+4 дауыс
Қазіргі таңда біз қыздарды,бірнәрсе сұрағанда немесе танысқанда ДЕВУШКА атыңыз кім?ДЕВУШКА мынау қанша? деп сұрап жатамыз. Бірақ соны қазақша айтайыншы десең ҚЫЗ атыңыз кім? Қыз-ау мынау қанша? деп ыңғайсыз естілетін секілді! Осы ДЕВУШКА дегенді қалай қыздар ренжімейтіндей,құлаққа жағымды естілетіндей айтса болады екен?
27.01.2012 830 қаралым

8 жауап

+5 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Өз басым қаратпа ретінде, жағымды сөздерді қосып айтуды жөн көремін. Мысалы:    Бұрымды Қыз, қалыңыз қалай ? Сұлу Қыз, есіміңіз Кім б..? ....Көп Қыздарға  Амиголықтың көрінісі ұнай бермейді....  Сол себепті, кей жағдайда Атын да, жынысын да атамай сұраймын: Кешіріңіз, мынаның Бағасы қанша болады ? .... Ренжімесеңіз, мынаны ала тұрайын... н/е .... Сіздің (Сенің) Есіміңіз (Есімің) Кім б..? __ сол сияқты...Әр Адамға өз  аты ешқашан жалығу туғызбайды... Есімін біліп алып(Қастарында тұрсаң да әйтеуір біліп алсаң...), сөйлессең де жөн... Алтынай, қалың қалай ? ____  Қалайсыз Жазира,Мені таныдыңыз ба ? _ жоқ. __ Кеше, мейрамханада, билеп едік қой...Ары қарай түсінікті... ал ҚАРЫНДАС сөзін жиі қолданбауың абзал. Бірталай Қыздың ЛЛАЛАЛА комментіне қалғанмын..неге жақпайтынын түсінбедім....Жалпы -осы..Сәттілік.
27.01.2012
Базарда, дүкендерде "Девушка, это сколька стоит?" деген создi халық көп қолданады ғой. Оны айтып тұрған адам әйел адам болуы да, ер адам  болуы да, жас немесе үлкен адам болуы да мүмкiн. Сондықтан, "Қарындас" деп айту шектеулiлiк бередi. Егер ортақ түрде "Бойжеткен мынауыңыз қанша тұрады" деп аударсақ тамаша болар едi.
Медетбек, Келісемін.
+1 дауыс
Девушка дегенді айтпай ақ қазақша Әдемі қыз дешейші,сонда қыздар қуанадығо!Ал девушка орысшағо
27.01.2012
Әдемі қыз деген жай қарапайым сияқты
Қарапайым емес Девушка дегенің орысшағой,қазақша айтқан жөн сияқты
+2 дауыс
Күнделікті өмірде "Девушка, атыңыз кім?" деген сұрақтың қазақша баламасын естігенім бар. "Қарындас, есіміңіз кім?" деген сияқты...) "Девушка" сөзінің орнына қазақша сөз айтуға болады ғой... Мысалы: қарындас, бойжеткен...ммм...тағы да сол сияқты)
27.01.2012
0 дауыс
О Қарындас атыңыз кім? деген жөн сиақты.
27.01.2012
0 дауыс
Бойжеткен есіміңіз кім болады?
О Сұлу қыз мен сізді бір жерден көрген сияқтымын
Қарындас жақын маңда қандай дәріхана бар, мені ерітіп апарыңызшы
27.01.2012
+1 дауыс
Білмедім жас қыздармен қазақаша танысамыз қай тілде сайрағысы келседе сол тілде танысып жөн сұрай аламын нақтырақ айтқанда (орысша, французша, немісше, түрікше) былдырлап бере аламын
27.01.2012
Түрік тілінде:      "  Бүгін кешкі Сегізде Мейрамханада күтем. Сыйлығым бар. " - деген қалай болады ?
+1 дауыс
Мен қарындас дегенді жек көрем,біртүрлі естіледі,өзінді кішкентай қыз сияқты сезіп қаласың! Жігіттерге бұны айтпаса деймін!
27.01.2012
керемет емес пе? мен өзімді кішкентай сезінгім келеді.Апасы болып тұрғаннан қарындасы болып кішкентай бойжеткен болған жақсы.............
0 дауыс
"қарындасым" не "апа" деген сөздер қолданған дұрыс қой
30.01.2012

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,882Жауап
153,169Пікір
72,992Қолданушы