Махаббат туралы мұңлы, қайғылы өлеңдер болса жазып жіберсеңіздер?

+6 дауыс
316k қаралым
Махаббат туралы мұңлы, қайғылы өлеңдер болса жазып жіберсеңіздер?
• Санаты: Достық | 316k қаралым
Мен сени али суйед екем умытпаппын,
Жылы орап журегиме сактаппын,
Ускирик аяз,носер жанбыр из салса да,
Саган деген сезимимди нык сактаппын..
Куткем сени кыстын аппак ак карында,
 Конилдин кейбир ауыр шактарында,
Куткем сени коктемнин кокорайы,
 Боктерлерди гулмен коркем жапканында..
Куткем сени жаздын арайлы ак танында,
 Сагыныштын сарыуайым какпанында...
Куткем сени сары куз жапырак-шашу шашып,
 Кикулап кустар мунлы кайтканында..

42 жауап

+8 дауыс
Жақсы жауап
Құдайым-ау,осы біздер бөтен болып кеткенбіз бе,
Алыстадықпа па аңсайтын,сағынатын шектен біз де.
Іздемейміз,сұрамаймыз көңілі бөтен жандардай,
Бір-бірімізді танымас хәлге  жеткенбіз бе.

   Құдайым-ау,кеше ғана жүрек ортақ,тән егіз,
Ажыраспастай жүруші едік осы біздер екеуміз.
Бүгінгі күн салқын тартты күзгі таңның шығындай,
Алдан күтер ауыр күнді біз білмеген екенбіз.

   Енді міне қимасақта сол күндерді бір жүрген,
Сағынсақ та талай таңды бірге атырып бір күлген.
Жүрекке жара,тәнге салмақ салса дағы бір күні,
Ажырасатын сәт келерін,айтшы жаным кім білген.

   Амал қанша өмір өзен өз қалпымен ағады,
Тәтті өмір елес болып сол қалпында қалады.
Ал екеуміз қимасақ та,сол бір тәтті күндерді,
Ағыс шіркін екеумізді алыстатып барады.  ................ JAKO
авторлық жырыңыз болса, КеРеМеТ - жарайсыз, Аға.
Әліәзір өзімдікіні жазып жүрмін,таусылса көшіруге шығамын ғой.(((((((((
керемет!
Жако таусылса кошируге емес шыгаруга шык. оленин тамаша
+8 дауыс
Жалған айтқан жараспас ер жігітке,

Жаным деумен жүректі сен жібітпе

Қызға жігіт,жігітке қыз көп емес пе

Осыны сақта жаным мәңгі есте

*

 

Өтіріктің өріп жаттым бұрымын,

Жақпаса да өз өзіме қылығым.

Заман осы дедім дағы, ұялмай

Кебін кидім арам ниет ұрының.

Алтын емес, байлық емес мұратым!

Алтыннан да аса қымбат тұратын

Көздегенім – жалғыз жүрек, сенікі!

Өзімдікін саған кеше ұрлаттым.

*

 

Адамға махаббатсыз өмір барма?

Өмірдің махаббатсыз саны барма?

Махаббат-жүрек.

Жүрексіз құр кеуденің жаны бар ма?

*

 

Сен мені сүймедін амал қанша,

Сенің де өз сүйгенің болар басқа.

Бәрібір мәңгілікке сүйіп өтем,

Жүрегімді жараладың жазылмасқа.

*

 

Күле алмаймын сенен басқа жан үшін,

Сендік сезім мөлдірейді менде шын.

Сені өзгеден қызғанбай-ақ қояр ем,

Жүрегіме жетсе менің өз күшім.

Алданышым емессін ардағымсын,

Жүрегіме жақын боп қалғаның шын.

Мен өзімді бақытты сезінемін,

Сендей жаннын өмірде болғаны үшін.

*

 

Өмір сүру бір бақыт түсінгенге

Жаксы көріп, ұнатып, бір жүргенде

Мен сен үшін баріне дайын едім

Дақ салдың кіршіксіз, ақ жүрегіме!

*

 

Дүниеде не жаман,сүйген жаман.

Махаббаттың отына күйген жаман.

Екеуі бірін-бірін сүйіп тұрып,

Екеуі екі жақта жүрген жаман.

*

 

Сағынып соңғы кезде жылап қалам

Жыр жазып, каламымды қолға алам

Кеудемде қараңғылық үрейлесе

Сен жаққан жүректегі шырақты алам

 

*

 

Аспанда дара туған Ай-Күнбісің

Әлде еш табылмайтын қайғымбысың

Жүрегімнің аңсап күткен жанымысың

Барады тереңдеп, менін сағынышым

 

*

Омір деген кетер,

Бірак достық өшпейді.

Достық пен Махаббатқа,

Ешбір баға жетпейді!!

 

*

 

Еске алып әрбір сөзіңді,

Ұмыттым бір сәт төзімді.

Арамыз алшақ кеткен соң,

Сағындым жаным өзіңді!!!

 

*

 

Жүрегімнен орын бердім өзіңе.

 

Сендім сүйем деген сөзіңе,

Умытайын ,ойламайын десемде,

Жүрегимнен кетпей койдын сен неге?

 

*

 

Сен Махаббат аралы, Мен Сезім кемесі,

Жүгім Бақыт, Капитаным Жүрек.

Тыңдашы, не дейді жағадағы дауыс?!

«Сағындым сені, Сүйемін сені…»

*

Мен сені ұнатамын, ….

Мен сені ұнатамын,.

Дегенменен,

Басқадан көрмегенді сенен көрем

Өз обалың өзіңе, өзіңмен көр

Бір күні ғайып болсам егерде мен.

 

Басқадан көрмегенді сенен көрем

Сен биікте жүрсін деп төмендегем

Кім екен мені өзіңе дуалаған?!

О Тоба мен неғылған өлермен ем??

 

Кім екен мені саған дуалаған?!

Сенсіз де көңілденем, қуана алам

Кім екен

Мені сенен айналдырып

Цирктің аттарындай қуалаған?

 

Дегеніңнің бәрін де жасап жүріп,

Көрсетпеймін, зәредей аса қылып

Сенің ғана ырқыңа бас алдырып

Бұға берем….

Неғылған жасандылық…..

 

Мен сені ұнатамын.

Бірақ, бірақ ….

Мейіріңді қайтейін, жылап сұрап

Ұнатамын дегенім – жасандылық,

Саған деген жүрегім құрақ – құрақ!!!!!!!

 

*

 

Сырым,сырым мұңымды ұғасын ба?

Сырласамын өзіңмен мұңдасамын.

Жараланған жүректін мұңын саған,

Саған ғана айтсам деп қыр асамын.
Айсара мына өлеңді қайдан алдыңыз?
Ғаламтордан болар?...
Менің шығарған өлеңім неғып жүр мына жерде ? Авторлық құқық қайда сонда ?
+7 дауыс
Жіберілмеген sms
Жанарымыз жұлдыздардан жаралған,
Жүрегіміз – шашыраған аралдар.
Сен – демімсің, басталатын самалдан,
Мен – өлеңмін, тылсым түнге қамалған.
Көзіңдегі мұхит – менің мекенім,
Толқын шашың – сыйынатын тотемім!
Ерініңде мен сүймеген көк өрім,
Еріп жатыр удай тәтті шекерің.
Кірпіктерің мұхитымның шетінде,
Сая тапқан бұйра-бұйра кекілден.
Тамшы-ғұмыр сенсіз өткен мөлдіреп,
Мөлтеңдейді сен сүймеген бетімде.

