+1 дауыс
22.8k көрілді
Депозит ашарда қандай нәрсеге назар аудару керек? Мен жақында Kaspi Bank-тен 9.4 пайызбен депозит аштым. Таңдауым дұрыс сияқты. Өйткені бірқатар жеңілдіктері бар екен.

8 жауап

+1 дауыс
Депозит ашқаныңыз дұрыс шешм. Өйткені ақша ақша тарту керек
Сізге кеңесім депозит ашатын банкті таңдау кезінде оның мерізімі мен ставкасына назар аударыңыз. Көптеген банктер депозит түрі «қатаң» болған жағдайда ғана жоғары пайыздық ставка береді. Ставка депозит мерізіміне байланысты да болады. Егер депозит мерзімі ұзақ болса, ставка да жоғары болады. «Қатаң» депозит дегеніміз, белгілі бір мерізімге дейін қайтарып  алмау шартымен депозит ашу. Егер алған жағдайда сыйақыны жоғалтып аласыз.

Сіз депозит ашқан Kaspi Bank-тің пайыздық ставкасы 9.4%. Бұл депозит үшін өте жақсы ставка. Бұл банктің депозиттерінің ұнайтыны мұнда мерзімге қарамастан депозитіңізді толтырып, қалаған сумаңызды ала-аласыз. Сыйақы мен ставка сақталады. Банк филиалдары кешкі 8-ге дейін, сондай-ақ демалыс күндері де  істейді. Сондықтан, кез-келген уақытта банк бөлімшесіне баруға болады.

Тағы бір маңызды нәрсе сіз депозиттегі қаржыңыздан  коммуналдық қызметтер мен ұялы байланысқа төлей аласыз. Бұл қызмет комиссиясыз. Сондай-ақ, депозитіңіздің статусын  ұдайы түрде бақылай аласыз. Бұл үшін www.kaspi.kz- ке тіркелу қажет.

Қазіргі кезде kaspi bank қызметін 3 миллион адам тұтынады. Өткен  2012 жылы депозиттер 43%  пайызға өсіп, 321 млрд.  теңгені құраған. Сондықтан, бұл шешіміңіз де дұрыс.
0 дауыс
депозиттің пайызы 8-9 пайыздан аспайды,ал кредиттің пайызы 15-20 пайыз.Сонда ӘДІЛЕТ ҚАЙДА?
0 дауыс
Жылына 9,4 процент,инфляция 12-15 процент,кредит 15-45 процент...Осы ма мәз болып отырғаныңыз?

Неге ізденбейсіз,инетте информация жеткілікті ғой,көргеніңіз Каспий мен Халық банк болғанына қарным ашып отыр. Қазір ПАММ-счет деген шыққан және сенімді басқару /доверительное управление/ бар.Осыларды дұрыс таңдай білсеңіз ақшаңызды жылына 80-120,тіпті 200 процентке көбейтуге мүмкіндік аласыз.Мен 3 жылдан бері осы сервистерді пайдаланудамын,құдайға шүкір,әзірге шағымым жоқ.

Қажет еткен адамдарға қол ұшын беруіме болады,тек инвестиция жасауға ат үсті қарамаса.
Мен студентпін. Депозит ашқым келіп жүр.  ТОЛЫҒЫРАҚ АЙТСАҢЫЗ ДЕП ЕДІМ. ДЕПОЗИТ ЖАЙЛЫ
0 дауыс
Қайырлы күн! Өкінішке орай сіздің хабарламарарыңызды кеш анықтадық. Кешірім сұраймыз! Болашақта біздің банкке қатысты сұрақ не түсініктемелеріңіз болса, біздің желідегі ресми парақшаларымызға немесе Social Media Marketing <[email protected]> поштасы бойынша хабарласуыңызды өтінеміз. Әрқашан жауап беруге дайынбыз.

Банктің желідегі ресми парақшалары:

https://www.facebook.com/kaspibank
https://vk.com/kaspibank
https://twitter.com/kaspibank
http://www.youtube.com/kaspibank
http://my.mail.ru/community/kaspibank/
http://www.odnoklassniki.ru/kaspibank
http://instagram.com/kaspibank
https://ru.foursquare.com/kaspibank
0 дауыс

Мен депозиттин пайдасын кандай? Мен депозитти 1 жылга аштырып, айына 2000 тг салып турар болсам, маган канша % косылады??? 

0 дауыс

Депозитке салған ақшаны қайтарып алсам бола ма,18ге толмай

0 дауыс
Депозитті неше жастан бастап ашуга болады
0 дауыс
Студентпін жасым 17 де,ата ана,үлкендердің көмегінсіз депозит аша аламын ба ?
...