0 дауыс

Әсілінде, бай деген кім еді? Қазақтың байлары қандасына қалай қарайласты? деген сөздерді оқуға болады. Осы әсілінде сөзінің түпкі тағынасы қандай? Қазақ тілінің сөз ма?

15.01.2017 5.3k қаралым

3 жауап

0 дауыс

Сұрақты түсінбеген кезде "Келесі" деп өткізіп жіберуші едік. Осындай жағдай болып тұр екен. 

Әсілінде деген сөзді шынтуайтқа келгенде, негізінде, шын мәнінде деген сөздермен алмастыруға болады. 

16.01.2017
0 дауыс
"Әсілінде" деген сөз қазақтың қыстырма сөздерінің бірі."Әсілінде" деген сөз-негізінде,шын мәнінде деген мағынаны білдіреді.
20.01.2017
жариялады
0 дауыс
“Әслінде”, “әсліде” расында , шын мәнінде деген сөз, яғни әслі сөзі рас деген мағынаны береді.Әсем, әдеби сөз.Қазақ тілінде , өкінішке орай, ескіріп, қазір сирек қолданатын болды. Ал,түрік, өзбек тілдерінде әлі күнге дейін күнделікті қолданыста
04.07.2023
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы