+3 дауыс
364 көрілді
Неге USB флешканы 2.0 портына тыққанда, компьютер флешканы 2.0 портына тыққан дұрыс деп белгі береді? Онсыз да 2.0 портына жалғанып тұр ғой. Менің компьютерім осылай көп жағдайда шығара береді? Неге олай екенін білмедім!

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Ассалаумалейкум уа рахматуллахи уа баракатух Айдос мырза!!! Сіздің сұрағыңыз өте орынды сұрақтардың бірі деп ойлаймын, себебі көп компьютерлік пайдаланушылар осы мән жайға көңіл аудара бермейді. Сіздің сұрағыңызға нақты жауап беруге тырысайын, бірінші себебі аппараттық болуы ғажап емес, себебі қытай өңдірушілері аналық тақшаға ескі чипсет (микросхема) қоюы мүмкін, ескі чипсеттер usb 2.0 анықтамайды(егерде аналық тақшада usb 2.0 деп жазулы тұрса, bios-тан тексеріңіз, яғни usb 1.1 + usb 2.0 деген функцияны қосыңыз). Екінші себебі программалық болып есептеледі(бұл сирек кездесетін қателіктер жатады). Сізге операциялық жүйеңізге usb-концентраторыңыздың жаңадан шыққан драйверлерін орнатыңыз деп кеңес беремін, яғни аналық тақшаны шығаратын компанияның ресми сайтынан жүктеп ала аласыз. Егерде компьютер және де интернетке байланысты басқа да сұрақтар туып жатса, осы сайтқа сұрағыңызды қоя береңіз жауап беруге әзірміз!!!
рахмет :)
...