+2 дауыс
221k көрілді
Маған ана туралы шығарма тауып бере аласыздар ма? Ана туралы шығарма жазу, ана туралы эпигроф, мақал-мәтелдер?

10 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Ана! Жалғыз ғана сөз. Әйткенімен жарық жал-ғанда кез келген адам баласына осы сөзден артық, осы сөзден ыстық сөз жоқ шығар. Осы орайда орыстың ұлы жазушысы М.Горькийдің «…Дүниеде не жақсылық болса, соның бәрі ананың ақ сүті мен күннің нұрынан жаралған» деген сөзіне еріксіз иланасың. Тіпті, көк аспан да ана жәйлі терең ойға батып, үнсіз мөлдіреп тұрғандай сезіледі.
Сол секілді біздің балапан жүрек жас оқырмандарымыз да қолына қауырсын қалам алып, ана жайлы тебіренеді. Редакциямызға күн санап осы тақырыпты арқау еткен өлеңдер циклі ағылып жатады. Біз оған қуанамыз. Дегенмен, сол өлеңдерді журнал бетіне жария етуге келгенде шарасыздық танытып, қиналып қалатынымыз рас. Неге десеңіз, бұл өлеңдерде көп кемістіктер орын алып жатады. Енді солардың кейбіріне тоқтала кетсек дейміз.
Алматы облысы, Талғар ауданында тұратын оқырманымыз Б.Чотбаев бізге жолдаған өлеңінінде:
- Ойланамын анама қараймын да,
Мұңға батам, ақ шашын санаймын да,- деп бастапты. Анасына қарағаны жақсы, ал шашын санаймын дегенін қалай түсінуге болады… Алматылық А.Мауытханның да осындай өз орнын таппаған сөзі жиі кездеседі.
- Алақаны әжемнің ақ бесігі,
Жүрегімде тербетті есіл үні,- деп ары қарай жалғаса береді.Алақан мен ақ бесік деген дербес ұғымдар. Әрқайсысының өз орны, өзінше атқарар қызметі бар. Сөздердің мәніне түсінбей, осылай олақ қолдану — жыр жолдарына көлеңкесін түсірмесе, жарқын өң бермейді. Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Ғ.Әділет атты жас оқырманымыз жазған өлеңде де осындай үйлеспеушілік орын алған. «Анам деп ән саламын, анам деп күй саламын»,- деп өз ойын өрістетеді. Ән салғаны жақсы, күй салғаны сәл оғаштау… Осы өңірде тұратын М.Айболит атты жас оқырман жырынан да осындай орашолақтық анық байқалады. …Ана деген атпен жүре берсін, Анашым аман болшы»,- деп өз өлеңін аяқтайды. Ана деген атпен жүре берсін дегеннен не ұғуға болады?.. Осы атыраптан хат жолдаған бүлдіршін оқырманымыз Е. Ерболқызы өлеңінде ұйқас жоқ. «Айналайын, анашым, ақ сүт бердің балаңа.Тілейміз ғой әрқашан, өмірдің бар жақсысын» деген шумақпен өлеңнің алғашқы төрт жолы аяқталады. Қайта бір оқып көріңдерші, осы жолдарда ұйқас бар ма? Атырау облысы, Құрманғазы ауданында тұратын Г.Ермекова өлеңдерінде де әттеген-ай тұстары баршылық.
Айтамын мен анама мың алғысты,
Әкелді осы уақытқа жалғыз өзі.
Түн ұйқысын төрт бөліп біздер
үшін,
Ауырсақ егер біздер сол бір түні,- деген жолдардан еш нәрсе түсінуге болмайды.Осылайша көркемдік жағынан жетіспей тұрған дүниелерді оқырмандарымыз А.Қайратқызы, Жамбыл облысы, Байзақ ауданына қарасты Жаңатұрмыс ауылынан Қ.Асанова, Алматы облысы, Тескенсудан Е.Салбенбековтердің шығармаларынан да кездестіруге болады.
Құрметті жас талапкер, біз осы пікірді сіздер үшін, өздеріңе жанымыз ашығандықтан әдейі айтып отырмыз. «Сын түзелмей, мін түзелмейді». Біз сіздерден жаңа да көркем, шынайы да шымыр жырлар күтеміз. Редакция есігі өздерің үшін қашан да ашық!
Дәнеш АХМЕТҰЛЫ, жазушы.
+3 дауыс
бола ма?
Әйел адам - гүлмен тең.
                                                                                                    Абай Құнанбаев
Жақсы әйел - ері ұялар іс қылмайды.
                                                                                                    Абай Құнанбаев
 