«Иә» мен «жоқ»
«Иә» мен «жоқтың» арасында жауабың,
Мен еститін сол үнсіздік баяғы…
Ал, мен сенің көздеріңе табынып,
Жүрегімді жайнамаз қып жаямын.
«Иә» – десең таралады бойға ыстық,
«Жоқ» – десең бе? Мен жаһанға симаспын.
Бізді қазір бір нүктеде ұстап тұр,
«Иә» мен «жоқтың» арасында қимастық.
Кейде ұшып кетердейін құс болып,
Кірпігіңнің әр қимылы астарлы.
Сол кірпіктен тұтанады бір күні,
«Иә» мен «келдің» ортасында құштарлық!

Сені ешкімге бермеймін…
Сені ешкімге бермеймін!
Сұрамасын!
Сұрамасын, жанымның мұнарасын!
Маған сені Тәңірдің өзі берген,
Пейіште періштелер жылағасын!
Мен сені көкте Күннен қызғанамын!
Сезіле ме жүректің мұздағаны?
Мына опасыз дүниеде күнәсі жоқ,
Тәңірдің сүйіктісі біз ғанамыз!
Мен сені сүюден жалықпаймын,
Қанатсыз-ақ қасында қалықтаймын!
Сен қасымда болғанда жұмақтаймын,
Сен жоғалсаң, алаулы тамұқтаймын!
Мен сені сағынудан азап шегем,
Азап шегем..
Бұл азап ғажап неге?!
Кеудемдегі жалынмен салыстырсаң,
Аяз болып көрінер тозақ деген!
Біреу менің көзімнен байқар күзді…
Мен сені ұмытуға қауқарсызбын!
Имандылық заңдарын бұзған бұлар,
Жүзі күйген пенде деп айтар бізді..!
Айта берсін!
Құлағыма ол сөзді іле алмаймын,
Себебі мен сезімсіз жүре алмаймын.
Өзгелерсіз күн кешсем, өкінбеймін,
Ал, өзіңсіз өмірді сүре алмаймын!
+5 дауыс
Ұмытайын десем де....
Ұмыталмай жүрегіііммм...
Жүрек құрғыр бәрібір...
Саған қарай сооғады.
+6 дауыс
Ей, махаббат, маған деген жылу жоқ неге сенде?!
Соншалықты мен саған мұп мұздай боп көрінем бе?!
Мен оны сүйемін де, оттай лаулайм, күйемін,
Не себепті? Не үшін ол мені сүймейді мына кеңде?
Әлде, оған жауыздай боп көрінем бе?
Ол үшін табылдым ғой мектептің төрінен де,
Не жетпейді оған мені сүюі үшін?
Жүрген жолын аңдимын деп әлсіреді күшім?
Оны көрсем жүрегім аузыма кеп тығылады?
Бар ойым оның мұздай сезіміне жығылады,
Көрген сайын шыдатпайды жүрегімді қамшылатып,
Қоя берді сезімімді жүрегіме қан жылатып,
Бар болғаны мен оны іштей ғана сүйемін
Кейде өзім ойланып, бір нәрсені түйемін
Қойшы, енді, бұл өткінші ғой деймін де,
Ойлап-ойлап ғашықтардың кебін киемін!!
Қалай? өзім шығарғанмын 8 сыныпта ғашық болыыыып, мең зең болып жүргенімде.... сөздері онша мұнша үйлеспейді, сонда да бірінші тәжірибем
рэпке қайым-ау деп қалдым)))))))
+5 дауыс
Кешір,
Кінәласаң өзің біл.
Несін?!
Жылуыңды сезіндім
Енді еріксіз, шексіз
Жесір
Махаббатымнан безіндім.

Енді
Ертеңім бұлдыр
Жеңді
Құмарлық сыңғыр
Онсызда мұңым көп менің
Ерді
Соңымнан бір мұң.

