+1 дауыс
16.9k көрілді

Көмектесіңдерші, 7 наурызға қыз сынына өзін-өзі таныстыруға өлең жолдары керек еді. Аты жөнім Хайруллаева Айсұлу  әкемнің аты Бостандық  анамның аты Алмагүл  руым Таз   5 г сыныбында оқимын.

2 жауап

+2 дауыс

Бесінші сыныпта да "Қыз сыны" байқауы болады екен-ау.

0 дауыс

Сөз басы бисмилла толғанайын,

Бiр Алла талабымды оңдағайын.

Армысыңдар, жиналған барша қауым,

Сәлемдесiп сөзiмдi оңғарайын.

Тиiмдi пайдаланып кезегiмдi,

Таныстырып өтейiн мен өзiмдi.

Мен - Айсұлу бұл сынға шығып тұрмын,

Шабыт-жебе, садақ қып-өнерiмдi.

Жаңаөзен өлкесінің бір гүлімін, (өзіңіздің өңіріңізді жазасыз)

Елімнің еркелеткен құндызымын.

Бесінші г сыныптан шығып тұрмын,

Намысын қорғау үшін сыныбымның.

Өн бойынан жетi өнер табылатын,

Танысаңыз Бостандық әкем аты.

Алмагүлдей анам бар елге сыйлы,

Солардан тәрбие алдым қилы-қилы.

О, халқым, бастарыңа бақыт қонсын!

Елiмiзде береке, бiрлiк болсын!

Көктемнiң шуағымен бiрге келген,

Аналар мерекесі құтты болсын!

...