+27 дауыс
2.2k көрілді
*Жалпы осы САЙТта, байқасаңыздар,   мағынасыз, қажетсіз  СҰРАҚТАР мен ЖАУАПТАР -дың орын алуы жиілеп кетті .  .  .*

Ескертпе:

1. Сайтқа жаңадан тіркелген ҚОЛДАНУШЫ болсаңыз, сұрақ қойып, жауап жазбастан бұрын  міндетті түрде  [Сайт ережесі][1]  және [FAQ - КӨМЕК][2]-пен танысып өтіңіз !!!

2. Ұятсыз сұрақтар мен жауаптар қоюға тыйым Салынады !!!         Сайттың 85-90% -ы Жасөспірімдер мен Балалар. Ұятыңыз болсын !!!

3. Өзіңіз "білетін"  ЖҰМБАҚ СҰРАҚТАРЫҢЫЗДЫ қоюға болмайды!!!        ....  Тек көкейіңізде жүрген, білгіңіз келген, білмейтін, анықтай алмаған Сұрақтарға ғана рұқсат. Балалық "іс әрекеттің" барлық көрінісіне тыйым салынбақ!!!

 Мысалға:  " Ақ киімді, денелі, Ақ сақалды, Ол кім ?" ________ " Бір Жігіт Жаңбырдың астында қалды. Бірақ, шашы су болмады, Неге ?" ____ " Айдалада ақ отау, аузы мұрны жоқ отау ?" - осы типтес сұрақтар.

4. Басы бар Аяғы жоқ Сұрақтар мен Жауаптар өшіріледі !!!        
Мысалы:    " Физикадан кім жақсы шығарады..мына есеп: ___" - [болды. Сұрақ қойыла бастады, шығарар Есеп  жоқ. Бәрі Аң-таң]  --- Жауап
жазғанда:     "Білмейді екенмін" _ "Көрген емеспін" "Сусындап Бал....[ар жағын жазбай кету]" __ т.с.с.

5. Бір Сұрақты екі рет қоюға болмайды !!!

6.  Сұрақ қойғанда:    Негізгі бөлікке Сұрақтың мағынасын ашып жазыңыздар!!!

 Мысалға,  Негізгі бөлікке "Физика туралы. Сұрақ ішінде..."  немесе "Көмектесіңіздерші, Плагиат."  - деп емес, "Физикадан: Үльтракүлгін сәуле деген не? "   немесе "Плагиаттықтың алдын алу жолдары қандай ? " - деп қою керек! *ps:* Сұрағыңыз мәтіні ұзақ болып, талап етпесе, болады және  Ілмекті жазуды ұмытпаңыздар...

7. Сұрақ қоймастан бұрын Сұрағыңызды Іздеу мүмкіншілігін пайдаланып іздеп көріңіз, Осы сайтта Сізден алдын Сұрағыңыздың қойылып қоюы ықтимал.

8 )Қайдан отырсаңыз да И -ні І қылып,  Г-ны Ғ қылып жазуға ынталаныңыздар!!!         ...және қате жазбауға тырысыңыздаршы! ! !
Бұл Біз бен Сіздің Қазақ тіліне құрметіміз болсын!!!

9)Діни тақырыптағы сұрақтар өшірілініп тасталынады. Себебі ДІН тақырыбындағы сұрақтар "оңай" емес. Оған діннен хабары бар мамандар жауап бергені дұрыс. Діни сұрақтарыңызды  [Қаттани атындағы Мешіттің][4] ұжымына қойсаңыздар болады.

10)Сайт танысу алаңы/ортасы емес!!! ....Ол үшін арнайы "Сайт знакомств" бар...)

11)СОҢҒЫ ПУНКТ: ЕЛ-АУДАН-МЕКЕН-РУ-ҰЛТ арасындағы ДАУ не болмаса КЕЛІСПЕУШІЛІК туғызатын
СҰРАҚТАР ӨШІРІЛЕДІ. Бәріміз - бір ҚАЗАҚ ұлтынанбыз. ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТЫМЫЗ!