Тойшыл
Көңілім екен
Ойшыл
Өмірім өтер.
Шын сүйіп шындық таппадым
Қойшы
Бәрі де бекер…
 
Авторы: Анар Шамшадинова




жаксы жауап бериниз унаса
+2 дауыс
Тан каламын тамсанамын озине Ерекшесин артыксын сен озгеден Бурын сонды сендей жанды кормегем Козиме сен ыстык болып коринген Кылыгынмен жауладынгой журекти Сенин бейнен айдай сулу корикти Акылынмен баскарасын озинди Талапка сай устанасын омирди Сен туралы билгим келет аяулым Сендей ару менин жалгыз арманым Омир бойы сендей жанды ансадым Кир келтирмей намысына басканын Умиттендим туады деп осы кун Суйгим келет шын журектен алтыным Озинсингой колымдагы асылым Сыйла маган махаббаттын бал нарин Жан журегим сенен ыстык нар алсын Сезимдерим деминменен оянсын Махаббаттын кушагында кулайын Жаным жаным маган катты унайсын Менименен омир баки болгайсын
+2 дауыс

Мұңлы, ұайғылы десем қөбісіі қуаныш, сүйгенін мақтау болып кетіпті. Мынандай сияқты болса:

Жүрегіңді жаулауға тырыстым құр,

Жүрегіңде басқалар тайраңдап жүр.

Арқалатқан қайғы толы жүгіңде зор,

Жүгің болды жеңілдемес жаныма сор.

+2 дауыс

Жаным тенедім сені жұлдыздарға,

Періштедей көздеріннен мөлдіреген,арайланып күлкіннен нұр төгілген

Ай астында жүремін сены аңсап,күні түні ойлаймын мен сағаттап

Тан атып арайланган гулдей

Ғашық болдым өзіңе жынды құсап...

+2 дауыс
Жаным сені сагындым,көргім келеді

Жаным сені көрген соң,сүйгім келеді,

Болсаң егер қасымда,қолыннан ұстар едім

Қатты қысып жаныма,бақытты кылыр едім.

 

Жүрегімді берейін,сен қаласаң

Сені қатты сүйемін,Мен,байқасан

Таптым-ау дедім армандар арасынан

Жоғалтқым келмейді бақытты қолды тұрган..
+2 дауыс
Сагынсам сени,
Отеди куним мазасыз.
Ойласам сени,
Отеди туним уйкысыз.
Суйгенмин сени,
Суймеспин енди ешкашан
Омирдин мынау,
Откенин калайм тек сенсиз
+1 дауыс
Шын гашыктар сезимин иште сактайды,
Суйе тура суйем деп бирак айтпайды.
Гашыктык сезим билинерин козинен
Махаббатты кешпеген жандар укпайды.
+3 дауыс
Менин озимнин шыгармашылыгымнан бир оленди жазып бериін сизге: Жанарымнан ғажайып сыр ұктырып, Орт сезимге өртенед күйіп тұрып. Кездескенде айта алмай бір жылы сөз Сені өзімнен бездірем суйіп тұрып
+3 дауыс
О жүрек, Сағаттай жүред.. Кей кезде тулап шығардай, Кеудені шіреп. О,Таңір жүрек, Амандық тілеп. Озіңсіз сірә қозғалмас, Аяқ,қол,білек...!!!
+2 дауыс

Шідерлі, шерлі құлын жүрек!

 

Сендегі көңіл атты жайлаудағы,

Мендегі құлын жүрек байлаулы әлі.

Келер деп,бір келер деп,күтіп сені,

Амалсыз қазығында айналады.

 

Сен кеткен жолға ұзақ қарайлайды,

Ойлары мен қиырды аралайды.

Сенің ізің түспеген көптен бері,

Жайдақ жол жанын оның жаралайды.

 

Көрмеп ем мұншалықты бұрын жүдеп,

Ойнақтап отқа өзім ұрындым кеп,

Ғашықтық дерт екен ғой емі қымбат,

Шыдашы қиналсаң да құлын жүрек.

 

Құдай-ау,айтшы мына маңдайға,

Сүйгеніңді мәңгі күту жазылды ма?...

