Ер жігіт атына сай, ер атарлықтай қажырлы, қайратты, ауыр мінезді, салмақты, біртоға, біршешімді болғаны маңыздырақ. Істеген ісінде салмақ, мақсат болғанда ғана, жігіт шешімді, намысты болмақ. Сырт көзге мықты көрінгенімен, әдетте жігіттер жан дүниесі нәзік келеді, сәл дүниеге қабақ шытып, қабылдай алмай, қарсыласып, бірақ ашық айтуға батылы бара бермейді. Осыдан соң біртоғалық пайда болады, паңдық, ержүректілік, кеңдік қалыптасады. Осындай мінез ерекшеліктері түгесілген кезде, жігіттер сырбаз мінез серілерге айнала алмақ.