Әйел ашуланса - жеңіледі, еркелесе - жеңеді.
                                                                                                    Ғабит Мүсірепов
 
Жер жүзінде қазақ әйелдерінен басқа бір әйел құдайын қарғай алмайды.
                                                                                                       Ғабит Мүсірепов
 
Саясат пердесін жамылғанымен саясатқа сия бермейтін жайларды түсінуге әйел ойы зерек келеді.
                                                                                                       Ғабит Мүсірепов
 
Әйел біткеннің бәрі де өздерінен сұлуырақ көрінген әйелге жау келеді.
                                                                                                        Ғабит Мүсірепов
 
Ана сұлулығы жүзіндегі мейірімінен көрінеді.
                                                                                         Ғабит Мүсірепов
 
Қыз мінезінде ұяңдық пен әдеп бір кездессе - бірін-бірі жасырыңқырап тұрады да, ашықтық пен абайсыздық кездессе - бірін-бірі асырыңқырап тұрады.
                                                                                                         Ғабит Мүсірепов
 
Дүниеде әйелдің көзінен артық қызықтыра алатын, әйелдің көзінен артық сиқырлап тартып кете алатын күш жоқ қой деймін. Байлық, бақ, мансап, тіпті қоғамдық дәреже дегендердің бірде-бірінде ондай күш жоқ. Бәрі бірге қосақталып келіп мойныма асыла кетсе, мен бәрін сілкіп тастап, оқтай қадалған әйел көзіне қарай жүре берер едім.
                                                                                                           Ғабит Мүсірепов
 
Қазақ әйелін "жан жолдасым" дейді. Бұл үлкен сөз ғой. Жаны мен жаны үндес, ойы, арманы үйлес, егіз адамбыз дегені ғой.
                                                                                                           Ғабит Мүсірепов
 
Әйел асқақтаса - жылайды, еркек асқақтаса - құлайды.
                                                                                                           Ғабит Мүсірепов
 
Әйелдің естілігі жеңсе - сұлулығы да арта түседі.
                                                                                                             Ғабит Мүсірепов
 
Әйел шынымен жылап алса, ажарланып кетеді.
 
                                                                                                             Ғабит Мүсірепов
Қазақ қызы ұзатылғанша негізінде екі-ақ түрлі жұмыс істейді: көлден су әкеледі, шай құяды. Жұмыстың басқа түріне қайын ененің қолында жаттығады.
                                                                                                           Ғабит Мүсірепов
 
Қазақ әйелі азғана жәрдем бергенді ұмытпайды - тезірек еселеп, қайыруға тырысады.
                                                                                                            Ғабит Мүсірепов
 
Әйел қырыққа келгенше өңін бермесе - қасиет,
Еркек қырыққа келгенше есі кірмесе - қасірет.
                                                                                                            Ғабит Мүсірепов
 
Әйел табиғатының өзі осындай: тиым салынған тамырдың дәмін татып, әбден құмарынан шыққанша қинала беруге жаратылған.
                                                                                                         Шоқан Уәлиханов
 
Қызда қылық болмаса, құр шырайдан не пайда.
                                                                                                            Бұқар Қалқаманұлы
 
Жақсы әйел ұл туса - патшадан болмас кемдігі.
                                                                                                            Бұқар Қалқаманұлы
 
Қыз сипаты: мойыл көз, тоқ жүз.
                                                                                                               Шәңгерей Бөкеев
 



