+6 дауыс
4.6k көрілді

Қайғыны бөліссең кемейеді,

Қуанышты бөліссең көбейеді.

    Кейде біз қайғырсақ немесе жайсыз жағдай болып қалса, әлдекім ренжітсе, ешкімге айта алмайтын мұңымыз болса, басқалардың көзінше  "бәрі дұрыс" екенін көрсетіп, ішіміздегі қайғыны жүзіміздегі жалған күлкімен жасырып жүре береміз. (Барлық адам ондай емес шығар, әрине))) Бірақ жақсы хабар естісек,  езуімізді жия алмай қаламыз, жүзіміз бал-бұл жайнап кетеді. Кейде күлкі қысқанда шыдай алмайтынымыз тағы бар. Неге қайғы-мұңды жасырамыз да, қуанышты, күлкіні жасыра алмаймыз? Немесе керісінше... Мүмкін мұңымызды ішімізде сақтап, қайғымызды жасырып жүре бермей, күлкі қысқанда ішек-сілеміз қатқанша күлетініміз сияқты, біреуге ақтарып тастау керек шығар? Неге солай істемейміз? 

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Адам табиғатында жақсылық етуге ұмтылады, сол үшінда өз қайғысымен бөлісебермейді, оның үстіне әр кімнің өз проблемасы өзіне жетіп артады !!! 

Оның үстіне Әр кім әр күні сауап істегісі келеді :

Керемет жауап!!

Ұқсас сұрақтар

...