Режиссёр болу үшін шыдамдылық, төзімділік, ақыл, білім, фантазиялық қабілет, адамдармен тез тіл табыса алу, оларды тыңдата білу, өз ісіңе деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік керек. Айтайын дегенім, режиссёр - оңай мамандықтардың бірі емес) Жұмыс барысында әр түрлі қиындықтарға, жүйке күйзелісіне тап болуыңыз ғажап емес. Фильмнің немесе белгілі бір қойылымның (спектакль) сәтті шығуы үшін түн ұйқыңызды төрт бөліп, қалың ойға шомыласыз, жұмысыңыздың жемісті болуына ат салысасыз, әртістердің рөлді жақсы ойнап шығуы үшін қолыңыздан келгенін жасайсыз. Алайда, фильм түсіріліп болған соң атақ-даңқтың барлығы рөлді сомдаған әртістердің еншісінде болады (көп жағдайда осылай). Осындай жағдайларда "қолын бір сілтемей", өз ісінің маманы екеніне өзгелердің көзін жеткізу керек!