+3 дауыс
1.1k қаралым
[Ғаламторға заңсыз өнім салғандар жауапқа тартылады][1]


  [1]: http://tv7.kz/kz/news/o_i_alar/31464/

бұл қаншалықты рас өз ойларын қандай
келсем деушілер 1 ді
келіспеймин деушілер 2 ні жазыныздар

4 жауап

+3 дауыс
әрйне келіспеймін 2 2 2 2 2 2 2  2 2 2 2 . Заңсыз өнім деп қояды ғой. Сол заңсыз өнім болмай тұрғанда, қарапайым  таланты бар адамдар оз бейне баянын салып танымал болып, жұлдызы оңынан туып, бағы ашылып жатқандары да бар емес па? Ал енді осындай таланттар қайда барып өз талантын көрсете алады? мен қарсымын
кешіресіз, мұнда ескі заңның нұсқасы.
+2 дауыс
Мен келiспеймiн. Ол жердегi басты мақсат не екенiн мен мына жерде айтқан едiм. https://surak.baribar.kz/83333/ Қазiр демократиялық ұстанымдағы адамдар үкiмет тарапынан болатын құқық бұзушылықтар мен заң бұзушылықтарды видео жазбаға түсiрiп ғаламторға жiберу арқылы ғана оқиғаны дәлелдей алады және сол арқылы халыққа жеткiзедi. Ол үкiметке ұнамайды. Бар мақсаты соған тосқауыл қою. Ендi осы заңды негiзге алып кейбiр адамдар соттасып әбiгерге түсуi мүмкiн. Ең соңында негiзгi жеңуге тиiс адам жеңiлiске ұшырайтыны қалыпты жағдай ғой. Себебi, кiмнiң танысы күштi болса не кiмнiң ақшасы көп болса сол ұтатын заман. Бұл Заңның бiздiң қоғамға пайдасы болмайтын сияқты. Себебi, ғаламтордың дамуына керi әсерi тиедi және демократияны шектейдi.
Мысалы Жаңаөзенде болған оқиғаны билiк бұзақылық деп хабарлады.(бұл тақырыпты талқыламай ақ қояйық) Ал, осы жердегi бiршама шындықтың ашылып, халыққа өз бейнесiнде жетуiне ғаламтордың аз да болса пайдасы болды. Халық себебiн бiлдi. Ақыр соңында жемқор басшылар ұсталып,жауапқа тартылу үстiнде. Солардың кесiрiнен халық қырғынға ұшырап, түрмеге тоғытылған едi. Бiз де зардабын көрдiк. (бұны мысал ретiнде жазып отырмын). Ендi ғаламторға ештеңе сала алмаймыз. Бұрынғыдай мүмкiндiк болмайды. Ендi ондай халық мәселелерi қозғалмайды. Жабулы қазан жабулы күйiнде қалатын болады.
+3 дауыс
Қарсы сұрақ: оны қадағалаудың мүмкіндігі бар ма, мысалы мен майл ру-ға бір әнді салып қойдым, сонда маған келіп айыппұл сала ма? Кім салады, қалай салады, Интернетті, сайттарды жақсы білетіндерің жауап беріңдерш, мен түсіне алмай отырмын!!!!!!!!!
Егер сіз интернетке жіберген әннің авторы көріп арыз жазса сізді шынайы іздесе 1 күнге жеткізбей-ақ тауып алады. компьютерде IP адрес деген болады. сол арқылы сіздің қолданған IP іңіз арқылы  сіз басқада сайттардағы немесе Email дағы анкетаңыз арқылыда тауып алу мүмкін. немесе турған жеріңізді тауып сол арқылы іздестіруі мүмкін. сақ болыңыз, Демократия дейміз бірақ ол қарапайым халыққа көп үйлесе бермейтін сөз, Заң деген қарапайым халық үшін арналған басқару құралы!
+1 дауыс
Бұл қитұрқы саясаттың қитұрқы заңы,өте қауіпті. Бақылау деген бос сөз,нағыз тиым салу және ол оп- оңай жолмен іске асады.Сайттардаң ережесіндегі "сайт әкімшілігі қолданушының көзқарасына жауап бермейді"- деген пунктің күші бұл заңнан кейін өз-өзінен жойылады. Содан соң сайт әкімшіліктері амалсыздан цензураға симайтын материалдарды жауып отыруға мәжбүр болады.
Бірақ бұл тек қазнетке ғана әсер етеді дағы дамуына тұсау болады. Ал шетелдік инеттер біздің заңды не қылсын,біз амалсыздан шын ақнараттарды сырттың сайттарынан іздеуге мәжбүр боламыз әрі олардың окырман санын көбейтіп рейтингін өсіреміз.Өкінішті әрине...
Қосыламын. Жаңа парламенттiң құрылғаны кеше ғана ғой. Келмей жатып халықтың құқығын қорғағыш болып қалуын. Өз iргетасын нығайтудың амалын ойлау ғой.Үкiметтiң әрбiр жаңалығының саяси астары болады. "Түлкiнi атып қасқырға тигiзiп отыр" деп мәтел айсам түсiнiктi ме. Үкiметке күйе жағып отырғам жоқ. Мақтауға тұрарлық iстер жасаса мақтап та жүрмiз. Дегенмен сын айту халықтың еншiсiнде.
127,974
сұрақ
322,913
жауап
153,164
пікір
73,058
қолданушы
...