0 дауыс
18.6k көрілді

Шынында да ананы қадірлеу керек. Ана өмірдегі ең қымбат жан. Ана ана ана қандай тамаша сөз. "Ағайын алтау - ана біреу дейді" Ана туралы қандай шығарма білесіз?

ананың аялы алақаны

 

6 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Жан Ана Ана. Бар болғаны 3 әріптен құралған. Бірақ мағынасы – теңіздің терең тұңғиығындай, қол жетпес көк аспандай, қажеттілігі адамға ауаның қажеттілігіндей маңызды, дүниедегі ең, ең ,ең қымбат сөз. Бұл сөз иесі бар әлемдегі ең ардақты, ең аяулы, ең сүйкімді, ең сүйікті ЖАН. «Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды». Расында да, анамыз бар кезде біз өзімізді әлі де сәбидей, сәби болмаса да, қорғаны бар, ұясы бар балапандай, шатыры бар керегедей, аспаны бар жұлдыздай, құнары бар топырақтай, ағашы бар жапырақтай, көктемі бар самал желдей, жазы бар жайнаған гүлдей, күзі бар жаңбырдай, қысы бар қардай, қысқасы, жаны бар адамдай сезінеміз. Сыйлаймыз, құрметтейміз, еркелейміз. Біздің еркелігімізді көтеретін бұл жалғанда «Жан Анадан» басқа жан бар ма? Жоқ!!! Сәби кезден осы кезге дейін, тіптен 30-40 – қа келгендерінше еркелеп жүргендер де бар емес пе?... Жалған дүниенің есігін ашқаннан бастап, осы күнге дейін бағып-қағып, мәпелеп өсіріп, ешкімнен қалдырмай, осы күйімізге жеткізген, біздің әрбір еркелігімізді көтерген «жан аяулы жан анамызға», «Ана, рахмет!» деп айттық па? Әй, қайдам?! Бірақ айтқандар да бар шығар, кім білсін?! «Ана, сізге мың да бір рахмет!», деп айту, кей адамдар үшін күнделікті «Ана, шай дайын ба, шай ішейікші?» деген сынды жаттанды сөздерге айналып кеткен. Оларға бұл сөзді айтып, анасының бетінен сүю түкке тұрмайды. Күнделікті жаттанды әдет. Ал кейбіреулер үшін бұл сөзді айту қиынның қиыны. Олай айтпақ түгілі, туған күнінде, мерекеде аналарын құттықтау қиынға түсетін жандар да бар. Бес саусақ бірдей емес. «Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да, қарызын өтей алмайсың», деген сөз бар емес пе? Шынында да, қанша талпынсақ та, күнде қарызын өтеуге ниет қылып, жақсы істер істесек те, ананың біз үшін істеген жақсылығын, қарызын өтей алмаймыз. 9 ай, 9 күн еш жерге тастамай, отырса да, тұрса да көтеріп жүріп, сүліктей жабысқан шарананы дүниеге алып келудің өзі неге тұрады?... Ал біз, ішінде 3 кітап бар қара сөмкені күніне 3-4 сағат көтеріп жүргенді ауырсынамыз. Осы бір қиын да, қызық 9 айдың қарызын өтеудің өзі біз үшін бір үлкен, алып, мәні бар іс. Қарызын өтей алмасақ та, ең болмаса, ананың қабағына кірбің түсірмеуге тырысуымыз керек емес пе?! «Балам, ананы үйте салшы, мынаны бүйте салшы....», - деген Анаға, «Ой, Ана, қойшы, уақытым жоқ.»,- деп айтамыз. Осы сөздің өзін, сол ананың жұмсаған ісінен артық, маңызды іс бардай жұлқына айтып, есікті сыртынан жауып кете барамыз. Ал сол кезде, біз үшін маңызы жоқ, күнделікті ауызекіге айналып кеткен «Ана, қойшы...», деп сілкіп айтылған сөзден, Ананың жұдырықтай «балам» деп соғып тұрған жүрегінің орнынан сәл ауытқып барып орнына түсіп, ананың жүрегіне кішкене қара дақтың түскенін білеміз бе? Жоқ!!! Жұдырықтай жүректі қара дақтар жаулап алса, ол жүрек махаббат, ыстық ықылас, мейірім көрмесе, күн сәулесін көрмеген гүлдей бір-ақ күнде солып қалуы ықтимал ғой... Аналар еш нәрсені білдірмейді, сездірмейді, көрсетпейді. Олар өте құпия жандар. «Ата-ана қадірін, балалы болғанда білерсің» дейді. Сонда қалай, біз үйленіп, жанұя құрып, балалы болғанша ана деген жанның қандай екенін білмейміз бе? Біз үйленіп, жанұя құрып, балалы болғанша, бәріміздің де аналарымыз қасымызда жүрмейді ғой.. Тағдырдың қыңыр-қисық жазуында не жазылғанын кім біледі?... Киім бүтін, қарын тоқ, Бүгін бармыз, ертең жоқ, - дегендей, бір секундтан соң не боларын, кім біледі?... Ананың махаббатқа толы жұдырықтай нәзік жүрегін сындырып аламыз, жыртып аламыз, солдырып аламыз, күйдіріп аламыз, ақырында, жоғалтып аламыз деп қорықпайсыздар ма? Санасы біршама толыққан жандар емеспіз бе? Бүгінгі істі ертеңге қалдырамыз деп, кеш қалып қоймаймыз ба? Ойлану керек! Қазір не көп, телефон көп. Құрметті студенттер, лекция жазып отырғанда, автобуста кетіп бара жатқанда, семинарға дайындалып отырғанда, сол телефондағы «мама» деген номерді теріп, «Мама, сізге мың да бір рахмет! Мен сізді сондай жақсы көремін!», деп неге айтпасқа. Бәлкім анаң сол сөзге мұқтаж болып жүрген шығар, бәлкім, сол сенің анаңның дауысын соңғы рет естуің шығар, кім біледі?... Дәл сол сөзді айта алмай, арманда қалған адамдар да бар, «Әттең», деп сан соғып қалғандар да жеткілікті шығар... «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» демекші, анасы бар жандар бар алтынды, байлықты қадірлемей, айрылып қалғанда ғана қадірін біледі. Өмірімізде өрт шыққанда, су болатын - АНА, басымыздан күн өткенде, көлеңке болатын - АНА, қараңғы түнде жарық беріп, ай болатын - АНА, ашу атты асау тайға мінгенде, сабыр болатын - АНА. Біздегі бар байлық, бар асылымыз, бар сәніміз, мәніміз аяулы да ардақты «ЖАН АНА». Ананың жанында өткізген әрбір секундты күндей, минуттарды айдай, сағаттарды жылдай көріп, анамыз бар болғанына Аллаһқа шүкіршілік айтып, Ана атты Адам баласын құрметтеп өтейік. Бұл біздің парызымыз деп білейік! «Мама, сізге мың да бір рахмет! Мен сізді сондай жақсы көремін!»,- деп, айтқым-ақ келеді...бірақ...кеш қалдым... Мақпал Сембай
0 дауыс
Кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – ана. Ана баласы қандай қателік жасаса да кешіреді. Оның мейірімділігінде шек жоқ. Ана болу - бүкіл өміріне кететін рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып-қағуда ана өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін перзентіне жұмсайды, ол арқылы оның жаны нұрлана, нәрлене түседі. Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрмет тұтып, қастерлеу әрбір баланың борышы. Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Ананың мейірімі жан-жағына өз шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейірім алып жүрген барша адамзат аналарды мәңгі ардақтап, аялай білсе, бұдан асқан бақыт жоқ шығар.

