Мамандық | 1k қаралды
1k қаралды
Мен сегізінші сыныпта оқимын. Режиссер болғым келеді. Режиссер болу ушін не білу керек? Көмектесіңіздерші.

2 жауап

Француздың белгілі режиссері Трюффо режиссер болу үшін ең бірінші басыңда ақылың болу керек депті. Сол үшін де жастарға көбірек оқу керек. Режиссер мамандығын бітіріп, диплом алу, ештеңе шешпейді. Бұл жерде көп еңбектеніп, өз бетіңше ізденіп, оқып үйренуің керек. Режиссер мамандығының басқа өнер иелерінен айырмашылығы жер мен көктей. Мен ақын-жазушыларға қызығамын. Қабілетің болса, жайлауға бар да, қымыз ішіп алып, аспанға қараймын, жұлдызды санаймын деп, өлең шығарып қарныңды сипап жата бер. Рахат. Ал режиссер болса, сценарийді өңдеу керек. Одан кейін әртістермен жұмыс жасайсың. Оларды дайындайсың. Түсіру алаңындағы жұмыс. Сосын монтажы бар, дубляжы бар, тағысын тағы дегендей. Режиссура тек творчестволық мамандық емес, бұл жерде үлкен ұйымдастырушылық қабілет қажет. Егер бір жерден ағаттық кетсе, ертең киноң сәтсіз шығады. Сондықтан бұл үлкен жауапкершілікті қажет етеді.
Ммм ЖЖ беру керек саған  лайықты!
Рахмееееет..................
Белгісіз
Ең бірінші ақыл керек режсер болуға
118,505 сұрақ
305,570 жауап
153,302 пікір
67,985 қолданушы