Жақсы болса жұбайың - қабағыңа қарайды.
                                                                                                            Сүйінбай Аронұлы
 
Қыз сипаты:
Бота көз, оймақ ауыз, қиғаш қасты,
Ақ маңдай, жазық қабақ, сүмбіл шашты.
Сағым бет, тісі меруерт, күміс кірпік,
Шырын сөз алуан шекер балдан тәтті.
                                                                                                             Сүйінбай Аронұлы
Жасауы мол келіннің күйеуі жуас келеді.
Махмұд Қашқари
Жаман әйел көп ұйықтар.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Жаман болса әйелің - арманда өтер өмірің: артылғандай есекке.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Жақсы әйел - жігіттің кесектен соққан кентіндей,
Сары майға былғаған алуа, шекер, жентіңдей.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Алғаның жаман жолықса:
Үйіңнің іші шаң болар,
Ісінің бәрі қам болар.
Сол әлімен тұрмайды -
Киім таңдап паң болар.
Әңгіме, жанжал қоздырар,
Өзгеден өзін оздырар,
Жиынға киер жібекті -
Тезек теріп тоздырар.
«Қай жеріңнен тойдым?» деп,
«Не көрсетіп қойдың?» деп -
Тағы езінді жазғырар.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Жаман әйел - жігіттің тайдырады табанын, тар қылады заманын; жақсы әйел - жігіттің жақсы қылар жаманын, ұшқыр қылар шабанын.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Жақсы әйел - жаман еркектің басын төрге сүйрейді, жаман әйел жақсы еркектің басын көрге сүйрейді.
Мақал - мәтел
Келін қайын енесінің топырағынан жаралады.
Мақал - мәтел
Әйел көркі -шүберек.
Мақал - мәтел
Қыз қылығымен.
Мақал - мәтел
Қыз  өссе - елдің көркі.
Мақал - мәтел
Жаман әйелдің тілі ащы.
Мақал - мәтел
Жақсы әйел - ырыс, жаман әйел - ұрыс.
Мақал - мәтел
Қыз - қырық шырақты.
Мақал - мәтел
Жігітті басар қайғы ой меңдесе.
  Жаман қыздың үйіне кіріп барсаң - төбе шашы үрпиіп төрге қашар.
Қара өлең
Тон бітпеске тон бітсе - қағуменен тоздырар.
Жаман әйелге қоң бітсе - ер жігітті аздырар.
Би-шешендер
Жаман болса жолдасы - әйелдің түскен торы да,
Шыға алмайтын мұңылықтың қазылған терең оры да.
Би-шешендер
Асыл болса алған жар - ханым емей немене,
Жайлы болса мінезі - жаның емей немене.
Би-шешендер
Бұл жалған дүниеде кімнің төрт құбыласы тең болады? Түзу мылтық, қыран, жүйрік аты бар, мінез-құлқы мінсіз әйелі бар ердің төрт құбыласы тең болады.
Би-шешендер
Алған жарың жақсы болса - ат үстінен дүбір ет,
Алған жарың жаман болса - шиге кіріп сыбыр ет.
Би-шешендер
Әйел алсаң, жігіттер, - қыпша бел торыны ал, ол болмаса - ақ құбаның зорын ал, таба алмасаң - қараның оңын ал. Аузы - қызыл, көзі - көк, былшылдаған сөзі көп - шапылдаған сарыға жолама!
Би-шешендер
Қыз сипаты: мойыл көз, тоқ жүз.
Шәңгерей Бөкеев
Жігіттің болса алған жақсы жары:
Сен болсаң бір аллаға еткен зары.
Баладай риясыз еркелеген,
Сен болсаң тағы да сол ынтызары.
Шәңгерей Бөкеев
Құлқына құмарланып құшқанында,
Шайқалып тұрса алтын сырғалары.
Кәмшаты барқыт төбе қырын киген,
Қадалса империал һәм динары.
Ақылы жамалына болса лайық,
Жігіттің сол емес пе жан құмары.
Шәңгерей Бөкеев
0 дауыс
Ана туралы шығармалар

Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана,
Келтірген дүниеге нелер дана.
Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,
Өмірдің алтын кілті сонда ғана, -
дегендей көктем табиғатымен жымдасқан жылылық, шексіз мейірімділік, дүниеге жаңа келген тіршілік иесіне нұрын шашып, келешекке ақ жол, адал ниет нұсқап өмір себуші асқақ құдірет иесі, адам сәулетшісі – ол Ана.
Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен,
Мәпелеп, әлдилеген пейілің кең.
Аналық махаббатың кәусар бұлақ,
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.
Адам “адам” болғысы келсе, алдымен ананы қастерлей білуі керек.
Өмірде ана алақанының қызуы мен әке-шеше мейірімін тоя жеген тамақ та, шипасы күшті дәрі де алмастыра алмайды.
Осыдан жарты ғасыр бұрын ғалымдар жүргізген бір қарапайым тәжірибе осыған дәләл болса керек.
Ғалымдар адам аналарынан айрылған маймыл балалар үшін екі қуыршақ маймыл ана жасап, бірінің омырауынан сүт шығатын, денесі қатты да суық етіп, екіншісінің омырауынан сүт шықпайтын, бірақ денесін жылы да жұмсақ етіп, жасаған екен. Маймыл балалары сүті бар денесі қатты қуыршақты емес, сүті жоқ болса да денесі жұмсақ қуыршақты ана ретінде қабылдап, соның бауырына тығылған. Міне, сонда кімге болса да бәрінен бұрын керегі мейірім, ана құшағы ғана.
Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде де ең алдымен ананы құрметтеу парыз екені айтылады. “Әуелі анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса” делінген онда.
“Егер атаң мен анаң бір мезгілде үн қатып қалса, әуелі анаңа жауап бер” деген ұлағатты сөз бар.
Пайғамбарымыздың тағы бір хадисінде “Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, парызыңды өтей алмайсың”; “Кімде-кім ата-анасының ризалығын алған болса, бала соның өмірін ұзартады” делінген.
Ана – үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның несібесі. Ананың көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейір алып жүрген біз – алтын ананы мәңгі қастерлеп, еңбегін бағалап өтейікші!
Ананы аспандағы ай мен күнге, жарық жұлдызға, баға жетпес асыл заттарға теңеу дәстүрі де өз тілімізде берік қалыптасқан. Олай болса сөз – сөздің ең төресі: анаңды қалай сыйласаң, өз балаңның анасын да солай сыйла, ьарлық әйел затына, тіпті жас нәресте қызына да құрмет көрсет, оларға қолдан келгенше қамқорлық жаса



Асыл ана

“Ана” – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы.
Ана – жүрек, жүректі құдіретте.
Ана – тірек, тіректі құрметте,
Ана – шыңың, шыңыңа сағынып жет.
Ана – күнің, күніңе табынып өт. –
деп жырлағым келеді.
Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады.
Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі.
Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп, сыйлау әрбір баланың парызы. Кейбір балалар арасында, өз ата-анасын жөндеп сыйламайтын, еңбегінің қадірін білмейтін, айтқан тілін алмайтын балалар да кездесіп қалады. Мұндай бала өсе келе ата-ананың борышын өтемек түгілі, екі жүзді сұрхия адам болып шықпасына кім кепіл. Ылайым балалардың тәрбиесі адам қызығарлықтай болып өсе берсін дегім келеді.
Ұрпаққа бақыт сыйлаған
Тілейтұғын сырттай жүріп бақ саған,
Тіршіліктің тынысы мен ажары
0 дауыс
Асыл ана