#Әзірше -осы. Қазақ тіліндегі Сайтқа бей-жай қарамай, ДАМУЫНА үлесімізді қосайық, Достар !!!

Тағы бір нәрсе: Ескертулерге қатысты қосымша сұрақтарыңыз болса, ЖАУАП БЕРУ батырмасы ашық .

16 жауап

+19 дауыс
 
Жақсы жауап
Тарих па,математика ма,физика ма,әйтеуір бір кітапты ашып қойып бір параграфтан соң бір параграфты сұрақ қылып қоя беруді де қою керек шығар.
Дұрыс айтасыз.
Туһ, жан-айқайыңызды естіп жатқан біреу бар ма? Мынаның ішінде өз қателіктерім де барға ұқсайды.... Ең алғаш келгенімде мен де еш нәрсе түсіне алмай көп қателік жіберіп, әркімнен ескерту ести-ести адам қатарына қосылып ем...)))) Қолданушыларға ескертуді басқаша жеткізу керек немесе еш ерінбестен, ашуланбастан түсіністікпен қарау керек. Жаңа келген қолданушылар да келе сала білгіш болып кетсе қызық та болмай кететін шығар. Әлішер, соңғы кезде бимаз болып жүрсіз, сабыр сақтасаңыз қайтеді???
Сабыр ...сабыр...сабыр...сабыр....Жеке өмір түрткісі әсер етіп жатыр-десең..ііі. Комментсіз, Көркем ханым. Барлық Сұрақ пен жауаптарды өңдеуге "қызметкерлердің" шамасы жетпей жатыр. . .солай.
ЫЫЫЫЫЫЫЫ толқытай келісемін. және:

сайттың жаңа ФАК (эфэйкю) пен ережесін жазып шық (өз нұсқаңды). көрейік қалай болатынын. негізі ереже мен көмекке біраз өзгертулер енгізу керек деп ойлаймын

пы\сы кезінде мен де сайтта белсенді болып жүргенімде сайттығ ережесін жазып едім бес бет қыоып, (осы сайттың бір жерінде жатқан шығар) сосын ары қарай бітіріп тастауға уақыт та болмады, артынан құлшынысым да болай қалды.

сілтемесі http://files.gw.kz/vkub940zen.html
+15 дауыс
Әлішер дұрыс айтасың айтқаныңмен 100% келісемін!
+15 дауыс
Ескертуіңді ескерсе, әрине жақсы болар еді. Мынауыңды оқымақ түгіл, шынайы өмірде ақыл айтсаң пысқырмайды ғой, пысқырмайды. Жалқаулық - бұл індет құртып барады. Білсем, үйренсем екен деген ой жоқ, тек жануар секілді ішсем, тышсам, жесем, ұйықтасам. Эххх.
+15 дауыс
СОҢҒЫ ПУНКТ: ЕЛ-АУДАН-МЕКЕН-РУ-ҰЛТ арасындағы ДАУ не болмаса КЕЛІСПЕУШІЛІК, ТҮСІНІСПЕУШІЛІК туғызатын
 СҰРАҚТАР ӨШІРІЛЕДІ. Бәріміз -  ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТЫМЫЗ!
Сөйлегісі келіп тұрған Қолданушыларға:  Агент бар...және түрлі-түрлі ФОРУМ-ға арналған сайттар.
дінді де қосып жібер
Қостым. Еңбегіңді көрдім. Соңғы беттердегі мәліметтер жоқ-ау дейм осында...Жақсы құрыпсың. Бірақ, ОСЫНЫ АЯҚТАР Жан болса. . . .деп ем. Артынан Сайтқа енгізсек.ПлГр.
Соңғы пункт маңызды бөлімдердің бірі болар еді, жақсы қосылған.
+12 дауыс
сізбен толық келісемін! бұл сайт керемет сайтқой. Салмақты сауал қойып, салиқалы жауап берейік алаштың алғыр жастары!
+15 дауыс
Менің бір айта кетер жағдайым бар еді. Негізі бұл сайт өте ұтымды етіп жасалған. Пікір алмасу өте жақсы, қарқынды түрде жүзеге асады. Бірақ, біз ұмытпауымыз керек, әр адамның пікірін сыйлай білуіміз керек. Өкінішке орай, сайтта бір жылдан астам уақыт отырдым, профессор атағын алдым деп мысал үшін басқа адамның пікірін өршеленіп айтылған сөздермен өшіріп жатады. Бұл мүлде дұрыс емес. Ондай жағдайды көп байқадым. Сайтта профессор атандым деп, дандасынудың қажеті жоқ. Тырнақтай балаға дейін әркімнің өз жеке пікірі болады, оны сен де, мен де өзгерте алмаймыз және өзгертуге хақымыз жоқ. Сондықтан бір бірімізді сыйлап, жеке пікірімізді айту барсысында өзге адамның намысына тимейтіндей етіп айтқан жөн деп санаймын.
Сұрақ неге өшірілгені жайлы астында мағлұмат беріледі. Негізі сұрақ жазбастан бұрын Сайт ережесімен толық танысып алған жөн болар еді. Ешкім де жөнсіз өшіре алмайды.
Сіз мені түсінбедіңіз.  өршеленіп айтылған сөздермен өшіріп жатады. Яғни өзінің пікірін зорлап міндеттейді.  Менің жазғанымды мұқият оқып шықсаңыз жөн болар еді.
хммм Карина, өте дұрыс-ақ, Адам адамды ешқашан да түсінбейді ғой, тек түсінуге тырысады... (Айшат деген қолданушы айтып еді осылай)

