+27 дауыс
2.2k көрілді
*Жалпы осы САЙТта, байқасаңыздар,   мағынасыз, қажетсіз  СҰРАҚТАР мен ЖАУАПТАР -дың орын алуы жиілеп кетті .  .  .*

Ескертпе:

1. Сайтқа жаңадан тіркелген ҚОЛДАНУШЫ болсаңыз, сұрақ қойып, жауап жазбастан бұрын  міндетті түрде  [Сайт ережесі][1]  және [FAQ - КӨМЕК][2]-пен танысып өтіңіз !!!

2. Ұятсыз сұрақтар мен жауаптар қоюға тыйым Салынады !!!         Сайттың 85-90% -ы Жасөспірімдер мен Балалар. Ұятыңыз болсын !!!

3. Өзіңіз "білетін"  ЖҰМБАҚ СҰРАҚТАРЫҢЫЗДЫ қоюға болмайды!!!        ....  Тек көкейіңізде жүрген, білгіңіз келген, білмейтін, анықтай алмаған Сұрақтарға ғана рұқсат. Балалық "іс әрекеттің" барлық көрінісіне тыйым салынбақ!!!

 Мысалға:  " Ақ киімді, денелі, Ақ сақалды, Ол кім ?" ________ " Бір Жігіт Жаңбырдың астында қалды. Бірақ, шашы су болмады, Неге ?" ____ " Айдалада ақ отау, аузы мұрны жоқ отау ?" - осы типтес сұрақтар.

4. Басы бар Аяғы жоқ Сұрақтар мен Жауаптар өшіріледі !!!        
Мысалы:    " Физикадан кім жақсы шығарады..мына есеп: ___" - [болды. Сұрақ қойыла бастады, шығарар Есеп  жоқ. Бәрі Аң-таң]  --- Жауап
жазғанда:     "Білмейді екенмін" _ "Көрген емеспін" "Сусындап Бал....[ар жағын жазбай кету]" __ т.с.с.

5. Бір Сұрақты екі рет қоюға болмайды !!!

6.  Сұрақ қойғанда:    Негізгі бөлікке Сұрақтың мағынасын ашып жазыңыздар!!!

 Мысалға,  Негізгі бөлікке "Физика туралы. Сұрақ ішінде..."  немесе "Көмектесіңіздерші, Плагиат."  - деп емес, "Физикадан: Үльтракүлгін сәуле деген не? "   немесе "Плагиаттықтың алдын алу жолдары қандай ? " - деп қою керек! *ps:* Сұрағыңыз мәтіні ұзақ болып, талап етпесе, болады және  Ілмекті жазуды ұмытпаңыздар...

7. Сұрақ қоймастан бұрын Сұрағыңызды Іздеу мүмкіншілігін пайдаланып іздеп көріңіз, Осы сайтта Сізден алдын Сұрағыңыздың қойылып қоюы ықтимал.

8 )Қайдан отырсаңыз да И -ні І қылып,  Г-ны Ғ қылып жазуға ынталаныңыздар!!!         ...және қате жазбауға тырысыңыздаршы! ! !
Бұл Біз бен Сіздің Қазақ тіліне құрметіміз болсын!!!

9)Діни тақырыптағы сұрақтар өшірілініп тасталынады. Себебі ДІН тақырыбындағы сұрақтар "оңай" емес. Оған діннен хабары бар мамандар жауап бергені дұрыс. Діни сұрақтарыңызды  [Қаттани атындағы Мешіттің][4] ұжымына қойсаңыздар болады.

10)Сайт танысу алаңы/ортасы емес!!! ....Ол үшін арнайы "Сайт знакомств" бар...)

11)СОҢҒЫ ПУНКТ: ЕЛ-АУДАН-МЕКЕН-РУ-ҰЛТ арасындағы ДАУ не болмаса КЕЛІСПЕУШІЛІК туғызатын
СҰРАҚТАР ӨШІРІЛЕДІ. Бәріміз - бір ҚАЗАҚ ұлтынанбыз. ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТЫМЫЗ!

#Әзірше -осы. Қазақ тіліндегі Сайтқа бей-жай қарамай, ДАМУЫНА үлесімізді қосайық, Достар !!!