    “Ана” – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы.
            Ана – жүрек, жүректі құдіретте.
            Ана – тірек, тіректі құрметте,
            Ана – шыңың, шыңыңа сағынып жет.
            Ана – күнің, күніңе табынып өт. –
деп жырлағым келеді.
    Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады.
    Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі.
    Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп, сыйлау әрбір баланың парызы. Кейбір балалар арасында, өз ата-анасын жөндеп сыйламайтын, еңбегінің қадірін білмейтін, айтқан тілін алмайтын балалар да кездесіп қалады. Мұндай бала өсе келе ата-ананың борышын өтемек түгілі, екі жүзді сұрхия адам болып шықпасына кім кепіл. Ылайым балалардың тәрбиесі адам қызығарлықтай болып өсе берсін дегім келеді.
            Ұрпаққа бақыт сыйлаған
            Тілейтұғын сырттай жүріп бақ саған,
            Тіршіліктің тынысы мен ажары
деп өз ойымды білдіргім келеді.
   
                Өмірдегі тірегім
            Анам менің – аялаған ақ гүлім
            Анам менің – бақытым мен шаттығым
            “Анашым” – деп балаң жырын арнаған
            Неге ғана естімеген тәтті үнін
Анам менің – өмірдегі тірегім
Анам менің – кеудемдегі жүрегім
Егер менің қасымда сен болмасаң
Бұл өмірде қалай ғана жүремін

Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана,
Келтірген дүниеге нелер дана.
Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,
Өмірдің алтын кілті сонда ғана, -
дегендей көктем табиғатымен жымдасқан жылылық, шексіз мейірімділік, дүниеге жаңа келген тіршілік иесіне нұрын шашып, келешекке ақ жол, адал ниет нұсқап өмір себуші асқақ құдірет иесі, адам сәулетшісі – ол Ана.
            Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен,
            Мәпелеп, әлдилеген пейілің кең.
            Аналық махаббатың кәусар бұлақ,
            Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.
    Адам “адам” болғысы келсе, алдымен ананы қастерлей білуі керек.
    Өмірде ана алақанының қызуы мен әке-шеше мейірімін тоя жеген тамақ та, шипасы күшті дәрі де алмастыра алмайды.
    Осыдан жарты ғасыр бұрын ғалымдар жүргізген бір қарапайым тәжірибе осыған дәләл болса керек.
    Ғалымдар адам аналарынан айрылған маймыл балалар үшін екі қуыршақ маймыл ана жасап, бірінің омырауынан сүт шығатын, денесі қатты да суық етіп, екіншісінің омырауынан сүт шықпайтын, бірақ денесін жылы да жұмсақ етіп, жасаған екен. Маймыл балалары сүті бар денесі қатты қуыршақты емес, сүті жоқ болса да денесі жұмсақ қуыршақты ана ретінде қабылдап, соның бауырына тығылған. Міне, сонда кімге болса да бәрінен бұрын керегі мейірім, ана құшағы ғана.
    Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде де ең алдымен ананы құрметтеу парыз екені айтылады. “Әуелі анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса” делінген онда.
    “Егер атаң мен анаң бір мезгілде үн қатып қалса, әуелі анаңа жауап бер” деген ұлағатты сөз бар.
    Пайғамбарымыздың тағы бір хадисінде “Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, парызыңды өтей алмайсың”; “Кімде-кім ата-анасының ризалығын алған болса, бала соның өмірін ұзартады” делінген.
Ана – үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның несібесі. Ананың көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейір алып жүрген біз – алтын ананы мәңгі қастерлеп, еңбегін бағалап өтейікші!
    Ананы аспандағы ай мен күнге, жарық жұлдызға, баға жетпес асыл заттарға теңеу дәстүрі де өз тілімізде берік қалыптасқан. Олай болса сөз – сөздің ең төресі: анаңды қалай сыйласаң, өз балаңның анасын да солай сыйла, ьарлық әйел затына, тіпті жас нәресте қызына да құрмет көрсет, оларға қолдан келгенше қамқорлық жаса.
   

