0 дауыс
753 көрілді
Шығыс Қазақстан жеріндегі ескерткіштер

1 жауап

0 дауыс

Алтай ескерткіштері.  Бұл көне дәуір ескеркіштері. ХVІ  ғасырдың  басынан зерттеле бастады. 1713 жылы көне зираттарды тонаушылар ұрлаған асыл бұйымдар Ресей патшасы Петр І- ге жетіп, тұңғыш рет “Петр І- нің Сібір коллекциясы” аталған археологиялық коллекция жасалынды. Сол бұйымдар қазіргі уақытта Санкт- Петербургтегі Эрмитажда қымбат экспонат ретінде сақтаулы. Осы кезеңде Алтай жеріне географиялық эспедициялар жіберіле бастады. Оларға саяхатшы ғалымдар Г.Ф.Миллер (1733 және 1744). П.С.Паллас (1770) жетекшілік етеді. Миллер өлкедегі тарихи ескерткіштер туралы тұңғыш еңбек жазып, Ресей және Еуропа елдеріне паш етті. 1865 жылы түрколог- ғалым В.В.Радлов Бұқтырма өзенінің бойында Берел жазығында ерте темір дәуіріне жататын Берел обасын қазып, зерттеді. 1911 жылы А.В.Андриянов батыс Алтайда Черновая, Солнечные Белки, Майәмір деген жерлерде көшпелілер обаларын ашты. 1927 жылы С.И.Руденко Қатынқарағайда, 1956-65 жылдары С.С.Сорокин Берел, Күрт; Қатын, Құмай маңында, 1997 жылдан бастап Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекші З.Самашев) Берел обаларынан алғашқы темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеді.


Алтай ескерткіштерін жерлеу дәстүріне, табылған бұйымдар ескерткіштеріне қарай хранологиялық жағынан төрт кезеңге бөлуге  болады:  Күрті (б.з.б. 7-8 ғасырлар), Майәмір (б.з.б. 7-6 ғасырлар), Пазырық (б.з.б. 5-3 ғасырлар) және Құлажорға (б.з.б. 3- б.з.-дың 1 ғасырлары) кезеңдері.


Күрті (Бұқтырманың жоғарғы саласы) бойындағы обаларда мәйіт сол жақ қырына, аяқ- қолын бауырына бүктеп жатқызылған. Басы солтүстік батысқа қаратылған. Мәйіттің аяқ жағынан жылқы таңқалары табылды.


Майәмір (Нарын өзенінің жоғарғы жағы) обаларында мәйіт шалқасынан, аяқ қолы созылып жерленген, лақат қабырғалары ағашпен шегенделіп, төбесі бөренелермен жабылған. Зират тас үйіндімен қоршалған. 1997 жылы Майәмір тұсынан 45-50 жасында қайтыс болған әйел адам қаңқасы жанында қорамсаға салынған қола жебе ұштары т.б. заттар табылды. Радиокарбондық анықтау бойынша бұл әйел б.з.б. 803 жылы қайтыс болғаны дәлелдеді. Оның бет әлпетінде Еуропа және Маңғол нәсілдерінің араласу белгілері бар.


Пазырық (немесе Берел) кезеңіндегі зираттардан табылған бұйымдар бұл дәуірде қола мен мысты темір ығыстырғанын, зергірлік өнердің біршама дами түскенін көрсетеді.


Құлажорға )Шығыс Қазақстан ) кезеңі Пазырық үлгілерінің жаңа сатыдағы жалғасы болып табылады. Обалардан адам сүйегімен бірге аңдар  нақышымен өрнектелген көне петроглифтер көптеп табылды. Солардың ішінде бұғының, бүркіттің, таутекенің бейнелері тартымды берілген.


Алтай ескерткіштері бұл өңірде мәдениеті, шаруашылығы, діни нанымдары ортақ этностар жайлағанан, Алтайдағы сақ мәдениетінің  алғашқы қалыптасу орталығы болғанын көрсетеді.


Толық ақпарат.
...