Жамбыл Әбушүкіров,

Ғ. Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы
0 дауыс
Ана… Әрбір адам осы керемет күміспен қапталып, алтынмен апталған АНА деген сөзді естіген сәтте-ақ жүрегі дір етеді. Сен осы дүниеге шыр етіп келген сәтте анаң \»БАУЫР ЕТІМ БАЛАМ\»,- деп ақ сүтін беріп, аяалап, МЕНІҢ БАЛАМ КЕРЕМЕТ деп мақтан тұтады. Иә, бірақ біз осы ана махаббатын қадір тұтып, бізде сол керемет адамды аяалап жүрміз бе? Ана көңіліне қаяу түсірместен мақтан тұтатындай сүйкімді жағымыздан көрінеміз бе? Жоқ ондай адамдар саны кемде-кем! Екінің бірі ондай жақсы қылық істемейді! Ана махабатына біз мүлде басқаша жауап береміз… Ұлымыз барып жаман қылық істейміз, ал қызымыз ше? қызымыз анаға көмек берудің орнына, бет жыртысып ұрсысамыз…Бірақ оның бәрі ананың жүрегіне қалай ауыр тиетінін түсіне алмаймыз. Себебі кәзіргі жастардың санасы өте төмен. \»Алып анадан туады \» дегендей біздің неше түрлі ғұламаларымыз, батырларымыз анадан туған. Әл-Фараби тіпті Фердаусидің өзі осы анадан туды емес пе? Ананың құдіреті өте күшті… Мұны мына бір Ақсақ темірдің \»Өлімді жеңген ана\» тақырыбынан-ақ байқауға болады. \»Ақсақ темірдің ұлы өлген соң ол баласының кегін қан төгіс арқылы қайтармақ болды. Алып мұнараларды адамның сүйегінен тұрғызды. Қаһарына мінген Темірді көрген кезде адамыңда тіпті жан-жануарлар жан-жаққа қашатын. Сол кезде бір әйел адам келіп: -Хан болсаң өзіңе хансың, ал мен үшін сен адам қатарына да жатпайсың! Сен әлемге өлім әкелсең, мен өмір силаймын. Сені де ана тапқан! Сен де анадан шыққансың. Баламды кері қайтар,-деп бұйырады. Сол кезде Темір әскерін дүниенің төрт бұрышына жібереді. СОл кезден бастап Темір райынан қайтып, басқаша өмір сүреді\» Міне терең мазмұн осында жатыр. Тіпті тас жүректің жүрегін жібітіп, тілін таба білетін адам ол АНА! Жұмақ ана табанының астында, сол жұмақ есігін ашам десең ешқашан анаңды ренжітпе! Бірде пайғамбарымызға Мұхаммед (с.ғ.с)ге біреу кеп: -Ең алдымен жақсылықты кімге істейсің десе, -АНАМА!,-депті. -Жарайды, ал сосын кімге десе, -АНАМА!,-депті. -Иә түсіндім ғой, ал сонан соң ше? десе -Тағыда АНАМА депті! Міне пйғамбарымыздың өзі АНАН атаулыны қалай силаған! Қазағымның бір сөзі бар емеспе, \»Анаңды з рет арқалап апарсаңда, ақ сүтін ақтай алмайсың\» деген. Сондықтан бауырларым Анамызды ардақтап, силап, көңіліне кірбің түсірмейік. Сол ақ сүтті ақтай алмайтын халге түспейік! Анашым мен саған мәңгілік борыштармын. Ренжітсем кешірім өтінемін. Осы жарық дүние есігін ашып берген АНАШЫМ саған мың алғыс!
0 дауыс
Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана, Келтірген дүниеге нелер дана. Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ, Өмірдің алтын кілті сонда ғана, — дегендей көктем табиғатымен жымдасқан жылылық, шексіз мейірімділік, дүниеге жаңа келген тіршілік иесіне нұрын шашып, келешекке ақ жол, адал ниет нұсқап өмір себуші асқақ құдірет иесі, адам сәулетшісі – ол Ана.

Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен, Мәпелеп, әлдилеген пейілің кең. Аналық махаббатың кәусар бұлақ, Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ. Адам “адам” болғысы келсе, алдымен Ананы қастерлей білуі керек. Өмірде Ана алақанының қызуы мен әке-шеше мейірімін тоя жеген тамақ та, шипасы күшті дәрі де алмастыра алмайды. Осыдан жарты ғасыр бұрын ғалымдар жүргізген бір қарапайым тәжірибе осыған дәләл болса керек. Ғалымдар адам Аналарынан айрылған маймыл балалар үшін екі қуыршақ маймыл Ана жасап, бірінің омырауынан сүт шығатын, денесі қатты да суық етіп, екіншісінің омырауынан сүт шықпайтын, бірақ денесін жылы да жұмсақ етіп, жасаған екен. Маймыл балалары сүті бар денесі қатты қуыршақты емес, сүті жоқ болса да денесі жұмсақ қуыршақты Ана ретінде қабылдап, соның бауырына тығылған. Міне, сонда кімге болса да бәрінен бұрын керегі мейірім, Ана құшағы ғана. Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде де ең алдымен Ананы құрметтеу парыз екені айтылады. “Әуелі Анаңа, тағы да Анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса” делінген онда. “Егер атаң мен Анаң бір мезгілде үн қатып қалса, әуелі Анаңа жауап бер” деген ұлағатты сөз бар. Пайғамбарымыздың тағы бір хадисінде “Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, парызыңды өтей алмайсың”;

“Кімде-кім ата-Анасының ризалығын алған болса, бала соның өмірін ұзартады” делінген. Ана – үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның несібесі. Ананың көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл Ананың құшағында мейір алып жүрген біз – алтын Ананы мәңгі қастерлеп, еңбегін бағалап өтейікші! Ананы аспандағы ай мен күнге, жарық жұлдызға, баға жетпес асыл заттарға теңеу дәстүрі де өз тілімізде берік қалыптасқан. Олай болса сөз – сөздің ең төресі: Анаңды қалай сыйласаң, өз балаңның Анасын да солай сыйла, ьарлық әйел затына, тіпті жас нәресте қызына да құрмет көрсет, оларға қолдан келгенше қамқорлық жаса
0 дауыс
Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Ананың алақаны – біз үшін ең жылы ұя. Ананың жаны сондай нәп - нәзік, мейірімді жан ғой. Түн ұйқысын төрт бөліп, шырылдасаң уатып, әлпештеп, жырын айтып, тісің шыққанша аузыңа тамақ салып, киіміңді тазалап, дәмді ас ішкізіп мәпелейді, еркелетеді, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіріп, бағып – қағады. Мен анама қанша алғыс айтсам да, өмір бойы анама қарыздармын. Себебі ол мені тоғыз ай, тоғыз күнде жүрегінің астында аман сақтап, жарық мына керемет өмірді сыйлады.
0 дауыс
Жан Ана Ана. Бар болғаны 3 әріптен құралған. Бірақ мағынасы – теңіздің терең тұңғиығындай, қол жетпес көк аспандай, қажеттілігі адамға ауаның қажеттілігіндей маңызды, дүниедегі ең, ең ,ең қымбат сөз. Бұл сөз иесі бар әлемдегі ең ардақты, ең аяулы, ең сүйкімді, ең сүйікті ЖАН
...