0 дауыс
"Асар" сөзі нені білдіреді?
05.02.2012
өңдеді 38.5k қаралым

7 жауап

0 дауыс
менімше "асар" бірлесу, бірігу деген мағынада сияқты. мысалы бір үлкен жұмыс атқату үшін асарлату керек деп жатады. Достардың не туысқандардың бірігіп көмектесуі. )))
05.02.2012
0 дауыс
Асар– көпшіліктің көмегін пайдалану дәстүрі. Қазақтар шөп шабу, егін жинау науқандарына, сондай-ақ үй салу сияқты ауыр жұмысқа Асар жасаған. Асар халықтың қайырымдылығы мен ұйымшылдығын танытады.
05.02.2012
0 дауыс
АСАР - бір біріне ақысыз көмек көрсету дәстүрлерінің бірі. Бұл дәстүр қырғыз, қазақ, өзбек, тәжік, түркімен халықтарына ортақ, өте ертеде пайда болған........... (ШЫҢ кітап-2011, 10-бет)
05.02.2012
0 дауыс
Асар деген бір үйге біраз адамдардың көмек береуі!(call)
05.02.2012
0 дауыс
асар дегеніміз-бір адам озінің жора-жолдастарын үйіне шақырып асарлатады,мысалға,егін егу немесе жер қазу көмек беру мақсатында
22.10.2015
0 дауыс
Қазақтар қандай да бір күшті қажет ететің ауыр істі бастағанда "Асар" жасаған
24.12.2020
0 дауыс
Асар-ауыр жұмысты туыстардың, достардың, көршілердің көмегімен орындау. Мысалы, үй салу немесе құдық қазу. Асар ақысыз, тегін жасалады. Жұмыс аяқталған соң мол дастарқан жайылады
12.02.2022
127,957Сұрақ
322,869Жауап
153,169Пікір
72,974Қолданушы