0 дауыс
5.6k көрілді

Армансыз адам болмайды. Дегенмен, кей жастарымыз болашағына өз қолымен балта шауып отыр ма деген де сауал мазалайды.

Еліміздің болашағы қазіргі жастардың қолында дейміз. Бүгінгі жастар аз күндік ойын мен күлкі, тән рахаты мен алдамшы сезім жетегінде кеткенін көргенде жаның ауырады. Әрине, жастардың бәріне топырақ шашуға болмайды. Бұл әңгіме жаһандық проблема болып отырғанымен – біздің елімізге де оңай тиіп жатқан жоқ.

Қазіргі уақыттағы ғаламтордан алынған мәліметтерге көз жүгіртсек, жағаңызды ұстайсыз. Дүние жүзі бойынша шамамен 40 млн. адам СПИД ауруына шалдыққан екен. СПИД ауруының кең тарағаны Африка елдері болса, ол жерде аурулардың саны жалпы көрсеткіштің 30–35 пайызын құрайтын  көрінеді.  Жалпы, бүгінде аталмыш аурудан 20 миллион адам көз жұмған.

Мамандардың сөзіне қарағанда, бүгінде СПИД Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдерінде кеңінен таралып келеді. Қазақстанның өзінде ВИЧ инфекциясын жұқтырған адамдар саны 25 пайызға өскен. Мәселен, биылғы жылдың көрсеткіші бойынша елімізде тіркелген адам 20 мың көрсетіп тұр. Десек те, бұл ресми тіркелгендері ғана. Ал жалпы аурулар санының қанша екенін білу үшін, мамандар бұл көрсеткішті бірнеше есеге көбейту керек дегенді айтады. Оның себебін Біріккен Ұлттар Ұйымының СПИД бойынша бірлескен бағдарламасының үйлестірушісі Александр Косухин төмендегідей түсіндіреді. Оның айтуынша, СПИД-ке шалдыққан адамның белгілі клиникалық жағдайлары байқалмайды.

Александр Косухиннің айтуынша, аталмыш ауруға шалдығатындардың басым бөлігі нашақорлар. Маманның сөзіне қарағанда, бұл 200 мың адам. Ресми мәлімет бойынша, Қазақстандағы нашақорлар саны өткен жылмен салыстырғанда 9,5 пайызға артқан. Елдегі нашақорлар санының артуы әлеуметтік жағдайдың төмендеп кетуі себеп екенін айтады. Әсіресе, 12–14 жас аралығындағы жасөспірімдер нашақорлыққа бейім болғандықтан, осы кезеңде мыңдаған жасөспірім жыл сайын есірткінің жетегінде кетіп жатыр дейді мамандар.

«Жастардың есірткіге бала жасынан елітуіне біріншіден, әлеуметтік жағдайдың төмендігі себеп болып отыр. Әсіресе, 12–14 жас аралығында өтпелі кезеңді бастан кешіріп, ұшып-қонып жүрген жас жеткіншектер үшін бұл кезең өте қауіпті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша да бұл жаста мыңдаған, миллиондаған жастар есірткі жетегінде кетіп жатады. Оған өтпелі кезеңде жасөспірімдердің ата-ана қарауынан тыс қалуы, олардың демалыс уақытында айналысар іс таба алмауы себеп болуда», – дейді нарколог-дәрігерлер.

Жастардың әуес көретін тағы бір нәрсесі – қорқор мен темекі, ол да бір рет шегіп көрейін деген әуестікпен басталып дағдыға айналып отыр. Әсіресе, қаракөз қыздарымыз басқа ұлт өкілдеріне еліктеп темекіні бұрқыратып бұрыш-бұрышта тұрғанды еш әбестік көрмейтін болып бара жатыр.

Сондықтан қоғамдық мәселе Әуезов ауданындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназия ұжымы да тыс қалмады. Мектепте СПИД-ке қарсы айлық өткізіліп, іс-шаралар жүргізілді.

«Салауатты өмір салты», «Ақпараттық мәдениет тәрбиесі» бағыттарының аясында Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының АИТВ/ЖИТС ауруының алдын алу орталығымен бірлесіп «АИТВ/ЖИТС ауруының алдын алу» тақырыбына лекция-семинар өткізілді.

Семинарға орталықтың маманы Асыл Қазиева келді. Ол өзінің лекциясында аурудың шығу тарихына тоқталып, аталған дерттің таралу жолдарын ескертіп, оның алдын алу жолдарына оқушылардың назарын аударды.

Аталған іс-шарада денсаулық сақтауды насихаттайтын бейнероликтерді балалардың назарына ұсынып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, 8-сынып оқушылары арасындағы «Біз салауатты келешек үшін» атты сайыстың тәрбиелік мәні өте зор болды.

Айлық барысында Г.Түлкібаева 9 «б» сыныбында «Нашақорлық – ғасыр дерті», М.Асылова 7 «в» сыныбында «Мен салауатты өмір салтын сақтаймын», Т.Әбенова 6 «ғ» сыныбында «Ел ертеңі – есірткісіз болашақ», Ж.Қалмахан 6 «а» сыныбында «Өмір, қымбатсың маған», Н.Омарова 6 «д» сыныбында «Салауатты өмір салты» атты тәрбие сағаттарын жоғары деңгейде өткізді.

1 жауап

0 дауыс
Өтінем өз қауіпсіздігің өз қолыда деген сөзге шығарма жазып бересіз ба
...