Қыздар~жігіттер, қыздар немесе жігіттердің қандай қасиеттерін ұнатпайсыңдар???
қыздардың жаман қылығы болсада олар нәзік, нәзік жан ешқашан жаман болмайды. Егер қыздың жанын таба білген жігіт ол бақытты.
Ең бірінші - тәлпіштік қой негізі. Қыздардың бәрі тәлпіш емес деп айтар болсақ та, ондай қыздар өөөте аз ғой. Қыздардың кемшіліктері: тез ренжігіштік, жігітін сыйламаушылық, т.б. көп қой.
Жігіттер сенбеңдер қыздарға,
Қыздарда тауықтай ми бар ма?
Жігіттер сенсеңдер қыздарға,
Апарып соғады тік жарға. деген өлең жолдары да бекер болмаса керек. Дегенмен де, мың қыздың арасынан ерекше болып көзге көрінетін қыздар да бар.
Көп күлетін, сабырсыз, жаман сөздер айтатын, сөзінде тұрмайтын, ақылсыз, еріншек т.б. жаза берсем шеті болмай кетер.
Ұнатар ем баураса қылығымен,
Мен де сүйем ол сүйсе шыныменен.
Шынайы махаббат пен сезiм мүлдем,
Өлшенбейдi нарықтың құныменен.
Тәрбиелi,анадан әдеп көрген,
Үлкен,кiшi барлығын құрметтеген.
Көп тыңдап,аз сөйлеген жарасады,
Ең қымбаты-пәктiгi қыз бiткеннiң.
Ұзын етiп өсiрген бұрымдарын,
Көп жақпайтын химия жұғындарын,
Ұнатпайтын iшiмдiк,шылым дәмiн.
Ұнатамын қазақтың сұлуларын.
Адал жүрiп, ойлайтын ақыретiн,
Үлкендердiң сөзiне бас иетiн.
Ерiн жерге қаратпай сыйлай бiлсе,
Сол - әйелдiң ең күштi қасиетi.
Жігіттерге тәлпіштік ұнамайды, бірақ тәлпіш қыздар ұнайды; өркөкірек қыздар ұнамайды, бірақ тәкаппарлығы жоқ қыздардың кішіпейілдігін пайдаланады; көп сөйлеп, көп күлетін қыздар ұнамайды, бірақ көп күлмейтін, сөзі аз, ұяң мінезді қыздарға жиі назар аудармайды; тез ренжитін қыздар ұнамайды, бірақ "ренжімейтін" қыздарды ешқашан ренжімейді деп ойлайды......