+3 дауыс
243 көрілді
......

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Менің ойымша, қазақша сайттар көп болғанымен, қолданушылары белсенді емес. Бұлай айта салу кез-келгеннің қолынан келед)))

Және тағы, қазір көп адамдар техникалық сайт ашқылары келіп жүр, оларға мынадай ұсыныс жасағым келеді: жақсы ойын/техника туралы мықты журналдар бар ғой, мысалы ИгроМания, Страна Игр деген сияқты, сондай журналдардың әкімшілігімен келісіп қазақ тілінде шығарса аударып. Себебі, қазақша техникалық сайт ашу керек болғанымен, бізде мұндай технология дамымаған. Сондықтан да, тағы себептермен біз әрқашан мақалаларды аударумен айналысамыз. Сонда, баяғыда уақыты өтіп кеткен материалды аударып ілген де тиімсіз болуы мүмкін. Анадай журналдар соңғы технологияның жаңалықтарын аңдып отырады. Және оқырмандарын жақсы қанағаттандырады. Өзім аздап қана оқимын, ал менің досым ондай журналдарды ай сайын сатып алады. (Үйінен бір мәшине журнал шығад шкафтарын қопарса))) ) Жаңалықтары тың әрі үнемі жаңарып отырған материал әрқашан да сұранысқа ие. Жақсы техникалық сайт өзіміз ашамыз десек, алдымен осылай үлгі алу керек сияқты. Ғылым ұлтқа қарамайды, сондықтан орысша/ағылшынша деп именетін оқырман жоқ шындығында.
Азаматсың!
+1 дауыс
Әрине өте аз ғо))(
0 дауыс
Көбейту керек және саны бар сапасы жоқ болған да жаман. Кез-келген нәрсе неге орыс тілінен аударылумен ғана жүреді
...