Мен де осы сайтта жүргеніме бір жыл болмаса да соған жақындады, тек 3 рет нигімді ауыстырғаным болмаса... Профессор болмасам да модератор болғанмын біршама уақыт, ол кезде менде де жұлдыз ауруы болған)))

қазір қарапайым қолданушылардың жағындамын, соларды түсіну үшін өзім де  сол қарапайым қолданушы болып жүрмін. Менің де ойым сол, модератор, редактарларға жақпайтын жауап не пікір жазсам бірден-ақ өшіре қояды... сонда соларға жағынуымыз керек пе?

Сайттың белсенділері менің достарым, тіл тигізгенім емес, әлі де дос болып келеміз, бір ұжым болып. Сондада кейбір жерлерде көнілім толмай жатады...
Түсінгеніңізге рахмет!! Өте орынды, нақты жауап айттыңыз. Тіпті жетпіс жасқа келіп, талай нәрсені басынан кешірген зиялы ақсақалдардың өзі қателеседі, және қателіктерін мойындайды. Ал бұл сайтта менікін дұрыс дей қойса, мен көбірек білемін деушілер өте көп , өкінішке орай! Осы жазғанымды оқып, ондай қылықтар жасамайды деп үміттенемін.
Карина,орынды жауабыңыз...... . Бірақ, ДӘЛ ҚАНДАЙ СӨЗДЕРМЕН немесе ҚАЛАЙ пікірленіп Өшіріліп, жабылып жатады ?! __ Бір ғана мысал келтіріңізші, тереңірек түсінейін. .  .
Мен осы сайтқа тіркекелген күні бірден қызықтыратын сұрақтар мен жауаптарды оқып шыққан болатынмын. Қазір дәл сол жауаптарды жоғалтып алдым. Алда сол сұрақтар мен жауаптарды көріп жатсам, МІНДЕТТІ ТҮРДЕ мысал ретінде алып көрсетемін.
Жақсы. Рахмет Сізге.
димаш мен мына жазғаныңды оқып тіпті түсінбей отырмын. әлде ренжітті ма бір модератор?

және қолданушылар жағындамын дейсің, сонда модератор кімнің жақта? редактор кімнің жағында? ең қызығы бұлай жақ жаққа бөліну қашаннан басталды?

бір жағынан модераторлар мен редакторлардың көптігінің әсері де шығар. бір екеуі қателескен шығар, солардың арқасында барлық модератор редакторларға жақсы атақ жоқ. жалпы байқаймын сайттағы қолданушыларда бір түсінік қалыптасқан, модераторларға дұшпандықпен қарайды.