Тағы бір нәрсе: Ескертулерге қатысты қосымша сұрақтарыңыз болса, ЖАУАП БЕРУ батырмасы ашық .

16 жауап

+19 дауыс
 
Жақсы жауап
Тарих па,математика ма,физика ма,әйтеуір бір кітапты ашып қойып бір параграфтан соң бір параграфты сұрақ қылып қоя беруді де қою керек шығар.
Дұрыс айтасыз.
Туһ, жан-айқайыңызды естіп жатқан біреу бар ма? Мынаның ішінде өз қателіктерім де барға ұқсайды.... Ең алғаш келгенімде мен де еш нәрсе түсіне алмай көп қателік жіберіп, әркімнен ескерту ести-ести адам қатарына қосылып ем...)))) Қолданушыларға ескертуді басқаша жеткізу керек немесе еш ерінбестен, ашуланбастан түсіністікпен қарау керек. Жаңа келген қолданушылар да келе сала білгіш болып кетсе қызық та болмай кететін шығар. Әлішер, соңғы кезде бимаз болып жүрсіз, сабыр сақтасаңыз қайтеді???
Сабыр ...сабыр...сабыр...сабыр....Жеке өмір түрткісі әсер етіп жатыр-десең..ііі. Комментсіз, Көркем ханым. Барлық Сұрақ пен жауаптарды өңдеуге "қызметкерлердің" шамасы жетпей жатыр. . .солай.
ЫЫЫЫЫЫЫЫ толқытай келісемін. және:

сайттың жаңа ФАК (эфэйкю) пен ережесін жазып шық (өз нұсқаңды). көрейік қалай болатынын. негізі ереже мен көмекке біраз өзгертулер енгізу керек деп ойлаймын

пы\сы кезінде мен де сайтта белсенді болып жүргенімде сайттығ ережесін жазып едім бес бет қыоып, (осы сайттың бір жерінде жатқан шығар) сосын ары қарай бітіріп тастауға уақыт та болмады, артынан құлшынысым да болай қалды.

сілтемесі http://files.gw.kz/vkub940zen.html
+15 дауыс
Әлішер дұрыс айтасың айтқаныңмен 100% келісемін!
+15 дауыс
Ескертуіңді ескерсе, әрине жақсы болар еді. Мынауыңды оқымақ түгіл, шынайы өмірде ақыл айтсаң пысқырмайды ғой, пысқырмайды. Жалқаулық - бұл індет құртып барады. Білсем, үйренсем екен деген ой жоқ, тек жануар секілді ішсем, тышсам, жесем, ұйықтасам. Эххх.
+15 дауыс
СОҢҒЫ ПУНКТ: ЕЛ-АУДАН-МЕКЕН-РУ-ҰЛТ арасындағы ДАУ не болмаса КЕЛІСПЕУШІЛІК, ТҮСІНІСПЕУШІЛІК туғызатын
 СҰРАҚТАР ӨШІРІЛЕДІ. Бәріміз -  ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТЫМЫЗ!
Сөйлегісі келіп тұрған Қолданушыларға:  Агент бар...және түрлі-түрлі ФОРУМ-ға арналған сайттар.
дінді де қосып жібер
Қостым. Еңбегіңді көрдім. Соңғы беттердегі мәліметтер жоқ-ау дейм осында...Жақсы құрыпсың. Бірақ, ОСЫНЫ АЯҚТАР Жан болса. . . .деп ем. Артынан Сайтқа енгізсек.ПлГр.
Соңғы пункт маңызды бөлімдердің бірі болар еді, жақсы қосылған.
+12 дауыс
сізбен толық келісемін! бұл сайт керемет сайтқой. Салмақты сауал қойып, салиқалы жауап берейік алаштың алғыр жастары!
+15 дауыс
Менің бір айта кетер жағдайым бар еді. Негізі бұл сайт өте ұтымды етіп жасалған. Пікір алмасу өте жақсы, қарқынды түрде жүзеге асады. Бірақ, біз ұмытпауымыз керек, әр адамның пікірін сыйлай білуіміз керек. Өкінішке орай, сайтта бір жылдан астам уақыт отырдым, профессор атағын алдым деп мысал үшін басқа адамның пікірін өршеленіп айтылған сөздермен өшіріп жатады. Бұл мүлде дұрыс емес. Ондай жағдайды көп байқадым. Сайтта профессор атандым деп, дандасынудың қажеті жоқ. Тырнақтай балаға дейін әркімнің өз жеке пікірі болады, оны сен де, мен де өзгерте алмаймыз және өзгертуге хақымыз жоқ. Сондықтан бір бірімізді сыйлап, жеке пікірімізді айту барсысында өзге адамның намысына тимейтіндей етіп айтқан жөн деп санаймын.
рахмет!!!
че за шум а драки нет:)))))) давай екіге бөлінейік онда, модераторларға қарсылар мен солар жақтағылар))))) әзілім ғо, шыңы аралас))) Негізі Жако ағай менің жездем болып келеді, чут чут проще сөйлейік, үлкен кісі ғой оның үстіне, езіп тұрып жазайын да Абылай обед ішпей оқысын))) тааааааак, біріншіден: не айтсам екен, ммм ааа анау не ғой КАрина, сөзіңнің жаны бар, модрераторларға абайлап сөйлемесең жазғаныңды 1 секунта жаба салад, онай ғой, кезінде өзім де солай жасайтынмын)))

