0 дауыс
3.5k көрілді
Ұялы телефон наушниктерінің пайдасы мен зияны туралы айтса кетсеңіз ?

1 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Рас, қазір жастар құлақтарынан «наушник» тастамайды. Кейбіреу паралон салын­ған үлкендеу «наушник» тағады да, қысы бойы құлағынан тастамай, осылай жылы жүреді деп санайды. Бірақ бұл үлкен қателік. Қазіргі­дей ауа температурасының салқындаған ке­зін­де мүмкін болса бас киім киіп жүрген жөн дейді маман. Өйткені құлақ ауруы бірден бастала қоймайды екен, білінбей дами беруі мүмкін деседі. Ал суық өткенде шыңылдап ауырған құлаққа жылы не ыстық нәрсе басуға болмайды. Өйткен жағдайда өте нәзік әрі сезімтал жүйке талшықтары бүлініп, невралгия дертіне шалдығуы мүмкін. Сондықтан отоларинголог дәрігер жаңбырлы-қарлы маусымда құлақты жылы ұстайды деп «наушникке» арқа сүйеу­ге болмайтынын айтады. Тіпті бас­қа кездер­де де «наушникті» күніне 3 сағаттан артық құлақ­қа асып жүру зиян. Ол құлақтың есту қабілетіне зақым келтіреді. Үнемі жабық кеңістікте жү­ріп, музыка мен сыртқы дауысты қатар тыңдаудан артық салмақ түсетін жүйке тал­шықтары тез тозатынын да ұмытпаған жөн. Ал бұл кеңестерге құлақ аспаған жағдайда білдірмей, біртіндеп басталатын дерттің жазылуы да қиынға соқпақ. Мамандар қазір дә­рі­герге қаралуға келген науқастардың 30-40 пайызында түрлі дәрежедегі құлақ аурулары барын ескертеді. Сондықтан «наушникпен» емес, қалпақпен дос болған жөн-ау.
Өте жақсы жазғансыз! менде жауап бергелі жатыр едім сіздің жауабыңызды оқып одан артық жаза алмайтын болғасын айнып қалдым
Пайдалы жауабыңызға рахмет, Айсара
Оқасы жоқ Нұртуған!
+1 қосыламын керемет жауап
...