жұлдыз ауруымен деймісің? жәрәйді сенің дегенің болсын. мен де жаңа аккаунт ашып, "қарапайым қолданушы" болайын.

(жазғаның маған жағымсыз әсер етті, неге екенін білмеймін)
Карина Атар, сіздің жазғандарыңызға түсінбедім. Жазылған жауаптарды таппай қалдым депсіз,онымен не айтқыңыз келді. Сұрақ-жауапты іздеу жүйесін пайдаланыңыз. Тағы бір айтарым дұрыс сұрақ-жауап деп қабылданған жазбалар ешқашан өшірілмейді.Негізі сайт ережесіне қайшы келетін жауаптар бірден өшіріріліп,астына не үшін өшірілгені жайлы түсінік жазылады. Назар аударыңыз жапқан жауаптар үшін Сайт ережесіне сай ешқандай модератар,редактор,маман есеп беріп жатуға міндетті емес. Сондықтан қанағаттанбасаңыз Сайт админіне,болмаса сол маманға жеке хат арқылы хабарласыңыз.Ақылды болуыңызға қарсылығым жоқ,бірақ сол ақылды орнымен пайдаланыңыз дегім келеді. Осы сайттағы қаталдау модератордың бірі менмін,негізі сұрақты жабатын да менмін,бірақ маған сеніңіз себепсіз,егер өңдеуге келетін болса ешқандай сұрақ жаппаймын,басқаларды солай деп ойлаймын. Қаншама қолданушы менің өңдеуімнен кейін өз сұрақтарын таңымай қалуы да мүмкін.Бірақ амал қанша,Сайт мүддесі үшін солай істеу қажет. Болмаса бұл Сайт бәлдір-батпақ былық болып кетер еді. Егер Сайт сізге ұнаса,осы Сайттың  сізге ұнауы үшін ондаған адамдардың түнімен ұйықтамай жұмыстар істейтінін түсініп,оларды сынап жүйкелерін жұқартудың орнына титтей болса да көмек қолын созуға тырысарсыз деп сенемін.
Ай Абылай ай, осындай ұшқыр ойына ризамын ау! Қалай жауап жазарымды білмей қалдым, неге екенің білмейм бірақ еріксіз күліп отырмын))))

Мүмкін сен де жай қолданушы болсаң түсінерсің, бір-екі әріптен қате көрсең байқамай қалған шығар деп ойлайсың ғо, бұрын жөндейтін едім, ал мағынасы жағынан қате көргенімде осы модератор, редакторлар не бітіріп жүр деп қаламын... *(не жазарымды білмей жазғандағым ғо)))*

жәй қолданушы болғалы сол модер, редактрларға басқаша қарайтын болыппын.. бірақ Абылай өзің де білесің біршама модератор, рекдактор, мамандармен қай деңгейде дос екенімді.  

