Сіздің сұрағыңыз дұрыс емес: "Бәсекеге қабілетті ел", "Дамыған ел" екеуі екі түрлі ұғым
"Дамыған ел" деп қандай елдерді айтады, қысқаша түсіндіріп кетсем: бұл бір елдің көптеген экономикалық, әлеуметтік , саяси жағдайларына қарап айтылатын түсінік, мысалы: мемлекеттік жан басына шаққандағы ішкі өнімі, күнелтіс деңгейі (инфляция, тауар бағасы), денсаулық сақтау саласы (орташа өмір сүру жасы, бала өлімі т.б.), білім беру саласы (халық сауаттылығы, білім алу бағасы, оның қол жетімділігі т.б.), осылар сияқты көптеген критерилерге қарап өлшенеді (тіпті ауыз судың тазалығы, мәдени ошақтардың көптігі кинотеатр, клуб деген ұсақ-түйектер де есепке алынады). Қазақстан дамыған елдердің қатарында 103 орында (2010 ж)
Ал, "Бәсекеге қаблетті" деген ұғым, мүлдем басқа түсінік, бір елдің шығарған тауарлары әлемдік деңгейде өтімділігі, мысалы Қазақстан автокөлік шығаратын болса ол, әлемдік Мерс, Тойота сияқты автокөліктермен қатар тұрып, алушы ойлану керек қайсысын алам деп, (өзімнің де күлкім келіп кетті), Қазақстан бұл жағынан 70 орынның шамасында жүр еді (2009 жылы) одан кейін хабар жоқ, сірә төмен түсіп кеткен болармыз, айтылмай кетті
Сонымен сұрағыңызға келсек, мен "тарих" кінәлі деп жауап берер едім