+2 дауыс
781 қаралым
Мен тұрмыстағы адаммын. Күйеуге шыққаныма 2 ай болды. Мен күйеуімнің агенттегі архивінен қыздарға жазған смс-терін оқыдым(оның көзінше). "Жаным...сені сүйемін.....кездесейікші....мен әйелімнен ажырасып кеткем.....т.с.с сөздерді жиі жазған. Шынымды айтсам, қатты жүрегім ауырып кетті... Бірақ, не істерімді де білмедім. Оған ренішімді жәй ғана білдірдім. Кешіріп те үлгердім. Сонда да жүрегім ауырсынуын қояр емес. Не істесем екен? Сіз бұндай жағдайдан қалай шығар едіңіз?

6 жауап

+2 дауыс
Ия қазір агентпен үлкен кісілерге дейін,тіпті әйелі бар адамдар да кіретінді шығарды,Бибінұр сізге айтатын болсам,сіз де агент ашып алып,күйеуіңізді басқа бір қыздың атымен сынап көріңіз немесе күйеуіңіздің паролын тауып алғаныңыз жөн,егер сіз ештеңе істемей жүре берсеңіз,күйеуіңіз сізден біржола кетуі мүмкін!
Сабырлы болсаңыз,бәрі бұйыртса жақсылықпен шешілер!
+2 дауыс
Қиын жағдай...(( Күйеуімнің көзінше оқыдым депсіз, сонда күйеуіңіз не істеді? Оқығаныңызды біле тұра, қандай амал жасады? Толық кешірдіңіз бе? Сіздің орныңызда күйеуіңіз болса не істер еді?!
Бұндай жағдайда, күйеуіңізбен жақсылап, ашық сөйлесуіңіз керек сияқты... Сабырлық танытыңыз! Өмірде неше түрлі жағжайлар болып тұрады...
Рахмееет!) Бұндай сөздерді есту - мен үшін үлкен бақыт!)
+2 дауыс
Бибінұр менің сізге беретін ақыл кеңесім, тәжірибелі психологқа барып ақыл-кеңес алыңыз. Кейін уақыт созбай сол психологқа күйеуіңізді ерте барыңыз. Психолог сіздердің жандарыңызды жақсы түсінетініне мен сенемін. Оның екеулеріңізге де көмегі тиеді.......
Сөзіңіздің жаны бар, Hacker! Бірақ Бибінұрдың жұбайы психологтың көмегіне жүгінуге келісер ма екен?! "Керек емес! Мен "псих" емеспін!",- деп айтуы да мүмкін ғой...
+1 дауыс
МММММ так ) сіз күйеуге шықаныңызға 2 ай болды да)))Күйеуіңіздің архивтерін оқыдыңыз сонда ол хат қашан жазылғанын датасын қарадыңыз ба?? мүмкін ол бұрынғы хат шығар ,немесе күйеуіңіздің бұрынғы қызы шығар................соны ойлап көріппе едіңіз?))))))))
Ал енді мен бұндай жағдайда не істерім ?
Мен бұндай жағдай да ашуға тез салынбай  ол қызды кім екенін,қашан жазғанын анық-қанығын сұрар едім))))))))))))))
Кемеңгер мен де сол жағын айттым,айтқаның көңіліме қонды!
+2 дауыс
ммм...өте қиын жағдай((( Отбасылы емес адам болғандықтан, не айтарымды да білмей отырмын.
         Менің ойымша, ол әлі өзінің отбасылы болғанын сезе қойған жоқ. Әлі өзіне жүктелген жауапкершілікті сезініп жүрген жоқ. Сізге айтарым, сабырлық танытқаныңыз дұрыс деп ойлаймын. Бірақ, күйеуіңізге ренішіңізді білдіргеніңіз жөн. Егер осылай бола беретін болса, ол бәрібір кешіре береді ғой деп одан да зорғысын жасауға дейін баруы мүмкін(Аллах одан сақтасын). Ренжігеніңізді білдіріп, сөйлемей қоюыңызға болады. Тамағын, шайын дайындап, жанында отырып, бірақ сізге қалай ауыр екенін білдіріп сөйлемей қоюыңызға болады. Осыны күйеуіңіз түсінеді деген үміттемін.  Сондықтан да, сізге Аллах сабырлық берсін деп тілеймін. Бұл мәселенің жақсы жаққа қарай шешілуін тілеймін.
+2 дауыс
Бибінұр, менің ойымша ең дұрысы күйеуіңіздіңде, озіңіздіңде агенттеріңізді өшіріп тастаған дұрыс. Себебі сіздер енді бұрынғыдай бойдақ, бастарыңыз бос, жас балалардың ісін істейтін адамдар емессіздер. Өмірге шын көз қараспен қарап, өмірге нақты мақсаттар қою керек. Бәрін ұмытыңызда, күйеуіңізбен ақылдасып АГЕНТ деген пәледен құтылғандарыңыз жөн. Адамдарды ұрыстырып, ажырастыратында, біреуге отірік ғашық ететінде сол пәле. Өзім үйленгесін сол пәледен құтылам, кәзір соған өзімді дайындап жүрмін. ТАҒЫДА АЙТАМ АҚЫЛДАСЫП АГЕНТТЕН БІРЖОЛА БАС ТАРТҚАНЫҢЫЗДАР ЖӨН! ЖАНҰЛЯ АДАМГА АГЕНТТІН КЕРЕГІ ШАМАЛЫ!
127,974
сұрақ
322,914
жауап
153,164
пікір
73,058
қолданушы
...