*Жалпы осы САЙТта, байқасаңыздар, мағынасыз, қажетсіз СҰРАҚТАР мен ЖАУАПТАР -дың орын алуы жиілеп кетті . . .*
Ескертпе:
1. Сайтқа жаңадан тіркелген ҚОЛДАНУШЫ болсаңыз, сұрақ қойып, жауап жазбастан бұрын міндетті түрде [Сайт ережесі][1] және [FAQ - КӨМЕК][2]-пен танысып өтіңіз !!!
2. Ұятсыз сұрақтар мен жауаптар қоюға тыйым Салынады !!! Сайттың 85-90% -ы Жасөспірімдер мен Балалар. Ұятыңыз болсын !!!
3. Өзіңіз "білетін" ЖҰМБАҚ СҰРАҚТАРЫҢЫЗДЫ қоюға болмайды!!! .... Тек көкейіңізде жүрген, білгіңіз келген, білмейтін, анықтай алмаған Сұрақтарға ғана рұқсат. Балалық "іс әрекеттің" барлық көрінісіне тыйым салынбақ!!!
Мысалға: " Ақ киімді, денелі, Ақ сақалды, Ол кім ?" ________ " Бір Жігіт Жаңбырдың астында қалды. Бірақ, шашы су болмады, Неге ?" ____ " Айдалада ақ отау, аузы мұрны жоқ отау ?" - осы типтес сұрақтар.
4. Басы бар Аяғы жоқ Сұрақтар мен Жауаптар өшіріледі !!!
Мысалы: " Физикадан кім жақсы шығарады..мына есеп: ___" - [болды. Сұрақ қойыла бастады, шығарар Есеп жоқ. Бәрі Аң-таң] --- Жауап
жазғанда: "Білмейді екенмін" _ "Көрген емеспін" "Сусындап Бал....[ар жағын жазбай кету]" __ т.с.с.
5. Бір Сұрақты екі рет қоюға болмайды !!!
6. Сұрақ қойғанда: Негізгі бөлікке Сұрақтың мағынасын ашып жазыңыздар!!!
Мысалға, Негізгі бөлікке "Физика туралы. Сұрақ ішінде..." немесе "Көмектесіңіздерші, Плагиат." - деп емес, "Физикадан: Үльтракүлгін сәуле деген не? " немесе "Плагиаттықтың алдын алу жолдары қандай ? " - деп қою керек! *ps:* Сұрағыңыз мәтіні ұзақ болып, талап етпесе, болады және Ілмекті жазуды ұмытпаңыздар...
7. Сұрақ қоймастан бұрын Сұрағыңызды Іздеу мүмкіншілігін пайдаланып іздеп көріңіз, Осы сайтта Сізден алдын Сұрағыңыздың қойылып қоюы ықтимал.
8 )Қайдан отырсаңыз да И -ні І қылып, Г-ны Ғ қылып жазуға ынталаныңыздар!!! ...және қате жазбауға тырысыңыздаршы! ! !
Бұл Біз бен Сіздің Қазақ тіліне құрметіміз болсын!!!
9)Діни тақырыптағы сұрақтар өшірілініп тасталынады. Себебі ДІН тақырыбындағы сұрақтар "оңай" емес. Оған діннен хабары бар мамандар жауап бергені дұрыс. Діни сұрақтарыңызды [Қаттани атындағы Мешіттің][4] ұжымына қойсаңыздар болады.
10)Сайт танысу алаңы/ортасы емес!!! ....Ол үшін арнайы "Сайт знакомств" бар...)
11)СОҢҒЫ ПУНКТ: ЕЛ-АУДАН-МЕКЕН-РУ-ҰЛТ арасындағы ДАУ не болмаса КЕЛІСПЕУШІЛІК туғызатын
СҰРАҚТАР ӨШІРІЛЕДІ. Бәріміз - бір ҚАЗАҚ ұлтынанбыз. ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТЫМЫЗ!
#Әзірше -осы. Қазақ тіліндегі Сайтқа бей-жай қарамай, ДАМУЫНА үлесімізді қосайық, Достар !!!
Тағы бір нәрсе: Ескертулерге қатысты қосымша сұрақтарыңыз болса, ЖАУАП БЕРУ батырмасы ашық .