+1 дауыс
692 көрілді
Менің  жігітім темекіні қоя алмай жүр! Калай қойдыртсам болады??? Тіпті айтқанға сөз ұғар емес. Өтінем, көмектесіңдерші!!!!

7 жауап

0 дауыс
Олар уйренiп кеткесiн бас тарта алмайды:x
жооқ енді өмір бойы олай жүрмейтін шыгар! Қалай койгызуға болады? Білсен айтшы.....
0 дауыс
енді ол ващее қоймайды Ғооооо.....
мені жақсы көрсе қояды ғоооо=)
коеееееее???
+2 дауыс
Темекінің сансыз зиянын білетін ақыл-ойы дұрыс адамның бірінші істейтін ісі – темекіні тастау үшін жол іздеу. Темекіні біржолата тастап кету адамның ерік-күшіне, сабыр-төзіміне, табандылығына тығыз байланысты. Өзіне-өзі бекем бола білетін, нәпсісіне билік жүргізе алатын адамдарға темекіні тастап кету қиын емес. Темекіні тастағысы келетін адам мына қағиданы есінде ұстауы тиіс: «Ең мықты адам – өзгені емес, өзін-өзі басқара алатын адам».



Жалпы, темекіні бірден тастап кету – қайратты адамдарға тән қасиет. Мамандар темекіні тастағысы келген адамның оны бірден тастап кетуі дұрыс болатынын алға тартады. Өйткені, қандағы никотин деңгейі соңғы темекіден кейін 30 минуттың ішінде ыдырап, тән қажетті дозасын қайтадан талап ете бастайды. Сол кезде темекі тартпай шыдау қажет. Шылымқор өзін-өзі осылай тежеп ұстаса, 3-4 күннің ішінде улы түтінге құштарлығы бәсеңдейді, тіпті басылады. Дәрігер-мамандар шылымқорлықтан сауықтыру үшін темекі шегетін адамға оның мінез-құлқын негізге ала отырып, сауықтыру шарасын жүзеге асырады. Мәселен, жүйкесі жұқалар, ерік-жігері мықтылар, жігерсіздер, түтін құмарлар үшін сауықтыру тәсілдері де әрқилы болып келеді.

 

1. Жүйкесі жұқа адамдар үшін сауықтыру шараларының құрамына көңіл-күйді тыныштандыратын дәрі-дәрмектер кіреді. Оларға арақ-шарап ішуге тыйым салынады.

2. Ерік-жігері мықтыларға «Енді қайтып темекі тартпаймын», – деп, шешім қабылдату арқылы темекіден бас тартқызатын сауықтыру шарасы қолданылады. Мұндай жандарға дәрігердің, әйелінің, ата-анасының айтқан ақылымен, өтінішімен емес өз ықтиярымен темекіден бас тартуына мүмкіндік тудыру қажет.

3. Жігерсіз адамдар өз еркімен темекіні қоя алмайтындықтан мұндай жандарға психотерапиялық, психологиялық тұрғыда 1-2 жыл сауықтыру шараларын қолдану қажет. Оларға гипноз қолданып, ем жасауға да болады. Дәрігер-мамандар шылымқорларды төмендегі сауықтыру тәсілдерімен темекіден бас тартқызуға болатынын алға тартады:

1. Іс-әрекеттің нәтижелі болатынына жан-жақты сендіре отырып, емдік тәсілдер қолдану;

2. Ине салу, нүктелі (сылап-сипау), электрлі акупунктура тәрізді рефлекстік терапия тәсілдеріне жүгіну;

3. Никотинді ауыстыратын, әйтпесе темекі тастаудың ауыртпалығын жеңілдететін дәрі-дәрмекті пайдалану.
Рахмееет пікіріне!
+1 дауыс
жақсы сұрақ, сол менде қоя алмай жүрмін((((((((((((((((((( моргка апарып олген адамның өкпесін көрсетіңіз темекі тартқан адамның өкпесі  қандай болатынын көріп, қоятын шығар!
+2 дауыс
Дәрігерлердің айтуынша, адамның денсаулығы тек өзіне қатысты. Егер ол шынымен де шылым шегуден бас тарту керектігі туралы шешімге келсе, бұл зиян әдеттен тез арылуға болады. Ең бастысы, адамның еркі мен талпынысы және айналасындағы адамдар мен мемлекет. НЕГЕ? Себебі мемлекетте үлкен территория бар, сондықтан ол өз халқының денсаулығына жауапты. Ең бастысы темекі өнімін елге енгізуді доғару керек қой!
0 дауыс
онай ғой онда, сен былай жаса, жігітіңе айт "темекіні қоймайынша мені сүйме де, мен де сені суймеймін. Менің допустим бетімнең сүйгін келсе темекіні қой, мен темекінің исінен жиіркенем" десшиш)) сені шын сүйсе қояды, қоймағанда қайда барады. Ақмақ екен бірақ жігітің, баста бастамауы керек еді. Қанша жасқа келсем де әлі шеккен емеспін, шүкір, ешкімнен кем де емеспін!
0 дауыс
Санасызға сөз жоқ дейдіғой,менің де братишкам темекі тартады,ку сүлдері қалды, айтпаған сөзіміз жоқ, мен оның қызы арқылы да қойдырғым келген.
қайдағы, інім айтады бір күні,""қызым кездесуге темекіні тартып келе жатыр деп, не анау десе темекі, сен тартқанда сенен қаламыз ба дегенго қызы, ал тарт онда депті інім. Содан ана қыз сыртқа тартып тұр екен,ішіңе қарай тарт деп едім ішіне тартып қақалып қалд"- дееееееепп күліп отыр... (giggle) Короче білмедім, мен ініме қойдыра алмай жүргеніме 1 жыл болып қалд)))
...