өзінен өзі жиркеніп.
Әр роль өзі бір сабақ.
Қояды кейде жынды етіп.
Күлкісі келіп тұрса да.
Біреу боп жылау-міндеті.
Өзін де, көрген елді де.
Есінен мықты тандырып.
Өлетін роль келді ме?
Өлуге тиіс нандырып.
Селқостық көрсе бетінен.
Қояды ел сезіп табанда.
Адамның бәрі шетінен.
Артист боп кеткем заман ба!
Бірқатар жұрттың жартысы.
Қара тер болып жүр босқа.
Бір басқа адам артисі.
Ал артист адам бір басқа.
Қадыр Мырзалиев
рахмет (сегізәріп)

Ұқсас сұрақтар

127,755 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,779 қолданушы