0 дауыс
5.8k көрілді

Өз денсаулығың өз қолыңда эссе керек?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Ел азаматтарының өмір жасының ұзақтығы cоңғы он жылда 3,2 жасқа өскен. Статистикалық деректерге сүйенсек, осыдан 10 жыл бұрын орташа жас мөлшері 65,8 жылды, ал былтыр 69,01 жасты құраған. Бұл - «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында көзделген мақсаттардың бірі. Аталған бағдарлама бойынша 2015 жылы халықтың орташа өмір сүру жасын 70 жасқа жеткізу көзделген. Бүгінгі нәтиже жаман емес, әрине. Бұл жетістікке жетудің кілті, бірінші кезекте, медицина саласы екені даусыз. Зейнетақы саласының мамандары таяу болашақта зейнеткерлік жасын ұлғайту қажеттігін, осы арқылы еліміздегі азаматтардың зейнет жинағын көбейте алатындығын алға тартуда. Бұл бастаманың дұрыс-бұрыстығын болашақ көрсете жатар. Мәселенің астарына үңіліп, сараптама жасаған мамандардың көзқарастары да сан қилы. Мысалы, Жапонияда әйелдер 80 жасында, ерлер 85 жасында зей¬нет¬ке шығады. Корей мемлекетінде де осындай жағдай. Алайда, алаңдайтын мәселенің ауаны бөлек. Біріншіден, қазақстандық қариялар мен жапондық қарттардың денсаулығын салыстыру қисынсыз шығар. Медицина саласының мол мүмкіндіктері бір себеп болса, қарттардың салауатты өмір салтын ұстануы - екінші себебі. Бүгінгі таңда «Мықты денсаулық — жасыңа жас қосады» қағидасын ұстанатын ата-әжелеріміздің қарасы аздау. Әрине, олардың өмір сүру ұзақтығын арттыру мақсатында атқарылған істер аз емес. Мәселен, облыста өткен жылдан бастап егде жастағы азаматтарға арналған «Ұзақ өмір сүру мектептері» жұмыс істеуде. Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы жанынан ашылған осындай мектептер жемісті еңбек етуде. Көңіл көншітерлік бастама. Алайда, оның өміршеңдігі көңілге кірбің ұялатады. Қазіргі кезде қала көшелерінің бойымен велосипед теуіп, спортпен айналысып жүрген апа-аталарымызды көру сирек құбылысқа айналуда. Зейнетақыларын дәрі-дәрмекке жұмсап, емханадан шыға алмай жүрген аға буынды көргенде, «Мен де осындай боламын ба?» деп іштей уайымдайсың. Халық арасында «күнімді дәрігерге қаратпасын» дейтін сөз бар. Бұған орайлас «Ащыны татпаған тәттінің қадірін білмейді» деген қағиданы да келтіруге болады. Өкінішке қарай, біз кейде сырқатымыз әбден асқынып, шыбын жанымызды қыспаққа алғанша көнбістік танытып жүре береміз. Денсаулығымыз сыр бермесін десек, бірінші кезекте, «ауырғанға дейін емделу» қағидасын ұстанған абзал деген ойдамыз. Ал осы ережеге мойынсұнбай, сырқатты болу дамыған елдерде мәдениетсіздіктің белгісі болып табылады. Ендеше, ұлт пен халық болашағы үшін денсаулығымызға бүгіннен бастап абай болып, салауатты өмір салтын ұстанайық.

Ұқсас сұрақтар

...