            Ана туралы

    Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Оның алдында адамды ынтықтырушы өзге дүниелер әлсіз келеді.
                                В.Г.Белинский

    Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан да ол – сәби үшін ең жылы ұя.
                                В.Гюго

    Ана көрегендігінің теңдесі жоқ. Ана мен баланың арасын көзге көрінбейтін тылсым сырлы жіп жалғап тұрады.
                                О.Бальзак

            Әйел жерден шыққан жоқ,
            Ол да еркектің баласы.
            Ерлер көктен түскен жоқ,
            Әйел – оның анасы.
                                А.Тұрмағамбетов


1) Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз
    Жақсы қыз – жағадағы құндыз
2) Жарлы білегіне сенеді
    Жігіт жүрегіне сенеді
3) Жеті жоқтың бірі
    Таста тамыр жоқ
4) Тіліңмен жүгірме
    Біліммен жүгір
5) Құстың күші қанатында
    Адамның күші достықта
6) Өмірдегі тірегің – анаң
7) Ұстаз мейірі мен ана мейірі егіз
8) Үш қуаттың бірі – тіл
9) Махамбет ақынның көп өлеңдерінің қаһарманы – Исатай
10) Үш арсыздың бірі – ұйқы
11) Дерт көп, денсаулық біреу
12) Жаманға сырыңды айтпа, сырыңды айтсаң да, шыныңды айтпа
13) Баланың жақсысы – қызық
      Жаманы – күйік
0 дауыс
АНА- ?асиетті де киелі ЕСІМ!!!
Ана жайлы ойы?ды, айтып тауса алу м?мкін емес. ?ркімні? ?з анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анамны? ма?ан сыйла?ан м?нді ?мірі ?шін ал?ысымды айта отырып, ?з ойымды аз да болса жеткізгім келеді.
Ана! Ана! Ана! «Ана» дегенде тол?ымайтын ж?рек, тол?анбайтын жан жо?. Осы ?ш ?ана ?ріптен т?ратын «ана» с?зіні? астарында ?шан те?із ой жатыр. Ана — ?рбір адам баласы ?шін е? ысты?, жан?а жа?ын, ма?ыналы да ?астерлі с?з. Адамзат баласы ал?аш д?ние есігін аш?анда ананы? а? с?тімен бойына н?р алады, ана ??ша?ына еніп, ана мейіріміне б?ленеді. Адамны? аузынан шы?атын е? ал?аш с?зі де – «ана». Міржа?ып Дулатов а?амыз айт?андай, бізді с?йет??ын, к?йет??ын, ?р?ашан ?амымызды ойлап ж?рет??ын абзал жанды адам, б?л – ана. Алды?а ?ой?ан ма?саты?а жетуі? ?шін ана жанын ?ию?а да дайын. Ана баласыны? ?лгілі азамат боп ?суі ?шін бар к?шін салып, тер т?геді. Ананы? махаббатына, ??діретіне тамсан?ан талай а?ын ?нін арнап, жырын жазып, талай жазушы ?алам тербеген.
«Ана?ды меккеге ?ш ар?алап барса? да, ?арызын ?тей алмайсы?» деген дана ?аза? хал?ы. Шынында да, осыншама ?иналып, к?з жасын т?ге ж?ріп, бізді ?сірген ана?а ?олы?нан келгені?ні? б?рін істесе? де, оны? б?рі ана?ны? т?н ?й?ысын т?рт б?лген бір к?ніндей ?ана. ?з парызы?ды ?теу, б?л – ана алдында?ы парызды ?теу.?аншама байлы? иесі болса? да, ?лемге ?йгілі адам болса? да, ана?ды, оны? са?ан жаса?ан жа?сылы?ын ?мытпау – сені? ?мір бойында?ы борышы?. ?ай адам ?олынан келген сый – ??рметін жасамады десе?ші, шіркін! Біра? соны? б?рі ана?ны? бір ауыз жылы с?зіне де жетпейді. Д?ниені? н?ры, ?мірді? г?лі, ?ызы?ты? ?ызы?ы – ананы? ?олында. Ана бір ?олымен бесік тербетсе, екінші ?олымен ?лемді тербетеді.  
