+5 дауыс
664 көрілді
Осы оқиғаның тiрi куәсiмiн. Халық қырғынына билiк кiнәлi.Үкiмет ашықтан ашық заңсыздықтар жасады. Төзiмi таусылғандықтан, шарасыздықтан Үкiметке наразылық бiлдiрген халықты қырғаны былай тұрсын, БАҚ та "бұзақылар" деп жариялады.Назарбаев өз сөзiнде осы мәселе жайында түсiнiк берген болып сөйлеген болды, бiрақ мәселенiң қалай басталғаны жайында әнгiме қозғаған емес.Мен бiлетiн Адайлар ендi қарап қалмайды, Адайлар табиғатынан отансүйгiш, әдiл, бiрақ кекшiл халық. (Руға бөлгенiм емес. Расында Маңғыстау халқының басым көпшiлiгi Адай руынан болғандықтан көпшiлiк осы өңiрдегiлердi қысқаша "Адайлар" деп атайды). Мен әрине халық қайта көтерiлсiн деп тiлеп отырғаным жоқ, бiзге бейбiтшiлiк керек. Сiздер қалай ойлайсыздар, Жаңаөзендегi оқиға қайталануы мүмкiн бе?
Сұрақтың жабылу себебі: Сұрақ өз уақытында жетерліктей талқыланған.

8 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Қайталануы мүмкін сияқты. Егер билік берген уәделерінен тайқымаса, сол жердің проблемаларын толық шешсе, мұнайшылардың талабын дұрыс қараса - шешілетін еді. Бірақ, қазіргі біздің билік шешуге құлықты емес, жоғарыдағылар былыққа белшесінен батқан, жаппай коррупция, жұмыссыздық көп, әлеуметтік мәселелер шешілмеген. Бұл тек Өзенге тән емес, еліміздің көптеген қалаларында бар, бірақ, осы қалада теңсіздік көп. Инфрақұрылымдар жоқтың қасы, ақша бөлінбейді. Жаздың аптап ыстығында, қыстың қақаған суығында, өкпек желінде жүрген мұнайшылар талабы дұрыс. Еңбек дауын шеше алмаған үкіметке енді саяси талап қоямыз дегенде, билік арандату жасап, кінәсін халыққа жапты, атты, енді көшеде асу қалды.
Ең сорақысы, сол дауды шеше алмаған адам - қайта орнында отырды. Абсурд!
Демек, қайталануы мүмкiн деп ойлайсыңғо. Сенiң ойыңша барлық сауатты патриоттар жиналып жұмыстанса қоғамдағы кемшiлiктер бейбiт жолмен шешiлуi мүмкiн бе? Бұл жағынан қандай пiкiр айтасың?
Белгісіз
Бұл дауды шешуге сауатты патриот болмай-ақ та бейбіт жолмен шешуге болатын еді ғой. Олардың сұрауы - аймақтық коэффициентті дұрыс есептеу, сол бойынша айлықтарын алу еді. Іс жүзінде Астанада басқаша, ал Өзенде басқаша төлеп отырған.
Билік басына дені дұрыс адам келіп, Ата заңымызды толық сақтап, демократиялы, зайырлы, заңдары дұрыс жұмыс жасайтын елге айналдырса - халық көшеге шықпас еді. Осы Өзен оқиғасы сол мұнайшыларды заңды тануға үйретіп кетті, олар қазір өз құқықтарын қорғай алады, бірақ бізде заң бір кісіге қызмет етеді. Қазіргі система толық құламай, толыққанды демократия болмайтын шығар.
+4 дауыс
Енді қайталанбайды деп ойлаймын!!!
+3 дауыс
Қайталанбаса деп тілейік! Бір мінездеріңізді көрсеттіңіздер,нәтежесі болар деген сенімдемін! Сабырлық ағайын,сабырлық!!!
+6 дауыс
Түріктер ешқашан қазақ жеріне билік ете алмайды.Сондықтан да олар басылып өздері тыныш жүрсе ешқандай соғыс болмайтынына сенімдімін.
