+3 дауыс
4.3k көрілді
Режиссер болу үшін не қажет? Қалай ойлайсыздар?

11 жауап

+5 дауыс
Ниеттену керек,ол үшін бағаң жоғары болу керек
Ияя ниет болу керек...
Рахмет Заманбек
+4 дауыс
Күшті идея керек шығар мүмкін!!!
+3 дауыс
режиссер болу үшін идея, жоспар құру ниет, жігер жалпы коптеген қасиеттер қажет қо.
Менің сұрағым келгені режиссерлық еңбектерді алатын қазақша сайт барма? аздап жазғандарым бар еді)))
+5 дауыс
Адамдармен жұмыс істей алуың керек. Бірден қағып алатындар бар, бірдеңенің иісі мұрнына бармайтындар бар, солардың бәрінің тілін табуың керек болар).
+3 дауыс
Ең бірінші ақыл керек. Сонда ақылға салу арқылы сұрақ-жауапқа жазу арқылы режиссер болудың мүмкіндігі өте төмен екендігін бірден білер едің. Білім керек екенін түсініп оқуға ден қояр едің. Міне ең керектілер осылар.
+2 дауыс
Режиссёр болу үшін шыдамдылық, төзімділік, ақыл, білім, фантазиялық қабілет, адамдармен тез тіл табыса алу, оларды тыңдата білу, өз ісіңе деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік керек. Айтайын дегенім, режиссёр - оңай мамандықтардың бірі емес) Жұмыс барысында әр түрлі қиындықтарға, жүйке күйзелісіне тап болуыңыз ғажап емес. Фильмнің немесе белгілі бір қойылымның (спектакль) сәтті шығуы үшін түн ұйқыңызды төрт бөліп, қалың ойға шомыласыз, жұмысыңыздың жемісті болуына ат салысасыз, әртістердің рөлді жақсы ойнап шығуы үшін қолыңыздан келгенін жасайсыз. Алайда, фильм түсіріліп болған соң атақ-даңқтың барлығы рөлді сомдаған әртістердің еншісінде болады (көп жағдайда осылай). Осындай жағдайларда "қолын бір сілтемей", өз ісінің маманы екеніне өзгелердің көзін жеткізу керек!
+2 дауыс
Ең бірінші талант керек...................... ол өнер ғой!!!!!!!!!!! Қанша жерден ниетің болып, идеяң толып жатса да, қанша ақылың, жауапкерішілігің болса да талантың болмаса режиссер бола алмайсың, мысалы ақын болу үшін не істеу керек деген сұраққа жауап іздеп қараңдаршы...........
Келісемін Мәке,бірақ ақылы жоқ адам талантының бар немесе жоқ екенін де түсінбейді емес пе?
+2 дауыс
-Кино түсіруге деген зор құлшыныс;
-Түсіретін киноңның идеясына байланысты сценаристі дұрыс таңдау білу қабілеттілігі, дарындылығы;
Бұл жауабым сұрағыңның түпкі мағынасына келмей тұр, бірақ керек болар деп жаздым.
0 дауыс
режиссер болу үшін өмірлік тәжірибе керек.
0 дауыс
Режиссер болу үшін аса қажеті талант,шыдамдылық,мамандығыңа деген сүйіспеншілік.Ол оңай мамандық емес.Әр мамандықтың қиынымен жеңілі бар.Бұл мамандықты таңдасаңыз сіздің қиялыңыз ұшқыр болуы керек.Қиялдау қажет.Ойыңды толық жеткізе білуің қажет.Сценариді де өзіміз жазсақ..міне сонда нағыз режиссер.Ол режиссер болу деген қағазға шимайлап қиялдап үнсіз отыру емес.Өз ойыңды айқын,дөп түсіп айту.Әріптестеріңмен жақсы қарым-қатынаста болып,ойыңдағы,қиялыңдағы туындыны жарыққа шығару.Әй,режиссер біз деген өмірді сомдаймыз.Иә..біз көп қиялдаймыз.Оның өзі біздің жетістігіміз.Өмірдегі болып жатқан оқиғаларды кино қылып шығарудың өзі оңай емес.Оғанда төзімділік қажет.
0 дауыс
Режиссер деген ол өмірдегі болып жатқан оқиғаны кино қылып түсіретін адам
...