?орыта айт?анда, барлы? адам ана алдында?ы парызын ?теп, а? с?тін а?тап, ананы? шашына а? т?сірмей, тек осы киелі жандарды? ба?ытты болуын ойлау керек. Себебі е? ба?ытты адам – анасы бар адам. Жер бетіне жа?сылы? н?рын себетін аналарымыз аман болсын!
0 дауыс
Жан Ана Ана. Бар болғаны 3 әріптен құралған. Бірақ мағынасы – теңіздің терең тұңғиығындай, қол жетпес көк аспандай, қажеттілігі адамға ауаның қажеттілігіндей маңызды, дүниедегі ең, ең ,ең қымбат сөз. Бұл сөз иесі бар әлемдегі ең ардақты, ең аяулы, ең сүйкімді, ең сүйікті ЖАН. «Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды». Расында да, анамыз бар кезде біз өзімізді әлі де сәбидей, сәби болмаса да, қорғаны бар, ұясы бар балапандай, шатыры бар керегедей, аспаны бар жұлдыздай, құнары бар топырақтай, ағашы бар жапырақтай, көктемі бар самал желдей, жазы бар жайнаған гүлдей, күзі бар жаңбырдай, қысы бар қардай, қысқасы, жаны бар адамдай сезінеміз. Сыйлаймыз, құрметтейміз, еркелейміз. Біздің еркелігімізді көтеретін бұл жалғанда «Жан Анадан» басқа жан бар ма? Жоқ!!! Сәби кезден осы кезге дейін, тіптен 30-40 – қа келгендерінше еркелеп жүргендер де бар емес пе?… Жалған дүниенің есігін ашқаннан бастап, осы күнге дейін бағып-қағып, мәпелеп өсіріп, ешкімнен қалдырмай, осы күйімізге жеткізген, біздің әрбір еркелігімізді көтерген «жан аяулы жан анамызға», «Ана, рахмет!» деп айттық па? Әй, қайдам?! Бірақ айтқандар да бар шығар, кім білсін?! «Ана, сізге мың да бір рахмет!», деп айту, кей адамдар үшін күнделікті «Ана, шай дайын ба, шай ішейікші?» деген сынды жаттанды сөздерге айналып кеткен. Оларға бұл сөзді айтып, анасының бетінен сүю түкке тұрмайды. Күнделікті жаттанды әдет. Ал кейбіреулер үшін бұл сөзді айту қиынның қиыны. Олай айтпақ түгілі, туған күнінде, мерекеде аналарын құттықтау қиынға түсетін жандар да бар. Бес саусақ бірдей емес. «Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да, қарызын өтей алмайсың», деген сөз бар емес пе? Шынында да, қанша талпынсақ та, күнде қарызын өтеуге ниет қылып, жақсы істер істесек те, ананың біз үшін істеген жақсылығын, қарызын өтей алмаймыз. 9 ай, 9 күн еш жерге тастамай, отырса да, тұрса да көтеріп жүріп, сүліктей жабысқан шарананы дүниеге алып келудің өзі неге тұрады?… Ал біз, ішінде 3 кітап бар қара сөмкені күніне 3-4 сағат көтеріп жүргенді ауырсынамыз. Осы бір қиын да, қызық 9 айдың қарызын өтеудің өзі біз үшін бір үлкен, алып, мәні бар іс. Қарызын өтей алмасақ та, ең болмаса, ананың қабағына кірбің түсірмеуге тырысуымыз керек емес пе?! «Балам, ананы үйте салшы, мынаны бүйте салшы….», – деген Анаға, «Ой, Ана, қойшы, уақытым жоқ.»,- деп айтамыз. Осы сөздің өзін, сол ананың жұмсаған ісінен артық, маңызды іс бардай жұлқына айтып, есікті сыртынан жауып кете барамыз. Ал сол кезде, біз үшін маңызы жоқ, күнделікті ауызекіге айналып кеткен «Ана, қойшы…», деп сілкіп айтылған сөзден, Ананың жұдырықтай «балам» деп соғып тұрған жүрегінің орнынан сәл ауытқып барып орнына түсіп, ананың жүрегіне кішкене қара дақтың түскенін білеміз бе? Жоқ!!! Жұдырықтай жүректі қара дақтар жаулап алса, ол жүрек махаббат, ыстық ықылас, мейірім көрмесе, күн сәулесін көрмеген гүлдей бір-ақ күнде солып қалуы ықтимал ғой… Аналар еш нәрсені білдірмейді, сездірмейді, көрсетпейді. Олар өте құпия жандар. «Ата-ана қадірін, балалы болғанда білерсің» дейді. Сонда қалай, біз үйленіп, жанұя құрып, балалы болғанша ана деген жанның қандай екенін білмейміз бе? Біз үйленіп, жанұя құрып, балалы болғанша, бәріміздің де аналарымыз қасымызда жүрмейді ғой.. Тағдырдың қыңыр-қисық жазуында не жазылғанын кім біледі?