Тезірек кел,тезірек,десең егер,

Мерт болмасын оралып қазығына

 

Керемет өзіңіз шығардыңыз ба әлде басқа ма?
0 дауыс

Неткен сезим азап кылган суйгенди суие билмеген

Неликтен бейнен салкын калгандай тас журектен

Журегин тас болсада жылы созбен тербелмеди

Аз гана бакыт консада журегим мулдем кулмеди

 

Суйдим тек шын журектен балаша мас болганы 

Сабырмен иштей куйген журекке тек дак тамганы

Шынымен суйсен егер тербелмес создин салмагы

Калайша сенип келдим жалган создердин кармагы

 

Балким бул акымактык расында сени суйгеним

Гашык боп жакын танып соны битер деп билмедим

Кормедим сеннен аскан айтушем саган аркез

Сезимге умен тамган алдамшы бари елес

 

Шын суйсен болмас еди когерген минезин сенин

Шын суйсен тонбас еди жалгыз калган журек менин

Тауыктай миын сенин багалауды билмеиди

Ендиги маган келме кешир журегим сенбейди

MC ALi (aktobe

0 дауыс
Мың жұлдызы бар болса да...

Мың жұлдызы болса да, байқамайсың басқаны,
Бір жұлдыздан тұрады, махаббаттың аспаны.
Сол бір жұлдыз жанады, сол аспанды жарық қып,
Жарықта да түк көрмес ғашық болған жарықтық!
Сол жұлдызсыз белгілі, оның естен танары,
Маңдайда емес, жүректе -
Ғашықтардың жанары.
Сол жүрекпен қараймын, сол жұлдызға сүзіліп,
Шаңыраққа ілінді ол, көк аспаннан үзіліп.
Мың жұлдызы болса да, байқамайсың басқаны,
Бір жұлдыздан тұрады шаңырақтың аспаны!
0 дауыс
Махаббат сезими неткен керемет

оны сезген адам мени тусинед

журек лупилдеп катты согады

сол адамга баргын кеп турады

Авторы:Самен Султан
0 дауыс
Қушақтаймын сені келесыңбе сен маған
Суйемын сені сенесыңбе сен маған
Еркелетем бересыңбе қолыңды
Ешкымгеде бере алмаймын жолымды
0 дауыс
Мен сені сүйем!

Көзімді жұмсам, елесің тұрар алдымда,
Көркіңмен мені сиқырлап жаным алдың ба.
Іздейді әркез көздерім сені тынымсыз,
Бағым деп білдім, байланып саған қалдым да.
Түндерде жалғыз ойлаумен сені көз ілемін,
Түсімде саған ақ бұлттарда кезігемін.
Болмасаң да қасымда әр кез менің,
Үнемі бірге жүргендей боп сезінемін.
Адамның бәрі, бір жанды сүйіп қиялдайды,
Бәрі де бірдей қадірін бірақ біле алмайды.
Ешкімде жоқ өзіңдей сұлу, жалғызсың,
Сол себепті мендей ешкім суйе алмайды.
Білемін ешкім мәнгілік өмір сүрмейді,
Әмірін жанға жүргізе берсін түн мейлі.
Сүйем деп сені айтамын жиі себебі,
Атарын таңнын, атпасын ешкім білмейді.
Мен сені сүйем,
Өмірімнің өткелінен өткенше.
Мен сені сүйем,
Жүрегімнің дүрсіл үні кеткенше.
Мен сені сүйем,
Махаббаттың биігіне жеткенше.
Мен сені сүйем,
Көрер күнім, соңғы демім біткенше.
© Алтынбек Сырлыбаев
0 дауыс
Мен сені сүйем!

