+2 дауыс
2.0k көрілді

4 жауап

+1 дауыс
30улы 42 кызы болган дегенди естип едим..
+3 дауыс
30 ұлы 40 қызы болған
+3 дауыс
АБЫЛАЙ ХАН ӘУЛЕТІ. Абылайдың 12 әйелінен 40 қызы, 30 ұлы болған. Ұлдарының бізге белгілілері: Сағындық — Шуақбай атты қарақалпақ бегінің қызы Сайман ханымнан: Уәли, Шыңғыс, Әділ, Есім; Қашқар бегі Кенже сарттың қызы Бабақ ханымнан: Шеген, Рүстем, Оспан, Сыздық, Әбітай, Әбділдә; Қалмақ ханы Қалдан Сереннің туысы Хошу мерген ноянның қызы Топыш ханымнан: Қамбар мен Қасым; Сарғалдақ қожаның қарындасынан: Тоқ, Қосым, Арық; Атығай-Қарауылдың қызы Тоқта ханымнан: Сығай, Тағай, Сүйік, Әли, Құлан, Тоғым; Орыс сұлудан (тұтқын) — Шама; басқа әйелдерінен: Ғұмыр, Байыр, Жәңгір, Сыпатай. Абылай хан 1781 жылы қайтыс болғаннан кейін үлкен ұлы Уәли (1738 — 1819) орнына хан болып сайланды. Уәлидің тұлғасын оның Орынбор губернаторы генерал Рейнсдорпқа (1774 жылы, 2 маусым) жазған хаты аңғартады: “Жоғары мәртебелі сіздің Шынаят мырза арқылы жіберген хатыңызды алдық, тек әкем — Абылай хан орнында болмады, ол қалың қолмен сырттағы жауға аттанған еді, жауымыздың тас-талқаны шығарылғандығы жайлы хабар алып отырмыз. Ал мұндағы елді оның орнына мен басқарып отырмын. Сіздер де қандыбалақ қарақшыны ұстапсыздар (Е. Пугачевті. — редактор), бұл хабарды естіп мен қуанып қалдым. Себебі Ұлы мәртебелі императордың біз жауына жау, досына доспыз ғой!”. Орыс бақылаушысы Чучалов Уәли туралы: “Уәли әкесі Абылай сияқты өркөкірек, алған бағытынан қайтпайтын қайсар, әрі құбылмалы. Ол мені бір-ақ рет қабылдады. Бұл қылығын: “Әкем де Ресей жақтан келгендермен бір-ақ рет кездескен еді,” — деп дәлелдеді” — дейді (Казахско-русские отношения в XVІІІ-XІX веках, А., 1964, 106-б.). 1782 жылы 25 ақпанда ІІ-Екатерина Уәлиді Орта жүздің ханы етіп бекіту туралы әмір еткен грамотаға қол қояды. Сол жылы 2 қарашада Петропавловск бекінісінде Уфа мен Симбирскінің генерал губернаторы Якобийдің қатысуымен Уәлидің таққа отыру және ант беру рәсімі өткізіледі. Уәли хан Ресейдің қазақ хандығында жүргізген империялық қитұрқы саясатына тосқауыл болуға тырысты. Деректер Ресей билеушілерінің ел ішінде ханға наразы күштер болса жасырын қолдап, керек болса ақша да беріп, ұшқынды өртке айналдырып отырғанын айғақтайды. Орта жүздің Кіші жүзбен, Ұлы жүзбен ағайындық, туыстық, мемлекеттік байланыстарын үзіп, араларын алшақтатуға тырысқан. 1781 жылы Ресейде Кіші жүздің ханы Нұралы мен Айшуақ сұлтан тұтқынға алынғанда Уәли хан бұған наразылық білдіреді. Ханның бұл әрекетіне Орынбордың генерал губернаторы барон О.Игельстром төмендегідей жауап береді: “Жоғары дәрежелі хан, Ұлы мәртебелі императрица Сізге тек қана Орта жүзді билікке берді, ал қазақтың Кіші жүзінің ісі, ондағы жағдай Сізге мүлдем тапсырылмаған болатын” (Материалы по истории Казахской ССР, 4-т., М.