… Киім бүтін, қарын тоқ, Бүгін бармыз, ертең жоқ, – дегендей, бір секундтан соң не боларын, кім біледі?… Ананың махаббатқа толы жұдырықтай нәзік жүрегін сындырып аламыз, жыртып аламыз, солдырып аламыз, күйдіріп аламыз, ақырында, жоғалтып аламыз деп қорықпайсыздар ма? Санасы біршама толыққан жандар емеспіз бе? Бүгінгі істі ертеңге қалдырамыз деп, кеш қалып қоймаймыз ба? Ойлану керек! Қазір не көп, телефон көп. Құрметті студенттер, лекция жазып отырғанда, автобуста кетіп бара жатқанда, семинарға дайындалып отырғанда, сол телефондағы «мама» деген номерді теріп, «Мама, сізге мың да бір рахмет! Мен сізді сондай жақсы көремін!», деп неге айтпасқа. Бәлкім анаң сол сөзге мұқтаж болып жүрген шығар, бәлкім, сол сенің анаңның дауысын соңғы рет естуің шығар, кім біледі?… Дәл сол сөзді айта алмай, арманда қалған адамдар да бар, «Әттең», деп сан соғып қалғандар да жеткілікті шығар… «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» демекші, анасы бар жандар бар алтынды, байлықты қадірлемей, айрылып қалғанда ғана қадірін біледі. Өмірімізде өрт шыққанда, су болатын – АНА, басымыздан күн өткенде, көлеңке болатын – АНА, қараңғы түнде жарық беріп, ай болатын – АНА, ашу атты асау тайға мінгенде, сабыр болатын – АНА. Біздегі бар байлық, бар асылымыз, бар сәніміз, мәніміз аяулы да ардақты «ЖАН АНА». Ананың жанында өткізген әрбір секундты күндей, минуттарды айдай, сағаттарды жылдай көріп, анамыз бар болғанына Аллаһқа шүкіршілік айтып, Ана атты Адам баласын құрметтеп өтейік. Бұл біздің парызымыз деп білейік! «Мама, сізге мың да бір рахмет! Мен сізді сондай жақсы көремін!»,- деп, айтқым-ақ келеді…бірақ…кеш қалдым…
0 дауыс
Ана туралы шығарма Ана жайлы ойыңды, айтып тауса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді. Ана! Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана — әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген. «Анаңды меккеге үш арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген дана қазақ халқы. Шынында да, осыншама қиналып, көз жасын төге жүріп, бізді өсірген анаңа қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын төрт бөлген бір күніндей ғана. Өз парызыңды өтеу, бұл – ана алдындағы парызды өтеу.Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы борышың. Қай адам қолынан келген сый – құрметін жасамады десеңші, шіркін! Бірақ соның бәрі анаңның бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. Қорыта айтқанда, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі ең бақытты адам – анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман болсын!
0 дауыс
сыздер оган тауп бердыныздер
0 дауыс
сыздергеде рахмет братишкалар
0 дауыс
Кушти шыгарма екен Рахмет

Ұқсас сұрақтар

...