Көзімді жұмсам, елесің тұрар алдымда,
Көркіңмен мені сиқырлап жаным алдың ба.
Іздейді әркез көздерім сені тынымсыз,
Бағым деп білдім, байланып саған қалдым да.
Түндерде жалғыз ойлаумен сені көз ілемін,
Түсімде саған ақ бұлттарда кезігемін.
Болмасаң да қасымда әр кез менің,
Үнемі бірге жүргендей боп сезінемін.
Адамның бәрі, бір жанды сүйіп қиялдайды,
Бәрі де бірдей қадірін бірақ біле алмайды.
Ешкімде жоқ өзіңдей сұлу, жалғызсың,
Сол себепті мендей ешкім суйе алмайды.
Білемін ешкім мәнгілік өмір сүрмейді,
Әмірін жанға жүргізе берсін түн мейлі.
Сүйем деп сені айтамын жиі себебі,
Атарын таңнын, атпасын ешкім білмейді.
Мен сені сүйем,
Өмірімнің өткелінен өткенше.
Мен сені сүйем,
Жүрегімнің дүрсіл үні кеткенше.
Мен сені сүйем,
Махаббаттың биігіне жеткенше.
Мен сені сүйем,
Көрер күнім, соңғы демім біткенше.
© Сырлыбаев Алтынбек
0 дауыс
Суйем сени суймей тугын неси бар

Аксынгой сен акылын бар есин бар

Биз косылмай биреу сени жылатар

Сонда жаным осы оленди есине ал
0 дауыс
Сағындым жаным, сағыдым тек өзіңді.

Көрсем деймін сенің мөлдір жүзіңді.

Аяулым сен, аңсарым тек өзіңсің.

Мәңгілікке сүйіп өтем өзіңді.
+1 дауыс
Шаршадым мен!

Неге мұнша шаршадым?!
Еш нәрсеге аумай қойды аңсарым.
Түсіме енер,
Енбесе егер келер деп,
Ұйықтамастан өткіздім мен
Қанша күн?
Шаршадым мен!
Жалғыздықтан жабығып,
Ойлап күнде, жоқтап түнде, сағынып.
Шаршадым мен!
Жұмыстан да жалығып,
Табынбайтын тағдырға да табынып!
Шаршап кеттім -
Хабар күтіп сенен мен,
Хат-хабар жоқ!
Келіп қалар дегенмен...
Шаршап кеттім!
Жүйкемді де жеп біттім,
Бездім кейде -
Жазып жатқан өлеңнен!
Шаршадым мен!
Тойда ішетін арақтан,
Неге маған килікті кеп жаратқан?!
Шаршадым мен!
Сумақайлар сөзінен -
Мен туралы өсек-аяң таратқан!
Шаршадым мен!
Жанды жеген ызғардан:
Біреулерден -
Бақытымды қызғанған!
Шаршадым мен!
Арын сатқан әйелден,
Қулық істеп...
Қылымсыған - қыздардан!
Шаршадым мен!
Жазықсыздан жазғырған,
Арыз айтып, айыптаған -
Азғыннан!
Шаршадым мен!
Ақымақтан - туысын
Қылмысқа айдап, ақылынан аздырған!
Шаршадым мен!
Шынында да шаршадым!
Еш нәрсеге аумай қойды аңсарым.
Сонда да мен өкінбей-ақ өтермін
Амандығын тілеп бүкіл баршаның!

 

© Нуртас
0 дауыс

Жолданбаған хат

жанарыңды аңсап

сағындым сені алыстан,

сол кездерді сағындым біздер табысқан...

жаным ау менің,асылым едің,

көруге сені жүрегім менің асыққан.

кеттің сен бірақ алыстап менен

қолым бұлғап қала бердім,,,

шынайы едім сезімге деген.

махаббатымның еркесі едім

бірақ,сен оны сезбеген едің.....