Сосын Абылай брат, саған жай қолданушы бол дегенім жоқ, сен де жай қолданушы болып кетсең басқалар да солай жасай бастайды. Сонда сайтты кім өңдейді? қайта осы позицияда қал дегеім келіп еді. Енді білдім, болды, необесуйте сайт өңдеушілері. Бұлай енді жазбаймын, менікі негізі былай ғой ойым, жаңадан енді қызығып келе жатқан қолданушының әрбір ісін қолдап, қызығушылығын одан әрі дамыту! Бірден жекіп, жазғандарын өзгерте берсе қызықпай кетеді ғой, қандай-қандай сайт деп, Бастапқы тіркелгеніңді өзің де ойлап көрші, сені қайдам, өзім баста талай қате жазғанмын. Ответы майл.рудағыдай әрбір сұраққа күлкі ретінде жаза беретінмін, олар де біртіндеп үйренеді. Көш жүре жүре түзеледі дегендей. Ал анау "Сайт ережесі", "FAQ-Көмек" (фак ю көмек)) дегендер тым ұзақ секілді, нақтырақ болсын деп ұзақ жазған шығар, бірақ мен құдай шынымды айтсам әлі күнге дейін толық оқымаппын. Оқуға да зауқым жоқ. Сондақтан олар да кейін дұрыс жазатын болады. Қызығушылығы мол, белсенді жаңа қолданушылар көп болса керемет емес пе? Жаңа адам жаңа идея, жаңа ой әкелед қайта. Бұрыннан тіркелгендер сұрақты өте сирек қояды, тек жауап берумен шектеліп. жай қолданушылар ғой қайта сұрақ көбейтіп жүргендер, ал сұрақ болмаса жауаптың болмайтының айтсапа да түсінікті.  Назарларыңызға Рахмет осы рақмет деген дұрыс па рахмет деген ба?
Сіздің менің жазғандарымды түсінбегеніңіз көрініп тұр. Өшіріп тастайды деген, ол сұрақты өшіріп тастауды айтып отырғаным жоқ. Менің жауабымды мұқият оқығаныңыз жөн болар. Еңбектеріңізді бағалаймын, бірақ сіздер еңбек етті екен деп өз пікірімнен бас тартуға баратын адам мен емес. Ол менің жеке пікірім , мұндай жазған сөздермен мені өз ойымнан қайтады екен деп ойламаңыз. Және де сынау жағына келер болсақ, мен ешкімді сынап, жүйкелерін жұқартып отырғаным жоқ, осындай сізден дөрекі сөздер естуімнің бар себебі менің өз пікірімді айтуым ғана. Егер бұл сайтта профессор дегендерге қарсы жауап айта алмасақ, бұл сайттың еш құны жоқ дегім келеді.
Кәринә,сен неге әбіржіп отырсың,ойыңнан қайтпасаң қайтпа тұмсығың тасқа тигенше. Ал енді сайтты бағалайтын басқа орындар,жібі түзу азаматтар бар,оған шаршама.
Қоялық... "Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры" деген аңыз есіме түсіп кетті ғо))) қоялық достар, ағалар, апалар, аталар, бар болса әжелер))))
Біріншіден, сөзді таңдап сөйлеңіз. Екіншіден есімімді дұрыс жазыңыз. Мен сіздің жеке басыңызға қатысты еш сөз айтқан жоқпын. Үшіншіден, әбіржігім келеді ма, әлде келмейді ма оны өзім білемін. Ол үшін қиналмаңыз. Сайтты аштым екен деп аспанға секірудің қажеті жоқ. Аспаннан жаңа салбырап түскен жоқсыз. Орныңызды біліңіз.
((( қойыңдаршы =( таң атпай жатым бұларың нес ((( мен кінәлі бола қояйын, сендер тату болыңдар әйтеуір. енді жазбаң пікірді
Alisher, нақты жауаппен көрсет деп едіңіз.. Мінеки, айқын дәлелі, модератор Jakoға қарсы пікір жазып едім. Мені сайттан өшіріп тастағанға ұқсайды, мен енді пікір жазып, сұрақтарды қарай алмаудамын. Басқа аккаунт ашуыма тура келді. Рахмет сізге, сіз ғана нақты және дөрекі жазбайсыз. Енді бұл сайтқа кіруге көңілім де қалмады. Сізге шығармашылық табыс тілеймін. Өкінішке орай, Jako сияқты модераторлар көбейе берсе, сайттың қонақтары азая бермек. Өзінің басым екендігін көрсетіп, мені кіре алмайтындай етіп қойды.
 Құрметті сайттың қонақтары, сайттың модераторларына қарсы пікір айта көрмеңдер, тек солардың айтқанын жақтап отырсаңдар болды сендер керемет боласыңдар. Бұл сайттың ережесі солай екен.
                            Karina Atar
Джако ағайларыңыздың жеке басына қатысты ештеме айтқан емеспін, керісінше ол кісі менің есімімді дұрыс жазбаудан бастады. Осы жауаптардың барлығын дұрыстап оқырһп шықсаңыз түсінерсіз. Жарайды, рахмет. Аккаунтты қалай удалить ете аламын?? Көмектесіп жіберсеңіз.
құдайым ай, әбет болды ғо, әлі салғыласып жатырсыңдар ма?      Karina Atar сізді бірей құлыптап тастапты, мен ашып қойдым
рахмет!!!
че за шум а драки нет:)))))) давай екіге бөлінейік онда, модераторларға қарсылар мен солар жақтағылар))))) әзілім ғо, шыңы аралас))) Негізі Жако ағай менің жездем болып келеді, чут чут проще сөйлейік, үлкен кісі ғой оның үстіне, езіп тұрып жазайын да Абылай обед ішпей оқысын))) тааааааак, біріншіден: не айтсам екен, ммм ааа анау не ғой КАрина, сөзіңнің жаны бар, модрераторларға абайлап сөйлемесең жазғаныңды 1 секунта жаба салад, онай ғой, кезінде өзім де солай жасайтынмын)))