+1 дауыс
ҚАЙТАЛАП НЕ КЕРЕГІ БАР? БОЛДЫ ҒО БӘРІ БІТТІ ӨЗБЕКТЕР ҰҚСАП ШЕТЕЛГЕ ШЫҒЫП ҚҰРЫЛЫСТА ҚОР БОП ЖҮРГЕН ЖОҚ ҚО ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ НЕ ЕКЕНІН БІЛМЕЙТІН АҚЫМАҚТАРДЫҢ ІСІ ҒО.......... ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМІЗДӘҢ ЖИЫРМА ЖЫЛДЫҒЫНА ТАРТҚАН ТАРТУЛАРЫ СОЛ МА?
Бұл сенiң жеке пiкiрiң, дегенмен сенiң оқиғаның мән жайынан хабарың аз сияқты. Қайталау керек па немесе керек емес па деген сұрақ қойылған жоқ. "Қайталануы мүмкiн ба?" деген сұрақ қой бұл.Жауап жазбас бұрын терең ойлануың керек. Оқиға қалай басталып, қалай аяқталғанын iзденiп, зерттеп көрмегенiн бiлiнiп тұр.Бұл ой мен тiлдiң құнсыздығын бiлдiредi. Республикалық мәнi бар мәселе ғой, барлық халыққа бейбiтшiлiк керек ол рас. Бiрақ Жаңаөзендiктердi кiнәлауға болмайды. Ол осы сайтта қозғалған тақырып. Ал бүгiнгi тақырып басқаша. Бiрақ айтқандарыма ренжiме бұл да менiң жеке пiкiрiм. Бiрақ ақиқатын айтқанды жаным сүйедi.Мықты саясаткерлерден жауап күтемiн.
Белгісіз
ай яй яй мен көрдім концертті, ғимараттарды өртеген сол тірліктері дұрыс па?
Ия, дұрыс. Е, оңбаған сөйлемеш, болды. Менiмен қай жағынан сынасқың келсе де дайынмын. Дәрменiң жетсе алдымен хат жаз.:
mеdеt2@mаil.ru сыймайтын жерге басыңды тықпа бауырым, арам өлесiң. Қазiргi тiршiлiгiңе разы болып, қолыңнан келмейтiннен алшақ жүршейш.Ақылға келiп, орыныңды бiл сайқымазақ. Маған ақыл айтпа, өмiрден тәжiрибе жина.
Белгісіз
Монитордың артында отырып батыр болмасай саған айтарым. Сынасам дейсің мен сен сияқты қаруым клавиатура емес. Сынасқың келсе дайынмын...
өшіп қалш
Белгісіз
TOKTAR  сен сол кезде Жанаозенде болган жоксын козинмен кормесен сойлеме, ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМІЗДӘҢ ЖИЫРМА ЖЫЛДЫҒЫНА ТАРТҚАН ТАРТУЛАРЫ СОЛ МА? дейсин онда олар неге 7 ай бойы далада жатканда басшылардын биреуи келип шешип бермет
+2 дауыс
Қайдан, халық жасқанып қорқып қалды. Назарбаев тұрғанда бола қоймас.
+2 дауыс
біріншіден жаңаөзендегі жағдай не себепті болғанын есімізге түсіре кетейік, Қазақтың мұнайы қытайға тегін кетіп жатыр, бұлай жалғаса берсе елімізде шикізат қоры мүлдем таусылып бітеді.Оның үстіне жұмысшыларды себепсіз жұмысынан айырып, қалғандарының жалақысын төлемеген. әрине барлық кінә әділетсіз басшыларда ғой. егерде құзырлы органдар халыққа оқ ататын болса , онда түптің түбінде біздің елімізде Египет,Ливия,Алжир,Сирия сияқты елдерде болған толқулар қайталанады.........
Орынды жауабың үшiн рахмет!
Белгісіз
дурыс айтасын
0 дауыс
көтеріліске шыққан мұнайшылыр емес),мұнайшылар болса өз киімдерін киіп шығып нелері бар,прост мұнайшылардын атын жамылып шыққандағы,7 ай бойы жалақы алмаған қарапайым жұмысшыларр оқ дәрі алуға қайдан ақша алсын?әйбіздер Назарбаевты бекер мақтаймыз-ау!
...