+3 дауыс
453 көрілді
Жақында апам тұрмысқа шақты. Бірақ, тойдың үстінде мее жездеміздің бір емес екі рет айырылысып кеткенін естідім. Оны үйдегілердің біреуі де білмейді, апам да білмейді екен. Жездеміз бұрын екі рет үйленіп үлгергенін ешкімге тіс жармай сақтап отыр. Әйткенімен жездемізді жақсы танитын біреу оны маған айтып үлгерді. Бұны естіп алып мен өз-өзіме келе алмай жүрмін. Бұл туралы анам естісе білмеймін не боларын, ал апам естісе ше...??? Сонда қалай болғаны, неге жездеміз онысын жасырады екен?Түптің түбінде шындық судың бетіне шықпай ма? Ең құрығанда жаңа құдалар да айтып отырған жоқ. Той қазақтың салт-дәстүрімен, құда түсу жолымен өтті. Тым болмаса құдалар жағынан бір адам шығып, алдымыздан өтіп айтуы керек еді ғой. Ертең онысын қалай түсіндіреді екен? Қалай болғанда да апам мен анамда ойлап жүрмін, жездеміздің бұл жаңалығын қалай қабылдар екен деп.
Сіздер қалай ойлайсыздар? Сонда бұл жездеміздің қай қылығы? Қандай ақыл қосасыздар?

4 жауап

+2 дауыс
Сіз ештеме демей жүре беріңіз.   Апаңыз білмейді деп ойламаймын. Негізі қыз жақта,ұл жақта, бір-бірінің жағы туралы алдын ала біліп отырадығой. Алыс болсада,  бірдеңесінің бірдеңесінің,көршілері екен,яки,нағашылары екен, тағы сол сияқты. тамырды зерделей келе қазақ өмірі бір-біріне  тума боп шығадығой.  Басқа қалаға асып кетпесе.  Сіз жақсы жағын ойлаңыз, мүмкін тағдыр шығар, тағдырға шара бар ма???
+1 дауыс
Егер сіздің апаңыз жездеңіздің 2 рет үйленіп, ажырасқанын білген болса, жездеңізге тұрмысқа шықпауы да ғажап емес еді... Мүмкін жездеңіз сіздің апаңызды жоғалтып алмас үшін шындықты жасырған болар... Қайткен күнде де шындық ашылады) Өтіріктің ғұмыры қысқа... Шындық көпшілікке жария болған кезде, апаңыз бен анаңыз қандай жағдайға тап болатыны айпаса да түсінікті жағдай деп ойлаймын... Әр нәрсенің өз мезгілі, мезеті болады. Уақыты келгенде өтіріктің бәрі шығады) Орыстарда "Лучше горькая правда, чем сладкая ложь" деген сөз бар ғой. Сондықтан жездеңізге ерте ме кеш пе шындықты айтқан жөн болар)
0 дауыс
Бұны жездеңіздің өзі айтқаны жөн шығар,бірақ сыр қылып ұстай беретін болса түбінде ашыладығо
0 дауыс
"Ештен кеш жақсы" деген мақал бар, кеш те болса су бетіне шығар сол шындықты жасыра бермей анаңызға айтыңыз, ертеңгі күні бәрін біліп жүріп айтпағаныңыз үшін сізге ренжуі мүмкін ғой. Қанша дегенімен анаңыз, әпкеңіз олардан жақын сізге кім бар....
Сәттілік тілеймін!
.
.
.
Сіздің сұрағыңыз ұзақ жазылған, ал оны өңдеуді айтыңыз......
<font color='red'>p. s. Сайт заңын ескере отырып жоғарыда тұрған [FAQ-Көмек][1]ті оқып шығуыңызды сұраймын. Сонымен қатар бұл сайтта таза қазақ тілі және қазақ әріптерімен жазуыңызды ескеремін. Сұрақ қоярда Ілмектерді - ажырату үшін (,) үтір қолданылады: деген жерді бос қалдырмауыңызды сұраймын, жәй ғана емес қатты сұраймын. Өзге қолданушылардың да назарына.....</font>


  [1]: https://surak.baribar.kz/faq
...