енді біліп жатырмын, жауап пен сұрақты жауап тастаған қандай ОБИДНО екнің... болмайтын сұрақты жапқан дұрыс, я ничего против не имею, но не ғо, еңбектеніп жазған екен, соны жауып тасғанға әлі жыным келіп жүр (Улпанның сұрағы))))))

осы сұрақты жабу керек екен шынында, біреулер айтпақшы "Даулы мәселе қозғауға болмайды  :мысқылды күлкі смайлигі:
Сіздердікі дұрыс.. Осылай айтсам, ешкім қарсы болмайды. Оны ұқтым. Аккаунт қалай өшіремін айтып жіберсеңіздер.
Джако аға үлкен кісі болса, мені қарындасы ретінде көріп дөрекі сөщдерге жол бермеу керек еді. Жә, қойшы оны. Осы аккаунтымды да құлып салып қояр.
димаш сыболыш екенсің міне сілтеме, ашып қойдым улпанның сұрағын https://surak.baribar.kz/81928/

ал енді қырыла беріңдер мен кеттім
Мына жағдай өте ұят болды.  Барлығынан кешір сұраймын. Мен кеш байқап қалдым. Ашу дұшпан, ақыл дос. Бір бірімізді сыйлайық.

Сайттың өз тәртібі бар. Бауыржан атамыз айтпақшы: Тәртіпке бағынған құл болмайды. Сәл тәртіпке бағынайық. Сайтқа қатысты ескертпе шағымдарыңыз болса Сайттың астындағы Кері Байланыс  арқылы немесе маған жеке хат жазу арқылы шағымдансаңыздар болады.
ііі мен емес әйтеуір.
Абылай мен ешкімді кіналап отқаным жоқ.  :) Барлық нәрсе түсініспеушіліктен туындайды. Сәл сабыр сақтап, бір бірімізді сыйлайық дегенім ғой.
+10 дауыс
Ескертпеңізбен толықтай келісемін, Алишер. Жоғарыда айтылғандардың барлығы да орынды. Сайт қолданушылары барлық ескертулерге мұқият назар аударып, оларды орындайды деген үміттемін. Өзім де ескертулерді міндетті түрде ескеремін!
Ниетіңізге Рахмет, Мөлдір.
+8 дауыс
Әлішер керемет жазыпсың сеніммен  толық келісемін))))))!мәледес!
+9 дауыс
О міне ғажап) күннен күнге осы сайттың осындай қолданушылары көбейе берсін.Керемет барлығыменен келісемін.Айтпақшы сайтта кім редактор мен,сіз және кімдер? Сол тізімді неге админ деген жерде көрсетілмейді?
Мммм, рахмет, Абылай.
Айналдырған 35 маман бар екен, қазіргі таңда 5000 дай қолданушының жазғандарын өңдеуге үлгеремін деп жүргендерің үшін көптен - көп рахмет айту керек сендерге деп білемін.
шіркін менде осы тізімде болсам ғой , ех !!!
Сайтқа үлкен үлес қосып, аса бір сабырлылықпен шыдасаңыз, ИншаАллаһ сізде осы тізімге қосылып қаларсыз,! Сәттілік тілеймін!
Ермұрат , әрине боласыз аласыз!!! ___      Редакторға қойылатын талап:    Қазақ тілін жетік білу, қазақ қаріптерімен жаза білу, сауатты болу,Сайтта кемінде бір жарым, екі ай стажыңның және Сайтқа пайдамды  тигізгім келеді деген мақсатыңның болуы.     Егер осы критериге сәйкес болған халге жетіп, Админге кері байланыс арқылы Өтініш жазсаң, Қатарымызға қосылдың. Іске Сәт. Ал маман болу үшін бұдан азырақ білсең жеткілікті, модератор болу үшін көбірек  білуің шарт.
