+1 дауыс
Қыз сынына арналған әдемi таныстыру өлеңiн тауып берiңiздершi?
30.01.2012 81.4k қаралым

2 жауап

+4 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Нұрила:

Армысыздар апа – әже, аналарым

Дарытқан барша әлемге өмір нәрін

Құттықтап, шаттық сыйлап келіп тұрмыз

Бүгінгі бүлдіршінің, ертеңгі болашағың.

Жүсіпқызы Нұрила, Рахила менің сіңілім

Сүйкімді қыздарымыз біз ата – ананың

Құштармыз сусындауға білім алып

Асқақтатар биік туын Қазақстанның.

Махаббат:

Атым Махаббат, Ахмет тегі болам,

Әкем аты Данияр, Мұрат атам.

Жангелді ішінде, руым Темеш,

Дәл биыл,Қоян жылы 8 толам.

Гүлназ:

Жиналған қызғалдақтай қыр гүлімін

Руым Темеш, ішінде Жангелдімін.

Созбалап айта беріп не етпекпін

Мен үйде ерке өскен бір қызымын

Айнұр:

Таныстырып өтейін мен өзімді

Атым Айнұр Марат қызы боламын

Мақсатым үлкеннің тілін алып

Ата – дәстүр салттарын жалғап барам

Лаззат:

Келдік біз міне бүгін сыналуға

Сыналып үлкендерден үлгі алуға

Саламыз бар өнерді осы ортаға

Береді әділ қазы әділ баға.

Әділ қазылар бағасын беред
18.03.2012
Маған сіздің жазғаныңыз ауадай қажет еді 1сыныптың  5-қызына тауып бердім Ұлданка
+4 дауыс
Бір үйдің кішкентай қызығы
Раушан гүлдің үзігі
........  әкемнің
..... деген қызымын.
Дөңгеленіп билеймін,
 Шырқап ән де саламын.
Анам менен әкемді
 Тыңдайтұғн баламын.

 Өлеңді [мына сұрақта жауап ретіндіжазылыпты, содан алдым][1]
авторы  [Өнер адамы][2]


  [1]: https://surak.baribar.kz/15326/
  [2]: https://surak.baribar.kz/user/Өнер+адамы
30.01.2012
127,959Сұрақ
322,882Жауап
153,169Пікір
72,997Қолданушы