0 дауыс
Кезіне Жылама маххабат жылама деген ән бар еді
0 дауыс
Ұзап кетпеші жалгызбын өзіңсіз Сүйемін деші аймалап мені үнсіз Сезімнің сазды мойымен Гашыкпын тәтті тілімен Жаным К-сы Әнім де өзің, мәнім де өзің Тыңда мені тыңда Құштарымсың сен кұшағыма ен Тұнған жасылдарда Барыңды жасырма Бол мәңгілік қасымда
0 дауыс
Мұхтар Шаханов - "АЛҒАШҚЫ МАХАББАТҚА ХАТ"

Бір үмітке бір үміт жалғадым,
Kөп-ақ екен бергенімнен алғаным.
Заңғар көкке самғағаным не керек,
Саған ұшып бармаған сон, арманым.
Әнмен айтып баландығын, пәктігін,
Көктем де етті зорға басып аптығын.
Күнде бакка кыдырғаным не керек,
Сен касымда болмаған соң, шаттығым.

Батты қанша күн қызарып,
атты қанша таң күліп,
Кеудемнен сан жұлдыз ағып,
тау кұлады жаңғырып.
Сондада мен сенімімнің беріктігін ән қылып,
Тым айнығыш сезімдерді ар отына жандырып,
Жүріп келем асыл әнім, жүріп келем паң күліп,
Өткен күннің бедерлерін өшірсе де сан күдік,
Екі адамнын саусағының ыстығы
Маңдайымда қалып қойды мәңгілік.
Қастерлеген бакыт атын, ар атын,
Сол екі қол болды менің канатым.
Біріншісі — анам қолы, әрине,
Екіншісі — сенің колың болатын.
Сенің қолын кішкене нәзік қана,
Нәзіктіктен тағдырға озып қара.
Сенің көңілің мен үшін шалқыған көл,
Сенің кеуден мен үшін жазық дала,

Ұғыстырды жылдардың жолы бізді,
Күдік бізден мәңгілік қолын үзді.
Қарсы алдымда күлімдеп тұрсың, міне,
Көкірегіне көп үміт толып ізгі.

Кайғысы мен шаттығын ерте келген,
Еркем едің өз әнін шерте келген.
Орамалың пәктіктің белгісіндей,
Желбірейді жарысып ерке желмен.
Арман құсым, сен мені адал түсін,
Саған теңдес мен кайдан табам мүсін,
Жылдар бойы көркіне көз байлаған,
Алғашкы іңкәр махаббат, аманбысың?

Соқпай кеттің көп болды, жағаға сен,
Бір жеңілдеп калушы ем аға десең.
Қақпаны көп, мылтықты мергені көп,
Белестерден өттің бе аман-есен?

Ұзақ жылдар сен маған таптырмадың,
Тасасынан іздетіп көп тұлғаның.
Түлкісі көп алдамшы ормандардан
Қалайша сен аман-сау өттін, жаным
Дәрменсіз ғой, дәрменсіз білек енді,
Шікәм көңіл көтермес мінегенді.
Жүрегімнің жазира күнгейінен
Сенің бейнең асқақтап түрегелді.

Өткердің ғой өмірдің көп белесін,
Құрбын саған қалайша өкпелесін?
Екі айырып кетсе де жолдар бізді,
Маған сырттай тілектес боп келесің.

Лапылдатып жаққанмен отты неше,
Жылдар бізден қайтеміз көп тілесе.
Мүмкін емес дедің сен сенімменен,
Мені біреу арзандап кетті десе.
Көкейінде жатсада сұрақ тұнып,
Қандай жақсы, жақсы ғой тұрақтылық,
Мені біреу ұсактап кетті десе,
Мүмкін емес дедің сен жылап тұрып.

Аз ба, көп пе шаттығым тереңімде,
Оны, әрине, жолымнан көремін де.
Мені ешқашан қимадың жамандыкқа,
Әйтеуір сен кимадың мені өлімге.

Мүмкін, өлі күшім кем, ісім бала,
Айқындалып келеді түсім жаңа.
Саған, күнім, мәңгілік қарыздармын,
Маған шексіз сенгенің үшін ғана!
0 дауыс
Сезім құшағында

Аспанда бұлт, қараңғы боп жарық түн,

Күні-түні сені ойлаумен жабықтым.

