+2 дауыс
4.4k көрілді
Әр өңiрдiң кейбiр сөздерi әртүрлi болғандықтан бiр бiрiне түсiнiксiз болып жатады. Мысалы жастық (подушка) сөзi батыста көпшiк деп айтылады, мақұл,әпке,әпше деген сияқты сөздер Маңғыстауда қолданылмайды. Бiр жерлерде машинаның дөңгелегi жел жiберiп қойды деп актылса,тағы бiр өлкеде , машинаның аяғы (боллоны,дөңгелегi) жарылып қалды деп сөйлейдi.Сол сияқты леген,самар,тазик,шылапшын деген сияқты сөздер бар. Менiң сұрағым келгенi, бұлардың қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс деп талқыламай ақ қояйық. Осы сияқты тағы қандай өңiрлiк сөздер болса жазыңыздар....

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Білуімше Таразда ағаларды, көкелерді "тәте" дейді))
Талдықорғанда (кейбір жерлерінде ғана) әпке, тәтелерді "көке" дейді және жақсы, тәуір дегенді "әйбәт" дейді))
Астана тұрғындары "үлкен" дегенді "дөкөй" деп айтады. Ал кішкентай дегенді "кіттей, біттей, құрттай" дейді))
Ал Қызылорда өңірінің тұрғындары аз дегенді "шамалы" дейді.
Батыстікілер "не зат" деп сөйлейтін көрінеді.
Адам қайтыс болған кезде Талдықорған өңірінің тұрғындары "Қайырлы болсын!" деп айтады, ал Астана өңірінде бұл сөз "Құтты болсын!" деген мағынада қолданылады)
Хахаа керемет жауаптар. Тағы бiр есiме түскенi үлкен деген сөздi Оңтүстiкте дәу деп айтса Маңғыстауда нән деп айтады.
Белгісіз
Қызық екен)) Алматы облысының тұрғындары "нән" деген сөзді "бай, ауқатты, ақшасы көп" деп түсінеді және де "керемет, тамаша" деген мағынада қолданады. Ал Астана тұрғындарына "нән" деп айтсаң,  мағынасын түсінбей, шектері қатып күледі))
+3 дауыс
*Хмммм......ойыма қазір диалект сөздер келмей тұрғаны,көпшілігін жазып тастапсыз ғо,алып қосарым болса жазармын!*
+3 дауыс
Оттық, шырпы, шақпақ, ал негізі сіріңке).
))Шақпақ деп қай өңiрде айтылады.
Белгісіз
Жамбыл жақта болар...
+2 дауыс
Түсінуге болады)))
+1 дауыс
Оралскіде шекерді қант дейді, мен өзім ақтөбелік шекер дим, ал шемішкіні шемекі дейд, не зат дейд сосын,  алматылықтарға біздің сөйлегеніміз қаттылау ма, бершиш,алшиш,койшиш дейміз,берсей,алсай,койсай деп сөйлейді екен.  Шымкенттіктер әпке,апше дейма, біздер апа дейміз, апа деген аже емеспа деп күлгені бар бір шымкенттік досымның.
...