+3 дауыс
3.5k көрілді
Сұрағым бар еді. мен айлығымды босқа саумай осы бастан жинап тұрайын деп едім. сол енді банкте жинаудың қандай қандай түрлері жолдары, қулығы, пайдалысы бар? толықтай түсіндіріп жіберсеңіз қарапайым тілмен.

ақша жинасам оның үстіне жақсы жоғары пайыз қосылып тұрса )) немесе үйге де жинауыма да болады. депазит дейтін ба еді оны? қысқасы ақшамды қалай банкке, қандай жолмен жинасам болады?

айтпақшы максимум 20мыңдай аудара аламын ай сайын, одан көп емес ))

(Банк сайттарының сілтемесін пихать етпеңдер)

7 жауап

+1 дауыс
менде тек пенсионный жүріп жатыр)) депозитке ақша жинауға болад, счет ашып ай сайын ақша салып отырасың. (Лібә, сен білетін шамалы ғана базалық түсінікті мен де білед кем)) )

Очм, амиго. Егер біліп жатсаң, осында жаза кетерсің. Маған да қызық осы сұрақ.
Оданда алдын ала үлкен сомамен ақша қарыз алып, соны жақсы бизннес жасаған дұрыс сияқты. Бір фотостудио, полиграфия, шашатарз, автомойка, комп клуб (вряд ли) осылардың біреуін ашып, жақсылап қолға алып, сонымен қарызды қайтарып әрі күн көрген пайдалырақ па деп ойлаймын.

Себебі мен аз да болса, осындай шағын жерлерде жасап көрдім. Былайша қандай проблемалар кездесуі мүмкін екенін жобалап түсінемін. Әрине, ақыл сұрағандар бірдеңе ашуға жассың оданда ақша жина дейді. Меніңше, тиындап көп уақыт жинап, кейін соны ставкаға қойып қайта бір қарызға кіру дұрыс емес сияқты.
кеше бір банк қызметкерінен жәй сұрай қалып едім, тұрған секта екен. тілі айналып бірдеңелерді айтып жатыр айтып жатыр, тұрған орифлэейм сияқты. құлағымның бір шалып қалған жері депозитке жиналған ақшаңның құны жаңағы үйдің құнының жарты ақшасынан көп болып жиналса бітті үйге кіре беруіңе болады дейді. ары қарата тыңдамадым.

әрине мақтайды, мақтағанда түрі жаман мақтайды, біздің банкте, тек біздің банк деп құдайым ай бекер келген екенмін дедім. оданда осы сайттың білетіндерінен сұрағаным артық
Ипотека туралы қазақи тілде хабар бар ма?
Оданда алдын ала үлкен сомамен ақша қарыз алып, ......

ііі мен мынадай пікірге жауап жазбаған сияқты едім, мазмұны өзгеріп кеткен ба?
диалог ұйқаспай қалған сияқты ғо))

ипотека дейтін неол?)) айтып жібер ))
пікір өзгеріп кетті))

Алдындағы жазғанымды ұмытып қалдым))

Ипотека фотоаппаратты дүкеннен кредитке алудың үлкен түрі сияқты. Тек, ақшасы уақытылы төленбегенде үйді алып қояды.
а ия есіме түсті, оданда депозит тыныш болар, сайтта ешкім білмейма сонда? ақшам тасып баратын, қайда салам ))))
Былайша, арманға беріліп кету менде үнемі болатынын жасырмайм)) Алдын ала бір раскрутка жасайтын үлкен сома беретін де адам жоқ, жастарды түсініп ипоткеаға үй беруге риск жасайтын банктер де сирек. Сондықтан, депозитке қайтып оралайық. )