Махаббаттың тәп-тәтті бір сезімін, мына сеннен санұқтым.

 

Барасың ба құшағымда, жанып тым?

Сол сезімге мына менде қанықпын.

Құшағымда ерттім сені, ағыттым, өйткені мен жарықпын!
0 дауыс
МЕН ҰҚПАЙ ҚАЛҒАН

Мен ұқпай қалған, мен сезбей қалған жай барма,

Тіршілік мынау қол бұлғап тұрған алдымда.

Айталмай сөзді, қиналдым қалқам қаншама,

Түсінер болсаң, түсінші мынау жалғанда.

 

Бір сендеп жүрек, лүпілдеп соғат әр кезде,

Өмірдің мәні өзің боп қалдың бұл күнде.

Артық жан сеннен болалмас маған еш бір жан,

Өзіңмен атар арайлап таңым әр күнде.

 

Асқар тау биік ақша қарымен ол сәнді,

Айдыңда жүзген қос аққу жұбы жарасты.

Сенімен бірге ғұмырды жалған өткізсем,

Бақытты жаным боларем менде бір тегі.

 

Мен ұқпай қалған жай барма жаным сен айтшы,

Сезімім сендеп жүректе лаулап ол жанды.

Өмірім мынау қас-қағым сәттей ол өтер,

Мәңгілік жаным арнаймын саған осы әнді.
0 дауыс
Сен едің, сен едің сенгенім, саған деген, сезімімді сен білмедін. Сені сүйдім, сенде мені сүйер деп, білмеппін мен сүймедінбе, сүйгенін. Ей махаббат сегіз əріп бір арман, екі жүрек бір біріне жаралған. Жүрегімді бір жанға арнап беріп ем, сол адамға шын жүректен сеніп ем. Эх, махаббат, махаббат... неге, не үшін сүйген жандар, бір болуға жаралмад. Махаббаттан адам шіркін нəр алад. Мен сүйген жан, мені сүймей жүрегімді неге қатты жаралад...
0 дауыс

Жылатамын мен сенi жылатамын

Менiң сезiмiнмен ойнағанның үшiн

Құлатамын мен сенi құлатамын

Өзгенiң қойыныңна кеткен үшiн

Автор: БердiғалиЕЖ


0 дауыс
Жоғалтып жүріп өзімді жіберді Алла өзіңді. Сүйіп қалдым мөлдіреген көзіңді, сыңғырлаған сөзіңді. Көздерің жарық шырақтай сөздерің  мөлдір бұлақтай, тұрасың қалай құлатпай? Құладым менде аңдамай дайындап тағдыр қойғандай!
0 дауыс

Саған ғашық болғаныма кей кездері өкінем,

Оттай лаулап, алаулаған сезіміме өртенем. 

Шыдай алмай, мең-зең болып бір сенсіз,

Өмір сүре алмайтындай күй кешем.

Ғашық болдым күздің соңғы айында,

Дəл өзіңдей ешкім жоқтай ғаламда.

Байқамадым саған деген сезімімнің,

Қашан пайда, қалай пайда болғанында.

(Жауhaр)

0 дауыс
Өкінемін! Неге бұлай басталды? Сенімменен атырдым ғой әр таңды, Ойлап едім бәрі жақсы болар деп, Бар көңілім тас-талқан боп шайқалды! Кетер болсаң неге алдың уақытты? Болмаймын деп ойладың ба бақытты? Жер- домалақ айналады барлығы, Көңіл енді суып кетті тым қатты. Сенбейсің ғой ашпаған ем құлыпты, Мінездерім бар да шығар қылықты, Бірақ сізбен сыйысу өте қиын, Ұмытылсын 1 аптамыз қызықты❗
127,937 сұрақ
322,807 жауап
153,169 пікір
72,928 қолданушы