Әрбір халықтың өзіне тән діни сенімдері, салттары, әдет ғұрыптары болады емес пе (негізінен басқа халықтарға оны жете түсіну қиын сияқты, бірақ әрине дәстүрлерін сыйлау керек). Сиырға табыну өте күрделі түсінік, ол үшін бүкіл индуизм дінін түсіндіріп шығу керек. Қысқаша жазып қарайын:
.
Сиырға табынудың шығу тарихы өте тереңде жатыр. Индуизм дінінде (естуің болар үнділердің негізгі діні) сиырға өте көп мән береді. Мысалы Ригвидеде (Үнділердің діни кітабы) 50мыңнан астам Сиыр атын кездестіруге болады екен. Кришнаның өзі сиыр бағушы ретінде суреттеледі. Сиыр олардың түсінігінде тазалықтың, қасиеттің және Жер-ананың (біздің түсінігіміздегіден басқашалау) белгісі саналады. Сиыр сүтін де ерекше қадір тұтады, аналық образ ретінде (Олар өз құдайларын аналық, аталық құдайлар деп екіге бөледі). Яғни тіршілікті жалғастырушы ретінде қарайды.
.
Әрине олар сиыр етін жемейді, өз ажалымен өледі.
Бірақ оларда индустардан басқа көп халықтар тұрады, христиандар, мұсылдандар т.б. деген сияқты басқа діндегілер. Әрине адам болған жерде қылмыс, тойымсыздық болады демекші Индияда да жасырын айдап кету, шекара асыру және жасырын сиыр сою көптеп кездеседі екен. Индия Үкіметі олармен барынша күресіп келеді, соңғы уақыттарда басылып келе жатырғанға ұқсайды. Ұзақ мылжыңдап кетсем кешірерсіз.
![description][1]
[1]: http://img-fotki.yandex.ru/get/5703/nirmallife.36/0_506c0_a78a99f1_L