енді біліп жатырмын, жауап пен сұрақты жауап тастаған қандай ОБИДНО екнің... болмайтын сұрақты жапқан дұрыс, я ничего против не имею, но не ғо, еңбектеніп жазған екен, соны жауып тасғанға әлі жыным келіп жүр (Улпанның сұрағы))))))

осы сұрақты жабу керек екен шынында, біреулер айтпақшы "Даулы мәселе қозғауға болмайды  :мысқылды күлкі смайлигі:
Сіздердікі дұрыс.. Осылай айтсам, ешкім қарсы болмайды. Оны ұқтым. Аккаунт қалай өшіремін айтып жіберсеңіздер.
Джако аға үлкен кісі болса, мені қарындасы ретінде көріп дөрекі сөщдерге жол бермеу керек еді. Жә, қойшы оны. Осы аккаунтымды да құлып салып қояр.
димаш сыболыш екенсің міне сілтеме, ашып қойдым улпанның сұрағын https://surak.baribar.kz/81928/

ал енді қырыла беріңдер мен кеттім
Мына жағдай өте ұят болды.  Барлығынан кешір сұраймын. Мен кеш байқап қалдым. Ашу дұшпан, ақыл дос. Бір бірімізді сыйлайық.

Сайттың өз тәртібі бар. Бауыржан атамыз айтпақшы: Тәртіпке бағынған құл болмайды. Сәл тәртіпке бағынайық. Сайтқа қатысты ескертпе шағымдарыңыз болса Сайттың астындағы Кері Байланыс  арқылы немесе маған жеке хат жазу арқылы шағымдансаңыздар болады.
ііі мен емес әйтеуір.
Абылай мен ешкімді кіналап отқаным жоқ.  :) Барлық нәрсе түсініспеушіліктен туындайды. Сәл сабыр сақтап, бір бірімізді сыйлайық дегенім ғой.
+10 дауыс
Ескертпеңізбен толықтай келісемін, Алишер. Жоғарыда айтылғандардың барлығы да орынды. Сайт қолданушылары барлық ескертулерге мұқият назар аударып, оларды орындайды деген үміттемін. Өзім де ескертулерді міндетті түрде ескеремін!
Ниетіңізге Рахмет, Мөлдір.
+8 дауыс
Әлішер керемет жазыпсың сеніммен  толық келісемін))))))!мәледес!
+9 дауыс
О міне ғажап) күннен күнге осы сайттың осындай қолданушылары көбейе берсін.Керемет барлығыменен келісемін.Айтпақшы сайтта кім редактор мен,сіз және кімдер? Сол тізімді неге админ деген жерде көрсетілмейді?
Мммм, рахмет, Абылай.
Айналдырған 35 маман бар екен, қазіргі таңда 5000 дай қолданушының жазғандарын өңдеуге үлгеремін деп жүргендерің үшін көптен - көп рахмет айту керек сендерге деп білемін.
шіркін менде осы тізімде болсам ғой , ех !!!
Сайтқа үлкен үлес қосып, аса бір сабырлылықпен шыдасаңыз, ИншаАллаһ сізде осы тізімге қосылып қаларсыз,! Сәттілік тілеймін!
Ермұрат , әрине боласыз аласыз!!! ___      Редакторға қойылатын талап:    Қазақ тілін жетік білу, қазақ қаріптерімен жаза білу, сауатты болу,Сайтта кемінде бір жарым, екі ай стажыңның және Сайтқа пайдамды  тигізгім келеді деген мақсатыңның болуы.     Егер осы критериге сәйкес болған халге жетіп, Админге кері байланыс арқылы Өтініш жазсаң, Қатарымызға қосылдың. Іске Сәт. Ал маман болу үшін бұдан азырақ білсең жеткілікті, модератор болу үшін көбірек  білуің шарт.