Бірақ "ҚЫЗМЕТ" адамы санының шектелуі мүмкін....
мен әлі 10 жастамын
Белгісіз
+6 дауыс
Осыны айтатын адам табылғанына шүкір.  Осындай сұрақтардан ғой сайттың дәмі кетеді(facepalm)
+3 дауыс
Бугін ашуланып кеттім сайтта отинем, көмекккккккккккккккккк деген сұрақтар көбйіп кетті өтінсеңдерде дұрыстап өтінбейді.Өңделтін сұрақтар саны қаншама))))
+4 дауыс
Редактор және модераторлар байқасаңыздар соңғы уақытта көбіміз белсенділік танытып жүрген жоқпыз. Оқуымды бір жақты етіп алдым, енді өтінішім бар:
Менде бір ой бар еді бұрын біреуге айтқанмын, ол олай болмайды ешкім келіспейді деді. Жаңа Әлішер ағайға айтып көрдім келіскен сыңайлы енді айтарым:
Барлық санатты бөліп алайықшы, барлығы сайтта 33санат болса 19 модератор, редакторлар бар екен енді әрбіреуiмiз 1-2санаттан алып, сол санаттың міндетін мойнымызға алайық. Сол санаттағы өңделетін, жасырылатын сұрақтар, санатын ауыстыру, өңдеу, жабу барлығы сол адамның міндеті болып табылсын, әйтпесе мына өңделетін сұрақтар саны қаншама қай шетінен бастарымды да білмеймін........
Так ондай былай істеймін мен бәріне бөліп беремін.Сіздер қарсы шықпаңыздар.Ал, қарамаймын зат-матыңызға берген санатты мойныңызға іліваласыңдар
Абдыров Асылбек мырза сізге өмір,тіршілік және сурет видео санаттарын сізге тапсырамын.СОЛ САНАТТАҒЫ ӨҢДЕЛЕТІН, ЖАСЫРЫЛАТЫН СҰРАҚТАР,САНАТЫН АУЫСТЫРУ,ӨҢДЕУ,ЖАБУ БАРЛЫҒЫ СОЛ АДАМНЫҢ МІНДЕТІ БОЛЫП ТАБЫЛСЫН
Жұмбақ қыз - кешір, маған өмір, тіршіліктің орнына (Surak-zhauap.kz туралы (566) бере салшы, өмір анау-мынау дегенге көп түсіне бермеймін!!! Немесе Техниканы!!!
Жарайды болды екеуі сіздікі жұмысқа кірісіңіз енді)))
Кеттім, менікі (Техника мен сурет,видео)!!!
Көркем апау сәлеметсізбе! сізге ойын көңіл көтеру және өмір тіршілік
Техника мен сурет,видео және Surak-zhauap.kz туралы))) жігітсізғооо*
+1 дауыс
Дұрыс айтасыз,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,
+1 дауыс
Сұрақ жауап саиты дегенге бәрі  өтірік сұрақтар қоюбереді
+2 дауыс

Жаңа қолданушыларға арналған, "соңғы істер" батымасында көрініп тұратындай жауап))wink

(fingers) (fingers) (fingers) (fingers) (fingers) (fingers) (fingers)

Ұқсас сұрақтар

+6 дауыс
10 жауап
Белгісіз 20.07.2013 Жалпы сұрақ сұрақ қойды
+6 дауыс
5 жауап
Белгісіз 26.11.2013 Жалпы сұрақ сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
...