+1 дауыс
Мен қазіргі күні 10-шы сыныптың оқушысымын. Өзімнің жақсы көретін сұлуыммен айырылысып кеттім. Содан жүрек шіркінге әмір жүрген бе? Сол қызды ойлап қояр емес. Телефонымда оның жазған маржандай хаттары бар. Оларды өшіруге дәтім бармайды. Экс-қызымнан не болғаның білейін деп сұрасам, "мен саған лайық емеспінмен" құтылады. Оның маған лайық болмайтындай ешқандай артықшылығым жоқ. кәдімгі қатардағы оқушымын. Ол қазір басқа бір серінің соңынан қалмай жүрген көрінеді. нақтырақ айтқанда ұзын құлақтан естігенім осы. ҚҰРМЕТТІ, ДОСТАР! не жасасам болады, сендер менің орнымда болсаңдар қалай әрекет еткен болар едіңдер?
09.02.2012 405 қаралым

4 жауап

+1 дауыс
Тағдырдың жазғаны шығар.Енді өміріңнің жаңа парағын ашуға тура келеді...:|
09.02.2012
+1 дауыс
Думан сіздің жағдайыңызды қатты түсінемін,ол қыз  сізді сүймесе не шара,енді өміріңізді жаңадан бастаңыз!
09.02.2012
+1 дауыс
байланысты жойып ұмытуға тырысыңыз
11.04.2012
+1 дауыс
Менің пікірім, оны ақыл деп қабылдасаң да өз құзырыңда. Сүймегенге жалынба, ол қыз сірәбір түсінбейді. Еркіндікке жібер. Бір күні ойлап, ойлап ол дертіңнен де айығарсың. Оған деген сезімің сені босатар. Сен одан да мәз бол. Себебі нағыз махаббаттың қандай екенін түсінесің, яғни жеңіліс таппаған білмес қадірін жеңіс дегенмен іспеттес. Сондықтан оны ұмыту үшін барлық шараларды іздеп, кітап оқып, зерттеп, саралап тарихыңды, болашағыңды шығарасың. Сөйтіп өмірге көзқарасың да, қыздарға қарайтын талғамың да өзгереді. Егер сен өзің жақсы қасиеттерді өзіңе жаратып, жаман қасиеттерді шертіп отырсаң болғаны. Тағы айтарым көзіңді аш одан жақсы қыздар да табылып қалады. Сен бұған сен.
11.04.2012
127,958Сұрақ
322,882Жауап
153,169Пікір
72,992Қолданушы