0 дауыс
737 көрілді
Мен 11сынып оқимын.Үйдің үлкенімін.ерке өстім.Қазыр ес кіргесін бұрынғы еркеліктер қалды ғой.Әйтсе де Ата-анам,үй-ішім мені кішкене бала көреді,аңқау,әле жас көреді.Менімен үлкен ересек жанмен араласқандарын қалаймын.Бұлай ата -анама ренжитінім мысалы көп :достарыммен қыдыруға жібере бермейді.Оқуға да ертең басқа алыс жаққа жібермейміз дейді,ал мен өз қалауыммен қалаған жерге оқығым келеді.Олар неге мені түсінбейді?Олай істеме бұлай істеме деген сайын жыным ұстап,өзімнің үлкен екенімді дәлелдегім келеді.Тырысып та жүрм бірақ нәтиже шықпайтын сияқты.Мен ендиі қалай істейм шаршадым!

5 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Сіз үшін уайымдайды ғой олар. Әйтпесе, ата-ана үшін баласынан қымбат кім бар бұл жалғанда?! Мені де ата-анам жоғарғы оқу орнын өзге қалада оқығым келеді дегенде жібергісі келмеген, сосын айтқандарымен келісіп, осында өзімнің қаламда қалуды жөн көрдім. Қазір мүлдем өкінбеймін. Ата-анаң мен бауырларыңмен күнде бірге жүресің, әрі көп таныстарың да осында. Таныс мекен-жайлар... Достарыңызбен қыдыруға жібермегені әзірге ғой, жоғарғы оқу орынна түскесін әлі-ақ барасыз талай қыдырысқа! Қазір сізді аңғал деп санауы да жөн. Өзіңіздің үлкен екеніңізді дәлелдеудің қажеті жоқ. Үлкен болудың қажеті қанша?! Қанша мәселелер болады әлі алда. Одан да осылай ата-анаңыздың кішкентай гүлі болып жүргеніңіз артық. Бір күндері осы біреудің мейіріміне, біреудің сіз үшін уайымдап, сіздің жағдайыңызды ойлайтын сәттерді сағынатын кезіңіз болады. Сондықтан, әзірге ата-анаңыздың айтқанын тыңдағаныңыз жөн. Егер сіз қалаған мамандық өз қалаңыздағы жоғарғы оқу орнында болса, неге өз қалаңызда қалмасқа?! Өз үйіңізде жүрген барлық жағдайлардан бірнеше есе артық қой)!
Сізге көөөөөөөөөп рахмеееееееееет .Дұрыс қой бәрі.Әйтсе де өзімен тең көріп ашық бірге сөйлескім келеді да просто........
Ата-анаңыз сіздің де пікіріңізді тыңдап..сіздің де ойыңызды есепке алғанын қалайсыз ғой... сол ойыңызды ашық айтып көріңіз. Үйдің үлкені болсаңыз, болашақта онсыз да ата-анаңыздың шешім қабылдарда кеңесер адамы сіз боласыз ғой!
+2 дауыс
Таза ақымақ қыз екенсің,біресе тастап кеткен жігітіңді сағынасың,біресе ата-анаңды менсінбейсің. Сен 70-жасқа келіп шешең 90-жаста болса сонда да сен оған үлкен адам емессің, саған қызым деп сөйлейді, ал сен оған мама деп сөйлеуге міндеттісің. "Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды"-дегенді естіп па едің. Достар ,постар дейді ғой,дос табылады,ертең өліп қалса әке-шеше табылмайды да,еш дос әке-шешесін саған бермейді.Сондықтан олардың айтқанын істеп,оқуыңды оқы адам боламын десең. Айдай әлем оқитын интернетке жазып оларды масқаралама. Қаттырақ айтсам мені кешір.
Сіз тым артық кеттіңіз.бұл менің жеке шаруам .Сіз емес мені сынап мінейтін.Кімсіз сонша?өз өміріңіз керемет болса тыныш отырсаңыз болдығой.Дөрекі жан екенсіз.Ұнамаса оқымаңыз.Жалғыз мен емес,өзіңіз бәріне ақыл айтып мінеп отырады екенсіз.Соншалықты ақыл тасып бара жатса негып отырсыз сайтта?байқасам үлкен кісі сияктысыз.Оданда бала шағаңызға өсиет айтып отырмайсызба?артық кетсепм сізде кеширіңіз!!!!!!!
