Қазақта "жеті атасын білмеген жетесіз, одан ақыл сұрап не етесіз?" деген сөз бар, жеті ата ғана емес, әр адам өзінің тарихын білу шарт қой. Мен де Орта жүз - Арғынмын. Дегенмен Арғын ішінде Тобықты, оның ішінде Мырза болам. Қазақ елін әлемге паш еткен Абай, Шәкәрім, Көкбайлардай ұлыларды тудырған қасиетті топырақ Семей жерінен шыққам. Бұл ешқандай да мақтан, әлде жарнама емес.