-Л., 1940, 102-б.). “Аңдыған жау алмай қоймайды” дегендей, Уәли ханның көзі тірісінде 1815 жылы Орта жүзде тағы бір хан сайланады. Ол — Кіші жүздің ханы Әбілқайырды өлтірген Барақ сұлтанның ұрпағы Бөкей еді. Уәли ханның 14 ұлы болған: Ғұбайдолла (Абайділдә), Есім, Тәуке, Ғаббас (Аббас), Жошы, Төрежан, Әбілмәмбет (Мәмке), Хамза, Шыңғыс, Абылай (Әбен), Шеген (Шепе), Әлі (Әлжан), Қанқожа, Бегалы. Ғұбайдолладан Болат, одан Сұлтанғазы (Шоқанның замандасы, Омбы кадет корпусын бітірген, генералмайор) туады. Уәли хан өлген соң оның тұңғыш ұлы Ғұбайдолла хан сайланады, бірақ патша үкіметі бұл шешімді бекітпейді. 1823 жылы қытайлықтар Ғұбайдолланы хан деп таниды. Ресей қазақ хандығын тарату мақсатымен 1822 жылы Жарғы қабылдап, Қазақстанда сыртқы округтер ұйымдастыра бастаған тұста Ғұбайдолла Көкшетау округінің аға сұлтаны болып тағайындалады, оған медаль беріліп, шапан жабуға шешім қабылданады. Ғұбайдолла бәрінен де бас тартады. Туысы — Қасым сұлтанның баласы Саржанмен ойы бір жерден шығып, Ресей империясының қысымына қарсылық көрсетті. 1824 жылы Қытаймен байланыс орнатуға әрекеттеніп жүргенде, сотник Карбышевтің отряды Ғұбайдолланы Баянауылда (90-ға жуық сұлтан-билерімен бірге) ұстайды. Кейін ол Сібірге, Березовкаға жер аударылады. Уәли ханның ұлы Шыңғыс (1815 — 1905) 40-жылдан астам уақыт аға сұлтан болған, полковник, ресми түрде орыс дворяндарының санатына қосылған. Әйелі — Шорман бидің қызы Зейнеп. Шыңғыс пен Зейнептің 7 ұлы, 6 қызы болды, оның атақтылары: Шоқан (Мұхаммед-Қанафия, 1835 — 65), Мақы (Әбіл-Мақыжан, 1845 — 1916), Махмед (Омбы кадет корпусын бітірген, 1849 — 1916), Қозыке (Сақыпкерей, 1854 — 96). Шоқан небәрі 30 жыл өмір сүріп, қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырды. Оның ғылымның әр саласында жазған еңбектері ойының тереңдігімен, тарихи деректерді айшықты талдау-таразылауымен, ұшқыр түйінімен күні бүгінге дейін маңызын жоймай келеді. Шоқанның інісі Мақы талантты өнер иесі — суретші болған. Ол француз суретшісі Лежемен бірге “Орнаменты всех времен и стилей” (СПб, 1890) атты зерттеу шығарған. 1876 жылы Санкт-Петербургте өткен ориенталистердің көрмесінде Мақының қолөнер бұйымдары алтын медаль алды. Ол Саумалкөл, Тораңғұл елді мекендері үшін қоғамдық үйлердің жобаларын жасады. Г.Н. Потаниннің айтуынша: “орыс қоғамында Мақыны құрмет көрсетіп қарсы алады екен, оны биік тәрбиелі жүріс-тұрысы әрі ақжарқын мінез-құлқы үшін жақсы көретін”, (Ч.Ч. Валиханов. Собр. соч., 4-т., А., 1985, 241, 290-б.). Шоқанның тағы бір інісі Қозыке — нәзік сезімді сазгер, Ақан серінің досы болды. Оның шығарған “Керқұнажын”, “Көкшетаудың биігі” т.б. әндері әншілер репертуарынан түспей келеді. Қозыке туындыларының ішіндегі ең асқағы, саздысы әрі әсерлісі — “Топай көк” әні. Оны біздің заманымызға атақты әнші Жарылғапберді жеткізді. Бұл әннің тылсым қасиетін М. Әуезов “Абай жолы” романында шабытпен суреттейді. Шыңғыстың Махмед атты баласы 1916 жылы ұлт-азаттық соғыс кезінде ақтардың қолынан қаза тапты. Абылай ханның ұрпақтарынан аты әйгілісі — Қасым сұлтанның үрім-бұтағы. Қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күресіп, елін, жерін қорғауға бар күш-жігерін, ақыл-ойын жұмсаған, ақыры сол жолда жанын қиған Абылай ханның ұлы Қасым және оның балалары Саржан, Есенгелді, Кенесары һәм Наурызбай болды.
0 дауыс

Деректердесолай айтылған....

...