Қателесесің жаным,сайтқа жазған екенсің бүл сенің ғана емес осы жердегі барлық қолданушылардың шаруасы. Сайт мектеп оқушыларына ғана арналған дегенді қай жерден оқыдың.
Мен үлкен болсамда бұл жерде  отырсам сен сияқты өз әке-шешесін тыңдамайтын,бүкіл әлемге әңгіме қылатын, мектепте сабақ оқудың орнына күнде жігіт айырбастап оларды сағынып жүретін   көргенсіздерге ақыл айту үшін отырмын.Жазуыңда қате деген өріп жүр,одан да оқуыңды оқысаң болмай ма,жігіт сенің не теңің.
Сіздің маган бұлай сөйлеуге ешқандай қақыңыз жоқ.Жөніңізді біліңіз ағай!Сіз үлкен басыңызбен бұлай дөрекі сөйлегеніңізге қарап көргенсіз мен емес сіз екеніңізді байқауға болады.Бірақ ақылмен шешейн.кіші болып мен қоя салайын.а то ұялатын түріңіз жоқ))))))))))))хД)))
–1 дауыс
Менде де осындай жағдай болып жүр 9 класстан кейін бірак мен кетіп қалдым колледж оқим деп бірак ата анам әлімге дейін мені бала көреді. Достарымда мені түсінбей қойды менде де жынданатын мын бірақ мен өзім түсінгенім менім тәрбием ерекше болып келеді басқалардан сен оны түсінеыін бірақ тіл байлық аз бізде қазір өзімде қиналып жүрм ата анам мені түсінбейді құлақ асып тындамайды амал жоқ шыдамды болып жүрм. Саған айтар ойым ата - анандікі дұрыс оларды жену қиын болады...
Бұл жағдай басқа қалаға жібермеуде емес ата-атанын түсінбеушілігі. Өмірде адамда қателік боладығо болмайды емес олар өз қателіктерін көрмейді біз ол жайлы оларға айтсақ олар түсінбей қояды сосын ақайлай бастайды. Бірақ өз Ата - анамды ренжетем деген ойым жоқ )
+1 дауыс
Менің жағдайыма қарама қарсы екен.Мен уйдің үлкенімін, кішкентай кезімнен еңбекке араластым, оған еш өкінбеймін.Қазірдің өзінде мені үлкеен көреді ата-анам, ешқандай еркеліксіз, тұйық өстім.Ал, қазір сол еркелікті аңсап жүрмін.Керісінше үлкен болғаннан гөрі кішкентай ерке қызы болып жүре бергім келеді.Қыз жат жұрттық.Болашақтат сізде бір уйдің отынын түтетесіз.Жаспынғой, қыдыруым керек деп ойлайтын шығарсыз.Одан түк пайда жоқ оданда өзіңе керек нәрселермен айналысыңыз.Өз қалаңызда өзіңіз таңдаған оқу орны бар болса сол жерге оқуға түсіп, небір курстарға жазылыңыз тігін шеберханасы,уй медицинасы,тағам әзірлеу барлығын бос уақытыңызда оқып алыңыз.Болашақта қыздар өз достарын ұмытып кетеді, барлығы уақытша қыздардың достықтары мәңгі болмайды.Уақытша қызықтың соңына кеткенше,  қазір қаттысын көріп, кейін тәттісін көріңіз....Шаршадым дегендей түк көріп отырғаным жоқ.Бала ата-анасының мейірімінен шаршамаса керек.Небір жетім балалар бар осы мейірімнің дәмін сезбей өскен.....Үлкен болғыңыз келсе соған лайықты қызмет жасаңыз.!!!!
0 дауыс
Өз қалаңда оқығанға не жетсін? Мені де ата-анам басқа қалаға жібермеген. Грантқа түсу мүмкіншілігім болса да тек өз қаламды жаздырды. Грантқа түсіп, оқыдым. ӨкІнбеймІн, басында ренжіп жүретінмін жібермедіңдер деп, қайта қуандым кейінірек. Ата-анаңның қасында болғанға не жетсін.
...