Депозитті көптеген банктерге салуға болады. Және араларында проценті көптері де бар. Бірақ халыққа танымал сенімді банктер әдетте депозитке көп процент бермейді деп жататын.
+1 дауыс
Біздің үйдегілер депозитті Каспий банкіне салған сол банк тиімді сияқты.!Сонда салсаң тиімді болады.!Бірақ айына қанша ақша түсетінін білмеймін..xD
Мен бар білгенімді айттым, мүмкін сі3ді дұрыс түсінбеген болармын.!
Белгісіз
рахмет кука. толықтай ақпарат болса қатып кетер еді
Ертең комппен кіріп қатырып жіберермін.!
Белгісіз
+4 дауыс
Абылай ешбір банкир  сен үй алып алсын деп банк ашпайды. Депозит- деген сенің салған ақшаң  банк айналымына жұмыс істейді де,сол үшін саған банк жылдық үстеме төлейді. Ол үстеменің мөлшері қазіргі таңда теңгеменен 6-8%, долларменен 8-11%-дың көлемінде. Егер салатын ақшаң мол көлемде болса пайда табуға да болар, ал сенің жағдайыңда өзің есептеп көр.Маған Ал-Астердің айтқандары ұнады,ол әрі кәсіп,әрі табыс көзі. Әрине өзіне тән қиыншылықтары болар,бірақ оларды жеңу сенің қолыңнан келеді деп ойлаймын.
+2 дауыс
Қазір қай банктен депозит ашсаңыз да жылдық табысы 10 пайыздан артпайды.Ал егер инфляцияны ескермесеціз,тағы шатақ,ал инфляцияның көлемі жылына 12-15 пайызды құрайды.Яғни,банктегі 10 мың теңге ақшаңыздың жыл соңында инфляцияның кесірінен 7-8 мың теңгелік құны қалады.
Мен ақшаңызды банкке емес,Памм-счетқа салыңыз деп кеңес беремін.Памм-счет жөнінде көп адам біле бермейді,себебі бұл ақша көбейтудің жаңа үлгісі.Және бұл сервиске 2 жылдай ғана уақыт болды.
Мен өзім осы жолмен ақшамды көбейтудемін.Январь айындағы табысым 19,14 пайыз болды.
Жалпы принципі:Ақша теңгемен Қазақстандық банк арқылы брокер-компанияға аударылып,долларға айналдырылады.Ақшаны қайтару үшін кез-келген Қазақстандық банктен текущий счет ашып/тегін/,теңге түрінде аласыз.Бұны лохотрон,алдамшы деп байбалам салмауыңызды өтінемін.Себебі,Памм-счет өзінің өміршеңдігін дәлелдеген.Мен де ақшамның кез-келген уақытта қайтатынына көз жеткізгенмін.Және бұл информациядан маған келіп кетер ештеңе жоқ,тек банктегілерді байыта бермей,өзіміздің де байитын кезіміз келді ғой деп ойлаймын.
Толық білгісі келетіндер профиль арқылы хабарласуға болады.
қап ағасы, мына ақпаратыңызды сәл кештеу оқыған сияқтымын, бүгін ғана депозит ашып сонда салып келіп едім ақшаны, бір жылға (кейін тағы екі жылға ұзартуға болады). с капитализация дей ма әйтеуір қалаған уақытыңда ақшаңды алып кете аласың, бірақ шотта он бес мыңнан кем емес ақша қалу керек дейді. (айтпақшы каспий банкінде) және ай сайын ақша салып тұрудың да қажеті жоқ, қалағаныңа байланысты дейді. шыны керек инфляцияны ескерпеммін ау, процентіне соқырланып қалдым.  бұл ұсыныс мені қызықтырды. толық ақпараты, анықтамасы бар жерге сілтей аласыз ба? және оған ай сайын ақша салып тұру шарт па? риск қандай? қанша пайыз дедіңіз? :)
Ақшаңызды кәсіпқой трейдерлер Форексте ойнап ,көбейтеді.Форекс жоғары тәуекелді биржа болып есептеледі.Бірақ Форекс ,яғни валюта базары болмаса,біз ешқашан доллар,евро дегеннің не екенін білмей кетер едік.Және бұл жерде әлемдегі барлық ірі  банктер,коммерциялық банктер  бас қосады,оның ішінде біздің Ұлттық банк те бар.
Менің осы тірлікпен айналысқаныма 1 жылдан асты,осыдан артық ақшаңды көбейтетін жерді көрген емеспін.Инвестиция -жаңа отырғызған ағаш секілді.Оған жиі су құйып,тыңайтқыш берсеңіз жемісін де ерте жейсіз,көлеңкесі де саялы болады.Қанша пайыз болары аллаға ғана аян және трейдердің шеберлігіне мен валюта парының ауытқуына байланысты.Және осы пайыз қанағат десеңіз саудадан/торг/шығып кетуге болады.Жалпы менің инвестициялық тарихымда ең төменгі көрсеткіш айына 5,4 пайызды құрады,жоғарғысы 19,14%.
Толыққанды жауапты [мына][1] жерден алуға болады,бірақ орыс тілінде жазылған.Рассылкасына жазылып тіркелу туралы мәлімет алуға болады.Жүда түсініксіз болып жатса,егесіне қазақша жазcаңыз да жауап ала аласыз.


  [1]: http://bit.ly/xjmA94
Белгісіз
Памм-счет бұл не өзі түсінбедім?
ПАММ-счёт (ағылшынша-PAMM- Percent Allocation Management Module,  — модуль управления процентным распределением- Проценттік үлестірудің модульдық басқарылымы)
Белгісіз
+1 дауыс

ПАММ-счёт (ағылшынша-PAMM- Percent Allocation Management Module,  — модуль управления процентным распределением- Проценттік үлестірудің модульдық басқарылымы)

0 дауыс
pamm счет қайдан табамыз  астанда офистері бар ма немесе қайдан....
0 дауыс

Абылай, мына сұрағың қазір өзекті емес шығар. Бірақ басқа қолданушыларға жаза кетейін. 

Ай сайын 15-20мың салып отырсаң арнайы баспанаға арналған Жилстройсбербанк , Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бар. Салған ақшаңа жылына +20% мемлекет сыйақысы қосылады. +2% банк сыйақысы. 

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
Белгісіз 15.01.2016 Банк сұрақ қойды
0 дауыс
3 жауап
0 дауыс
1 жауап
...