Бірақ "ҚЫЗМЕТ" адамы санының шектелуі мүмкін....
мен әлі 10 жастамын
Белгісіз
+6 дауыс
Осыны айтатын адам табылғанына шүкір.  Осындай сұрақтардан ғой сайттың дәмі кетеді(facepalm)
+3 дауыс
Бугін ашуланып кеттім сайтта отинем, көмекккккккккккккккккк деген сұрақтар көбйіп кетті өтінсеңдерде дұрыстап өтінбейді.Өңделтін сұрақтар саны қаншама))))
+4 дауыс
Редактор және модераторлар байқасаңыздар соңғы уақытта көбіміз белсенділік танытып жүрген жоқпыз. Оқуымды бір жақты етіп алдым, енді өтінішім бар:
Менде бір ой бар еді бұрын біреуге айтқанмын, ол олай болмайды ешкім келіспейді деді. Жаңа Әлішер ағайға айтып көрдім келіскен сыңайлы енді айтарым:
Барлық санатты бөліп алайықшы, барлығы сайтта 33санат болса 19 модератор, редакторлар бар екен енді әрбіреуiмiз 1-2санаттан алып, сол санаттың міндетін мойнымызға алайық. Сол санаттағы өңделетін, жасырылатын сұрақтар, санатын ауыстыру, өңдеу, жабу барлығы сол адамның міндеті болып табылсын, әйтпесе мына өңделетін сұрақтар саны қаншама қай шетінен бастарымды да білмеймін........
Так ондай былай істеймін мен бәріне бөліп беремін.Сіздер қарсы шықпаңыздар.Ал, қарамаймын зат-матыңызға берген санатты мойныңызға іліваласыңдар
Абдыров Асылбек мырза сізге өмір,тіршілік және сурет видео санаттарын сізге тапсырамын.СОЛ САНАТТАҒЫ ӨҢДЕЛЕТІН, ЖАСЫРЫЛАТЫН СҰРАҚТАР,САНАТЫН АУЫСТЫРУ,ӨҢДЕУ,ЖАБУ БАРЛЫҒЫ СОЛ АДАМНЫҢ МІНДЕТІ БОЛЫП ТАБЫЛСЫН
Жұмбақ қыз - кешір, маған өмір, тіршіліктің орнына (Surak-zhauap.kz туралы (566) бере салшы, өмір анау-мынау дегенге көп түсіне бермеймін!!! Немесе Техниканы!!!
Жарайды болды екеуі сіздікі жұмысқа кірісіңіз енді)))
Кеттім, менікі (Техника мен сурет,видео)!!!
Көркем апау сәлеметсізбе! сізге ойын көңіл көтеру және өмір тіршілік
Техника мен сурет,видео және Surak-zhauap.kz туралы))) жігітсізғооо*
+1 дауыс
Дұрыс айтасыз,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,
+1 дауыс
Сұрақ жауап саиты дегенге бәрі  өтірік сұрақтар қоюбереді
+2 дауыс

Жаңа қолданушыларға арналған, "соңғы істер" батымасында көрініп тұратындай жауап))wink

(fingers) (fingers) (fingers) (fingers) (fingers) (fingers) (fingers)

Ұқсас сұрақтар

+6 дауыс
10 жауап
Белгісіз 20.07.2013 Жалпы сұрақ сұрақ қойды
+6 дауыс
5 жауап
Белгісіз 26.11.2013 Жалпы сұрақ сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
...